Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
заңнамада
белгіленген тәртіппен "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік
қоғамы екі ЭйрБас А-310-300 (сериялық нөмірлері 399 және 412) әуе
кемелерінің қаржылық лизингіне байланысты құралған берешекті өтеу үшін
екінші деңгейдегі банктен тартылып отырған несие бойынша
"Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кепілдік беруін
қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.