Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679 заң күшi бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 3 сәуiрде Иерусалим қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Израиль Мемлекетi Yкiметiнiң арасындағы кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Израиль Мемлекеті Үкіметінің
арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара
көмек туралы
Келісім
(2001 жылғы 16 сәуірден бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетінің Yкiметi,
кеден заңдарын бұзу Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық, фискальдық және коммерциялық мүдделерiне нұқсан келтiретінін тани отырып;
тауарлардың импорты мен экспорты кезiндегi алынатын кедендiк баждарды, салықтарды және басқа да алымдарды дәлме-дәл бағалауды қамтамасыз етудiң, сондай-ақ олардың шыққан жерiн, топтастырылуын және құнын дәл анықтаудың және тыйым салуды, шектеулер мен бақылауды тиiстi дәрежеде қамтамасыз етудiң маңыздылығын назарға ала отырып;
есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың контрабандасы халық денсаулығына және қоғамға қатер төндiретiнiн ескере отырып;
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден заңдарын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттiлiгiн тани отырып;
кеден заңдарын бұзуға қарсы күрес кеден қызметтерінің ынтымақтастығы кезiнде анағұрлым тиiмдi болатындығын есте ұстай отырып;
1953 жылғы 5 желтоқсандағы Әкiмшiлiк өзара көмек жөнiндегi кедендiк ынтымақтастық Кеңесi ұсыныстарының ережелерiн назарға ала отырып;
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1. "кеден заңдары" кедендiк баждарды, салықтарды және басқа да алымдарды өндiрiп алуға жататын тауарларды шеттен әкелудiң, шетке шығарудың, транзиттеудiң, сондай-ақ мемлекеттiк шекаралар арқылы тауарлар айналымына тыйым салулар мен шектеулердi белгiлеудiң және бақылаудың басқа да әдiстерiнiң тәртiбiн реттейтiн Тараптар мемлекеттерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жиынтығын бiлдiредi;
2. "кеден қызметтерi" - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiн, Израиль Мемлекетiнде - Қаржы министрлiгінің Кеден және қосымша құнға салық департаментiн білдiредi;
3. "кедендiк бұзушылық" кеден заңдарын бұзушылықтың кез келген түрiн немесе бұзушылыққа әрекеттенудi бiлдiредi;
4. "сұрау салушы кеден қызметi" - осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салуды жасайтын немесе осындай көмектi алатын кеден қызметi;
5. "сұрау салынған кеден қызметi" - осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салуды алатын немесе көмек көрсететiн кеден қызметi;
6. "ақпарат" inter-alia жауаптарын, жазбаларды, құжаттарды, оның iшiнде олардың электрондық тасымалдаулардағы түрлерiн, сондай-ақ олардың куәландырылған көшiрмелерiн бiлдiредi;
7. "бақыланатын жеткiзiлiм" есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары тұлғаларының рұқсатымен және бақылауымен есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың партияларын Тарап мемлекетiнiң аумағына шеттен әкелуге, транзитпен алып өтуге немесе шетке шығаруға жол берiлетiн әдiстi бiлдiредi;
8. "тұлға" жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
2-бап
Көмек көрсету аясы
1. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес кеден қызметтерiнiң құзыретiне жататын кеден заңдарын кез келген бұзушылықты болдырмауда, жолын кесуде, айыптауда және тергеу жүргiзуде бiр-бiрiне көмек көрсететiн болады. Осы Келiсiмде көзделген көмек сұрау салынған Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес көрсетiледi.
2. Осы Келiсiмде көзделген көмек, кеден заңдарын қолдануды қамтамасыз етуге қабiлеттi ақпарат алмасуды, кеден баждарын және салықтарды дәлме-дәл есептеудi және Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерiнiң тауарлардың топтастырылуын, құнын және шыққан елiн дұрыс анықтауды қамтитын болады.
3. Тараптардың кеден қызметтерi кеден мәселелері бойынша бiр-бiрiне техникалық көмек көрсетедi. Мұндай көмек:
а) кеден қызметi қызметкерлерiн үйретудi және арнайы дағдыларды дамытуға ықпал етудi;
б) бақылау мен табудың техникалық құралдарын қолдануда ақпарат және тәжiрибе алмасуды;
в) контрабандаға қарсы күрес, кедендік бақылау мен табу мәселелерi бойынша тәжiрибелерi бар сарапшылармен алмасуды;
г) кеден заңдарына, кеден ережелерi мен рәсiмдерiне қатысы бар кәсiби, ғылыми және техникалық мәлiметтермен алмасуды;
д) Тараптардың кеден қызметтерi қажеттi деп санайтын кез келген басқа да техникалық көмектi қамтиды.
4. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың кеден қызметтерінің арасындағы өзара көмектi қамтамасыз ету үшiн ғана арналған. Олар жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да куәгерлiк жауаптарды алуға, жасыруға немесе жоққа шығаруға, сондай-ақ сұрау салуды орындауға кедергi жасауға байланысты құқықтар бермейтін болады.
3-бап
Құпиялықты сақтаудың міндеттемелері
1. Өзара көмек көрсету нәтижесiнде алынған ақпарат, сұрау салулар және басқа да мәлiметтер сот және әкiмшілiк iстерiн қарауға қолдануды қоса алғанда, тек осы Келісіммен анықталған мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Мұндай ақпарат, сұрау салулар және басқа да мәлiметтер оларды берген кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана басқа мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
2. Осы Келiсiмге сәйкес алынған кез келген ақпаратқа, сұрау салуларға және басқа да мәлiметтерге алушы елде өз аумағында алынған оның осындай ақпаратты, сұрау салуларды және басқа да мәлiметтердi әйгілемеуге қатысты тап сондай қорғалу дәрежесi беріледi.
3. Сұрау салушы кеден қызметi осы Келiсiмге сәйкес алынған куәгерлiк жауаптарды немесе ақпаратты сұрау салынған кеден қызметiмен алдын ала келiсусiз, сұрау салуда көрсетілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланбайды.
4-бап
Көмек көрсетуден бас тарту
1. Сұрау салынған Тарап сұрау салуды орындау оның егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, мемлекеттiк саясатына немесе басқа да маңызды ұлттық мүдделерiне нұқсан келтiруi немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияларын бұзуға әкелiп соғуы мүмкiн деп санаған жағдайда, сұрау салуды орындаудан бас тартады немесе ол белгілі бiр шарттарды немесе талаптарды сақтаған жағдайда бас тартады.
2. Тергеу айыптау, немесе басқа да сот немесе әкiмшілiк iстерiн қарау процесiне ықпал етуi мүмкiн деген себеппен сұрау салынған кеден қызметi сұрау салуды орындауды кейiнге қалдыруы мүмкiн. Мұндай жағдайда сұрау салынған кеден қызметі сұрау салушы кеден қызметiмен сұрау салынған кеден қызметіне қойылған шарттарға және мерзiмге сәйкес мұндай көмек көрсету мүмкiндiгi туралы консультациялар өткiзедi.
3. Егер сұрау салушы кеден қызметi өзi көрсете алмайтын көмектi көрсету туралы өтiнiш жасаған жағдайда, өзiнiң сұрау салуында ол осы мән-жайды көрсетедi. Мұндай сұрау салуды орындау сұрау салынған кеден қызметінің қарауына орай жүзеге асырылады.
5-бап
Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
1. Осы Келiсiмге сәйкес көмек көрсету жөнiндегi сұрау салулар жазбаша нысанда жасалады. Сұрау салуларға оларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар қоса берiледi. Төтенше жағдайлар кезiнде ауызша сұрау салулар қабылдануы мүмкін, алайда, олар кiдiрiссiз жазбаша нысанда расталуы қажет.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салуларда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
а) сұрау салушы кеден қызметінің атауы;
б) сұрау салынған кеден қызметiнiң атауы;
в) сұрау салынатын iс-әрекет;
г) сұрау салудың тақырыбы мен себебi;
д) егер белгiлi болған жағдайда, рәсiмге қатысушылардың аты-жөнi, мекен-жайлары;
е) iстiң мәнi және оған қатысты жай-жапсардың қысқаша сипаттамасы;
ж) сұрау салынған көмек пен істi қараудың арасындағы байланыс.
3. Барлық сұрау салулар ағылшын тiлiнде жасалады.
4. Егер сұрау салу осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сұрау салуларға түзетулер немесе толықтырулар енгiзу талап етiлуi мүмкiн, бұл орайда сақтық шараларын қабылдау жоққа шығарылмайды.
6-бап
Байланыс арнасы
1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық тиiстi кеден қызметтерi басшылары тағайындаған қызметкерлердiң арасында тiкелей жүзеге асырылады.
2. Егер сұрау салынған кеден қызметi оның құзыретiне жатпайтын сұрау салуды алатын болса, ол оны тиiстi ведомствоға табыс етедi немесе сұрау салуды орындау үшiн қажеттi рәсiмдер туралы сұрау салушы кеден қызметiн хабардар етедi. Сұрау салу берiлген құзыреттi ведомство оны сұрау салынған Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес орындайды.
7-бап
Сұрау салуларды орындау
1. Сұрау салынған Тараптардың кеден қызметi сұрау салуды осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес орындау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды және ол өз атынан немесе сұрау салушы кеден қызметінің атынан әрекет ететiндей болуы тиiс.
