"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК мен "УРАНГЕЗЕЛЬШАФТ" мбХ арасындағы 2000 жылғы 1 қыркүйектегi уран концентраттарын сатып алу мен сату келiсiмiнiң шарттарына сәйкес табиғи уранның шала тотық-тотық түрiндегi (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) 100 000 (+/-1%) кг U мөлшерiндегi уран концентратының экспортына рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-на осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасынан уран өнiмiнiң экспортына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
Кеден комитетi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом
энергетикасы жөнiндегi комитетi осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген
өнiмнiң экспортын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.