"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ-ы мен "Глоуб Ньюклеар Сервисес энд Сэплай ГНСС, Лимитед" (Швейцария) арасындағы 2001 жылғы 5 қаңтардағы табиғи уран концентраттарын сатуға арналған келісімнің шарттарына сәйкес табиғи уранның шала тотық-тотық түріндегі (СЭҚ ТН коды 284410390) 200017 кгU мөлшерінде уран концентратының экспортына рұқсат берілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ-на Қазақстан Республикасынан уран өнімінің экспортына лицензия берсін.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігінің Кеден комитеті мен Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті өнімнің экспортын
бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 26 ақпандағы
N 278 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 5 қаңтардағы келісім-шартқа сәйкес "Глоуб Ньюклеар"
Сервисес энд Сэплай ГНСС Лимитед" корпорациясы үшін
"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" жабық
акционерлік қоғамы беретін тауарлардың мөлшері
_________________________________________________________________________
Р/с ! СЭҚ ТН ! Өнімнің атауы! Өлшем ! Саны ! Бір бірлігі ! Жалпы құны
N ! коды ! !бірлігі! ! үшін бағасы !АҚШ долларымен
! ! ! ! !АҚШ доллары. !
! ! ! ! ! мен !
_________________________________________________________________________
1 284410390 Табиғи уран кг,U 200017 17,26 3452020,00
(табиғи уран.
ның шала
тотығы-
тотығы U O )
3 8
_________________________________________________________________________
Жүктің жүру бағыты:
1. Защита станциясы (Қазақстан Республикасы) - Локоть станциясы
(Ресей Федерациясы) - Капитолово станциясы (Ресей Федерациясы)
2. Қара Балта станциясы (Қырғыз Республикасы) - Луговое станциясы
(Қазақстан Республикасы) - Шымкент станциясы (Қазақстан Республикасы) -
Озинки станциясы (Ресей Федерациясы) - Капитолово станциясы (Ресей
Федерациясы)
3. Ақсу станциясы (Қазақстан Республикасы) - Петропавл станциясы
(Қазақстан Республикасы) - Қорған станциясы (Ресей Федерациясы) -
Капитолово станциясы (Ресей Федерациясы)
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.