2. Сұрау салу бойынша сұрау салынған кеден қызметi өз құзыретінің шегiнде және сұрау салушы кеден қызметiнiң атынан кез келген қажеттi тергеудi, тексерудi, қадағалап қарауды немесе өз құзыретiнiң шегiнде сарапшылардан, куәгерлерден және кеден заңдарын бұзушылықта күдiктi адамдардан жауап алуды қоса алғанда тергеуді немесе ақпарат жинауды жүргiзедi.
3. Сұрау салу бойынша сұрау салынған кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiнiң қызметкерлерiне өзінің аумағында байланыстырушы буын ретiнде қатысуына және қажет болса, көмек көрсету туралы сұрау салуға сәйкес оларды ақпаратпен және көмекпен қамтамасыз етуге рұқсат беруi мүмкiн.
4. Сұрау салу бойынша сұрау салынған кеден қызметi сұрау салған кеден қызметiнiң лауазымды адамдарының сұрау салушы кеден қызметiне қатысты кеден заңдарын бұзушылықтарды тергеу жүргiзуi кезiнде, сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес осындай тергеулерге тiкелей қатысуды қоса алғанда, олардың сұрау салынған Тараптың аумағында болуына рұқсат бере алады.
5. Сұрау салу бойынша сұрау салушы кеден қызметi сұрау салуды орындау мақсатындағы iс-әрекеттер үйлесiмдi болуы үшiн олардың уақыты мен қолданысы туралы хабарлайды.
6. Кеден заңдарын бұзу фактiсi бойынша тергеу жүргiзуге уәкiлеттiк берілген сұрау салушы кеден қызметiнiң лауазымды адамдары сұрау салынған кеден қызметінің лауазымды адамдарына ақпараттарды тексеру, inter аlіа, тiркеу журналдарын, кiтаптарды және басқа да құжаттар немесе хат-хабарларды тексеру, қаралатын iске қатысы бар көшiрмелердi немесе кез келген ақпаратты жiберу жөнінде өтiнiш жасауы мүмкiн.
7. Осы бапта көзделген кез келген сұрау салуды орындау сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
8. Егер сұрау салу орындалмайтын болған жағдайда бұл туралы сұрау салушы кеден қызметiн кешiктiрмей мәлiмдеу және бас тартудың себебi туралы хабардар ету қажет.
8-бап
Iстер, құжаттар және куәгерлiк жауаптар
1. Мәлiметтердiң түпнұсқалары, inter аlіа және басқа материалдардың ресми түрде куәландырылған көшiрмелерi жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана сұратылады. Ерекше сұрау салу бойынша мұндай iстердiң, құжаттардың немесе басқа да материалдардың көшiрмелерi тиiстi түрде куәландырылады.
2. Берiлген құжаттардың түпнұсқалары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде немесе сұрау салу бойынша қайтарылады.
3. Бiр Тараптың кеден қызметi екiншi Тараптың кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша, егер олардың келiсiмi болған жағдайда, өз қызметкерлерiнiң екінші Тараптың аумағындағы сот немесе әкiмшiлiк iстерiн қарауда куәгер ретiнде сөйлеуiне, сондай-ақ егер мұның өзi iстердi қарауды жүргiзу үшiн маңызды болып табылатын болса, iстердi, құжаттарды және басқа материалдарды немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн беруiне уәкiлеттiк бере алады. Сұрау салуда қызметкерлер қатысатын процестiң күнi мен рәсiмдердiң түрi, процеске қатысатын тараптардың аттары мен шарттары болуы керек.
9-бап
Шығыстар
1. Тараптардың кеден қызметтерi куәгерлерге, сондай-ақ мемлекет қызметiнде жұмыс істемейтiн сарапшылар мен аудармашыларға ақы төлеу жөнiндегi осы Келісiмнiң ережелеріне сәйкес сұрау салуды орындау кезiнде жүргiзiлген шығыстарды қоспағанда, осы Келiсiмнiң ережелерiн орындаумен байланысты шығыстарды өтемейтiн болады.
2. Көлiк шығыстары мен куәгерлерге, сарапшыларға және аудармашыларға төлейтiн шығыстарды сұрау салушы кеден қызметi көтередi.
3. Егер сұрау салуды орындау үшiн елеулi шығыстар талап етілетiн болса, кеден қызметтерi консультациялар арқылы сұрау салуды орындаудың шарттарын және ақы төлеудiң нысаны мен мерзiмiн айқындайды.
10-бап
Ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiндегi
ерекше жағдайлар
1. Тараптардың кеден қызметтерi сұрау салу бойынша тауарлардың бiр Тараптың аумағына шеттен әкетiлген немесе аумағынан шетке әкетiлген тауарлар, екiншi Тараптың аумағына заңды негiздерде шеттен әкеліндiме немесе шетке әкетілдi ме сол туралы бiр-бірiне хабарлайды. Қажет болған жағдайда, ақпарат сұрау салу бойынша тауарларды кедендiк тазарту кезiнде қолданылған кедендiк рәсiмдер туралы мәлiметтердi қамтуы мүмкiн.
