Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы темiр жол көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп эстондық тараппен көрсетiлген Келiсiмге қол қою туралы келiссөздер жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Yкiметiнiң арасындағы темiр жол көлiгі саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге,
оған Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.24. N 544
қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасы
Yкiметiнiң арасындағы темiр жол көлiгі саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Эстон Республикасының Үкiметi,
тең құқылы әрiптестiк пен өзара сыйластық қағидаттарын негiзге ала
отырып,
екi мемлекеттiң темiр жол көлігi жұмысын үйлестiруге маңызды мән бере
отырып,
жүктер мен жолаушылардың екi мемлекеттiң арасындағы тiкелей
халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзиттік
тасымалдауды дамытудың ерекше маңыздылығын тани отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
"Тараптардың құзыреттi органдары":
Қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi;
Эстондық тараптан - Эстон Республикасының
Көлiк және байланыс
министрлiгi.
"темiр жол әкімшiлiктерi":
Қазақстандық тараптан - "Қазақстан темiр жолы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны;
Эстондық тараптан - Құзыреттi орган уәкiлеттік
берген темiр жол кәсiпкерiнiң
әкiмшiлiгi.
Құзыреттi органдар мен темiр жол әкiмшiлiктерiнiң атаулары өзгерген
жағдайда, Тараптар бұл туралы кiдiрiссiз құлақтандырады.
"қызмет персоналы" - екi мемлекеттiң темiр жол
көлiгiнiң осы Келiсiмнен
туындайтын мiндеттерiн тiкелей
орындаушы қызметкерлерi
(лауазымды тұлғалар).
2-бап
1. Тараптар темiр жол көлiгi саласында өндiрiстiк, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы тiкелей халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдарды одан әрi дамыту және жетiлдiру жөнiнде қажетті көмек көрсетедi.
2. Тараптар тиiстi мемлекеттердiң аумақтарында қызмет персоналының бiлiктiлiк куәлiктерiн өзара таниды.
3-бап
Тараптар белгiленген тәртiппен Тараптардың құзыретті органдарына және темiр жол әкiмшiлiктерiне осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асырудың нақты жағдайларына қолданылатын тәптiштелген тәртiбiн көздейтiн шарттар жасасуға өкiлеттiк бередi.
4-бап
Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы тiкелей халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған тарифтердi белгілеу қағидаттары, олар қатысушылары болып табылатын, темiржол көлiгi саласындағы халықаралық шарттар негiзiнде анықталады.
5-бап
Екі мемлекеттiң арасындағы тiкелей халықаралық темiржол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау үшiн, сондай-ақ жүк вагондары мен контейнерлердi бiрлесiп пайдаланғаны үшiн темiр жол әкiмшiлiктерiнiң арасындағы есеп айырысулар мен төлемдер тәртiбi жекелеген шарттармен айқындалады.
6-бап
Тараптардың құзыреттi органдары тиiстi мемлекеттердiң аумақтарында тiкелей халықаралық темiржол қатынасы, транзитi үшiн кедергiлердiң туындауы туралы және осы кедергiлердiң жойылғандығы туралы кiдiрiссiз хабарлауды қамтамасыз етедi.
7-бап
1. Тараптардың құзыреттi органдары және темiржол әкiмшiлiктерi өзара келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына өзiнiң қызмет персоналын жiбере алады.
2. Қызмет персоналы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өз мiндеттерiн халықаралық нормаларға, ережелерге және болатын мемлекеттiң ұлттық заңдарына сәйкес орындайды.
8-бап
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындаған
кез келген дау Тараптардың арасындағы тiкелей келiссөздер мен
консультациялар арқылы шешiледi.
2. Осы Келiсiмге енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы
Келiсiмнiң 11-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн және
оның ажырамас бөлiгі болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.
9-бап
Осы Келiсiм Тараптардың олар жасасқан басқа да халықаралық шарттардан
туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-бап
Осы Келiсiм мерзiмi белгiленбей жасалады және Тараптардың бiрi екiншi
Тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын
жолдаған күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.
11-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi
Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен
бастап 30-шы күнi күшiне енедi.
_____________ қаласында 2001 жылғы "____"__________ әрқайсысы қазақ,
эстон және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық
мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң мәтiнiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған
жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Эстон Республикасының
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.