Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының қолда бар жерлері мен олардың
пайдаланылуы туралы 2000 жылғы 1 қарашадағы жиынтық есебі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігі облыстардың өкілдерімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен
2001 жылдың аяғына дейін егістік жерлерді түгендеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.