Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген заңгері Ю.А. Кимді мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының әкімі:
1) Ю.А.Кимге ескерткіш құлпытас орнатсын;
2) белгіленген тәртіппен Алматы қаласы көшелерінің біріне Ю.А.Кимнің
есімін берсін;
3) Алматы қаласының Зейін Шашкин көшесіндегі 36а тұрғын үйге
ескерткіш тақта орнатсын.
2. Алматы қаласының әкіміне ескерткіш құлпытасты жасау мен орнату
және Ю.А.Кимді мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шаралар бойынша шығыстарды
қаржыландыруды 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат
есебінен және шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.