Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 1846 P001846_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы "Ақтөбемұнайгаз" деген сөз "Ақтөбемұнайгаз" - СНПС" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"Ақтөбемұнайгаз" деген сөз "Ақтөбемұнайгаз - СНПС" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сатып алу" деген сөздерден кейін "және оқшаулау" деген сөздер жазылып, "құқығынсыз" деген сөзден кейін "уәкілетті органмен келісім бойынша оларды тиісінше басқару мақсатымен сеніп берілген мүлікпен өзге де іс-қимыл жасау құқығымен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жығы 14 желтоқсандағы
N 1846 қаулысының күшін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1929
қаулысының күші
жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.