1. "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 P991854_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 528-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережеде:
2-тармақтағы "Орталықтан төленетiн ең аз зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ғана арттырылады" деген сөздер "Орталықтан төленетiн 10000 теңгеден аспайтын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арттырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi өткен жылғы ең аз зейнетақы мөлшерiнен тұтыну бағаларының болжамдық орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген сомаға арттырылады.";
6-тармақта "ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн" деген сөздер
"зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын. 7-тармақ алынып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Арттырылған ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiнен кем болатын зейнетақы төлемдерiнiң толық емес көлемiндегi мөлшерi, Орталықтан төленетiн арттырылған ең аз зейнетақы төлемінен нақты еңбек стажына барабар белгіленеді.". 2. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.