"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңының 11-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Өткен жылдары республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді (несиелерді) жергілікті атқарушы органдардың өтеуінен түсетін түсімдердің 2001 жылға арналған айлар бойынша кестесі бекітілсін.
2. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері бюджеттік кредиттер
(несиелер) бойынша берешекті бекітілген кестеге қатаң сәйкестікте өтеуді
қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
бір ай мерзімде облыстардың әкімдерімен бірлесіп бұрын жасалған
кредиттік келісімдерге қажетті өзгерістер енгізсін;
бақылаудан жүзеге асырсын және есептіден кейінгі айдың 15-күніне
дейін осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметін хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 8 ақпандағы
N 209 қаулысымен
бекітілген
Өткен жылдары республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді
(несиелерді) жергілікті атқарушы органдардың
2001 жылға арналған өтеу
Кестесі
Ескерту. Кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.05.29. N 733
қаулысымен.
мың теңге
______________________________________________________________________
Облыстың атауы! 2001 жылы ! оның ішінде
!өтеу көздел.!
!ген !
!____________!_________________________________________
! ! қаңтар ! ақпан ! наурыз ! сәуір ! мамыр
______________________________________________________________________
Ақмола 176 000 10 000 10 000 10 000 16 222
Ақтөбе 427 000 35 000 35 000 35 000 35 000
Батыс Қазақстан 241 000 28 000 28 000 28 000
Қарағанды 350 000 350 000
Қостанай 210 000 19 000 19 000 19 000
Астана қаласы 400 000 36 000 36 000 36 000
Барлығы 1 804 000 395 000 128000 128000 134 222
_____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_____________________________________________________________________
маусым!шілде ! тамыз ! қыркүйек ! қазан ! қараша !желтоқсан
_____________________________________________________________________
Ақмола 48 668 48 666 32 444
Ақтөбе 105 000 105 000 77 000
Батыс Қазақстан 50 000 50 000 57 000
Қарағанды
Қостанай 57 000 57 000 39 000
Астана қаласы 108 000 110 000 74 000
Барлығы 368 668 370 666 279 444
_____________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.