"Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқару, мұнай өндiретiн салаға қосымша инвестицияларды тарту, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетiн арттыру тетiгi арқылы республика экономикасының жекелеген салалары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) заңнамада P990659_ белгiленген тәртiппен "Ақтөбемұнайгаз - СНПС" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 25,12 пайыз мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алу және оқшаулау құқығынсыз уәкілетті органмен келісім бойынша оларды тиісінше басқару мақсатымен сеніп берілген мүлікпен өзге де іс-қимыл жасау құқығымен 5 (бес) жыл мерзiмге отын-энергетикалық кешенде, соның iшiнде мұнайгаз саласында үлкен активтерi мен өндiрiстi басқару тәжiрибесi бар Тюмень мұнай компаниясының iрi акционерi "Access Industries" компаниясына сенiмгерлiк басқаруға берудi жүзеге асырсын;
2) сенiмгерлiк басқаруға беру шартының талаптарында сенiмгерлiк
басқарушының:
көмiрсутек шикiзатын өндiру мен сатудың, соның iшiнде экспортқа,
көлемiн ұлғайту, қосымша инвестициялар тарту;
табиғат қорғау бағдарламасы мен жұмыс орындарының қолда бар санын
сақтауды қамтитын әлеуметтiк бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру
жөнiндегi мiндеттемелерін көздесін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.13. N 347
қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.