Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 193 P990193_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 55-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) тақырыптағы және 1-тармақтағы "1999-2000 жылдарға арналған" деген сөздер "1999-2002 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жыныстық жолмен берiлетiн
аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2000
жылдарға арналған бағдарламада:
тақырыптағы "1999-2000 жылдарға арналған" деген сөздер "1999-2002
жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.3. "Терi-венерологиялық мекемелердiң қажеттi материалдық-техникалық
базасын қамтамасыз ету, медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек көрсету
жөнiндегi iс-шаралар" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.3.1-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың IV
тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3.3.4-жолда:
4-бағандағы "Ұдайы" деген сөз "2001 жылдың iшiнде" деген сөздермен
ауыстырылсын;
3.4. "Бiлiм беру кешенiнiң iс-шаралары" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.4.2-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың
I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.10. "Қазақстанда ЖЖБА диагностикасын, терапиясын, алдын алуын
жетiлдiру бойынша iс-шараларды зерделеу мен әзiрлеу саласындағы медицина
ғылымының мiндеттерi" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 3.10.1, 3.10.2, 3.10.3, 3.10.4-жолдарда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың
I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.11. "Ақпарат және халықаралық ынтымақтастық саласындағы мiндеттер"
бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.11.2-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың III тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың
iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.