Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісім* *(2001 жылғы 2 ақпанда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 1, 4-құжат) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес,
1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияны, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Консулдық конвенцияны басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының консулдығын Ресей Федерациясының Астрахань қаласында ашады және Ресейлік Тарап Ресей Федерациясының Консулдығын Қазақстан Республикасының Орал қаласында ашады.
2-бап
Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының консулдық округінің құрамына Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов және Оренбург облыстарының аумақтары енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Орал қаласындағы Ресей Федерациясы консулдығының консулдық округінің құрамына Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумақтары енгізілсін.
3-бап
Тараптар, құрылатын Консулдықтар қызметтерін Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын консулдық қатынастар саласындағы халықаралық келісімдерге сәйкес тіркелетін мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидаттарын қатаң түрде сақтай отырып, өз құзыреттері шегінде жүзеге асыратынына сүйенеді. 4-бап Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 5-бап Осы Келісімнің ережелерін іске асыруда даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады. 6-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді
Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісімнің қолданыста болуы оның күшін тоқтату ниеті туралы Тараптардың бірінің жазбаша хабарламасын екінші Тараптың алған күнінен бастап алты ай өткеннен соң тоқтатылуы мүмкін. Астана қаласына 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.