Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық ансамбль) құрылсын.
2. Орталық ансамбль штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері штаттық санының лимиті шегінде 185 бірлік мөлшерінде
бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен:
1) Орталық ансамбльдің жарғысын бекітсін және оның әділет
органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде Орталық
ансамбльді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Құпия.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.