2. Бiр Тараптың кеден қызметi екiншi Тараптың кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша өз құзыретiнiң шегiнде:
а) сұрау салушы Тараптың аумағында кеден заңдарын бұзуды жасау мақсатында пайдаланылуы мүмкiн деп күдiк тудыратын көлiк құралдарына;
б) сұрау салушы кеден қызметi заңсыз сауда объектілерi ретiнде белгіленген және сұрау салушы Тараптың аумағына жеткiзiлуі тиiс тауарларға;
в) сұрау салушы Тараптың аумағында кеден заңдарының бұзылуына қатысы белгілi немесе оған күдiктi жекелеген адамдарға арнайы қадағалауды жүзеге асырады.
3. Тараптардың кеден қызметтерi сұрау салу бойынша екiншi Тараптың аумағында кеден заңдарын бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн қызметке қатысты ақпаратты бiр-бiрiне хабарлайды. Алайда, мұндай ақпарат мүмкіндiгiнше алдын ала сұрау салусыз да берілуi мүмкiн.
4. Екiнші Тараптың экономикасына, халқының денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiгiне және басқа да өмiрлiк маңызды мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болатын жағдайларда мұндай ақпарат мүмкіндiгiнше алдын-ала сұрау салусыз берiледi.
5. Тараптардың кеден қызметтерi сұрау салу бойынша тауарлардың құнын, шығарылған елiн және жiберiлетiн елiн көрсете отырып осы тауарларды тасымалдау мен олардың тасымалы жөніндегi ақпаратты бiр-бiрiне жiбередi.
11-бап
Құжаттарды беру
1. Бiр Тараптың кеден қызметi сұрау салу бойынша ұлттық заңдарға және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес құжаттарды беру бойынша барлық шараларды қолданады және осы Келiсiмге сәйкес қабылданған барлық шешiмдер және сұрау салынған Тарап аумағында тұратын немесе тiркелген адресаттар туралы хабарлайды.
2. Сұрау салынған кеден қызметi сұрау салуда баяндалған талаптарға сәйкес хабарламаны немесе жазбаша растауды кідiрiссiз жiбередi. Ол үшiн немесе сұрау салуды орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда көрсетiлген талаптарға сәйкес сұрау салушы кеден қызметi себептер көрсетiлiп хабардар етiледi.
12-бап
Бақыланатын жеткiзiлiм
1. Тараптардың кеден қызметтерi, өз мүмкіндiгi шегiнде, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымына тартылған адамдарды анықтау мақсатында халықаралық деңгейдегi бақыланатын жеткiзiлiмдердi тиiсінше пайдалану үшiн барлық қажеттi шараларды және оларға қарсы күрес бойынша заңды іс-әрекеттердi қолданады.
2. Бақыланатын жеткiзiлiмдердi пайдалану туралы шешімдер әрбiр нақты жағдайға қатысты және қол жеткiзiлген уағдаластықтарға сәйкес әрбiр жекелеген жағдайда қажеттiлiкке орай қолданылатын болады. Тараптардың кеден қызметтерi қажет болған жағдайда, бұл орайда қол жеткiзген қаржылық уағдаластықтарын назарға ала отырып, оларды Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзе алады.
3. Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша оларға қатысты бақыланатын жеткiзiлiм тәсiліне жол берілетін тауарлардың заңсыз партияларын ұстауға және оларды өзгерiссiз түрде, алып тастаумен немесе толық немесе iшiнара алмастырумен әрi қарай өткiзiп жiберуге жол берiледi.
13-бап
Келiсiмді орындау
Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптардың кеден қызметтерінің арасында тiкелей жүзеге асырылады. Кеден қызметтерi өз құзыреттерінің шегiнде осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi ереже немесе нұсқау шығарады.
14-бап
Даулы мәселелердi шешу
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық дауларды Тараптар өзара консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
15-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн. Осы өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалады және олар осы Келiсiмнiң 16, (1) бабына сәйкес күшiне енедi.
16-бап
Күшiне енуi, қолданылу және қолданылуының тоқтатылуы
1. Осы Келiсiм осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарлама берiлген күнiнен бастап алпысыншы күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм бес жыл бойы күшiнде болады және егер Тараптардың ешқайсысы осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетiн дипломатиялық арналар арқылы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады. Осындай жазбаша хабарлама алғаннан кейiн 6 айдан соң Келiсiм өзiнiң қолданысын тоқтатады.
Иерусалим қаласында, 2000 жылғы 3 сәуірде, яғни 27 Адар (Б) 5760 ж. сәйкес, әрқайсысы қазақ, орыс, иврит және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін