"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 наурыз N 363

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                     Жоба


             Қазақстан Республикасының Заңы


       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

     төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

        өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


     1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңына

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;

N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің

Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,

281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N

10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195,


205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат, 2001 жылдың 30 қаңтарында "Егемен Қазақстан" және 2001 жылдың 30 қаңтарында "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 57-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) жарнамалық қызмет көрсетулерді қоса алғанда, отандық газет және журнал өнімін, жарнамалық сипаттағы мерзімді баспа басылымдарын қоспағанда, өндіру жөніндегі айналымдар;".
      2. Мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:
      "61-1-бап. Өздері шығарған теле және радио бағдарламаларды сату жөніндегі айналымға салық салу
      Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабар ұйымдары жүзеге асыратын өздері шығарған теле және радиоөнімді, киноөнімі мен бейнеклиптерден (жарнама роликтерін қоса алғанда) қоспағанда шығару мен сату жөніндегі айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.".
      3. 62-баптың 1-тармағында "20" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын.
      4. 64-бапта:
      1) 5-тармақ алынып тасталсын;
      2) 8-тармақтағы "осы баптың 5-тармағында көрсетілгеннен басқа жағдайларда," деген сөздер алынып тасталсын.
      5. 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жөнінде есепті кезең үшін декларациямен бір мезгілде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысан бойынша шот-фактуралардың тізілімі ұсынылады.";
      6. 69-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік ", егер осы Заңның 179-бабының 12-тармағымен өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталған жағдайда жеткізушіге тексеру тағайындау туралы шешім салық органының ұйғарымы бойынша қабылданады. Осындай салық төлеуші қосылған құн салығы қайтаруға өтініш берген кездің алдындағы он екі айлық кезең ішінде айдың кемінде бір рет көрсетілген салық төлеушіге тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатуды жүзеге асырған жеткізушілерге төте тексеру жүргізілмейді. 1 миллион теңгеден астам сомаға қосылған құн салығын көрсете отырып, шот-фактура жазып берілген жеткізушілер (жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда) міндетті тексеруге жатады.".
      7. 70-баптың 4-тармағында "сомалары" деген сөзден кейін ", қосылған құн салығынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      8. 70-1-баптың 1-тармағындағы "20" деген "16" деген санмен ауыстырылсын.
      9. 72-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
      10. 104-9-бапта:
      1) 1-тармақтағы "26" деген сан "21" деген санмен ауыстырылсын.
      2) 1-1-тармақ алынып тасталсын.
      11. 179-бапта:
      1) мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-2. Осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мынадай шарттарды:
      1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен келісім-шарттарда белгіленген салық режиміне өзгерістер енгізу. Бұл ретте, өзгертілген салық режимі 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді;
      2) жер қойнауын пайдаланушылар өсім мен айыппұл санкцияларын қолданбастан өзгерістерді енгізу күніне дейінгі 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап салық режимінің өзгеруімен байланысты бюджетке міндеттемелер бойынша қайта есептеуді жүргізуді орындаған жағдайда 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап қосылған құн салығына 16 пайыз, әлеуметтік салыққа 21 пайыз ставканы қолданады.
      4-3. Осы жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін барлау және (немесе) өндіру бойынша операцияларды жүргізбеген жағдайда жалпы таралған пайдалы қазбалар және (немесе) жерасты суларын барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап қосылған құн салығына 16 пайыз, әлеуметтік салыққа 21 пайыз ставканы қолданады.";
      2) мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
      "11) Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместері 2001 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей салық органдарына мынадай ақпаратты ұсынуға міндетті:
      1) 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қолда бар деп есептелетін негізгі қаражаттың, материалдық емес активтердің, тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары туралы мәліметтер;
      2) көрсетілген күнге жауапты сақтауда орналасқан негізгі қаражат, тауарлық-материалдық қорлар туралы мәліметтер. Көрсетілген мәліметтерді тауарларды жауапты сақтауға тиеп жіберген салық төлеушілер де, жауапты сақтауға тауарларды қабылдаған салық төлеушілер де береді;
      3) көрсетілген күнге жолда жүрген негізгі қаражат, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар туралы мәліметтер;
      4) 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ұйымның бухгалтерлік теңгерімі.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер осы Заңның 64-бабына сәйкес есептемеге жатқызылуы тиіс қосылған құн салығымен бірге сатып алынған негізгі қаражат, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар бойынша ұсынылады. Мәліметтер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынылады.
      12. Есептелген салық сомасынан есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы сомасының асуы бар салық төлеушілер 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша осы баптың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерге енгізілген тауарлық-материалдық қорлардың сатылуына қарай осы асырылған соманы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есептелінеді.
      Көрсетілген салық төлеушілер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысан бойынша осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарлардың қалдығын пайдалану туралы мәліметтерді қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органдарына ұсынады.
      2001 жылдың 1 шілдесіне дейін олар бойынша төлем жүргізілген, бірақ көрсетілген күннен кейін алынған 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жолда келе жатқан негізгі қаражат, тауарлық-материалдық қорлар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болған ставканы ескере отырып есептелген мөлшерде есептемеге жатқызылады. 2001 жылдың 1 шілдесінен кейін алынған, көрсетілген күнге дейін олар бойынша төлем жүргізілмеген, 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жолда келе жатқан негізгі қаражат, тауарлық-материалдық қорлар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылып келген ставка ескере отырып есептелген, бірақ 16 пайыздан аспайтын мөлшерде есептемеге жатқызылады.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жеткізушілермен 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін жасалған келісім-шарттар (шарттар) бойынша 2001 жылдың 1 шілдесінен кейін қосылған құн салығы ескерілген бағалар бойынша алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)

 

бойынша қосылған құн салығы есептемеге жатқызылмайды.

     13. Салық органының шешімі бойынша осы Заңның 137-бабындағы

2-тармақтың ережелеріне қарамастан, қосылған құн салығы бойынша кезектен

тыс тексерулер жүргізіледі.".

     2. бап. Осы Заң 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2001 года N 363

 


     Правительство Республики Казахстан постановляет:

     Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан

проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в

Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в

бюджет".


      Премьер-Министр

    Республики Казахстан 


                                                               Проект


                              Закон

                        Республики Казахстан


     О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан

          "О налогах и других обязательных платежах в бюджет"


 
 
       Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 24 апреля 1995 г. Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N6, ст.43; N12, ст.88; N23, ст. 152; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N1, ст.180, 181; N11-12, ст.257; N15, ст.281; N23-24, ст.416; 1997 г., N4, ст.51; N7, ст.82; N10, ст.112; N11, ст.144; N12, ст.184, 188; N13-14, ст.195, 205; N20, ст.263; N22, ст.333; 1998 г., N4, ст.45; N14, ст.197, 201, 202; N23, ст.425; N24, ст.436, 442, 445; 1999 г., N6, ст.192, 193; N20, ст.731; N21, ст.786; N23, ст.928; N24, ст.1067; 2000 г., N3-4, ст.65, 66; N10, ст.234; Z010147_ Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" 30 января 2001 г. и "Казахстанская правда" 30 января 2001 г.) следующие изменения и дополнения:
      1. Подпункт 17) пункта 1 статьи 57 изложить в следующей редакции:
      "17) обороты по производству, включая предоставление рекламных услуг, и (или) реализации газетной и журнальной продукции отечественного производства, за исключением периодических печатных изданий рекламного характера;".
      2. Дополнить статьей 61-1 следующего содержания:
      "Статья 61-1. Налогообложение оборотов по реализации теле- и радиопрограмм собственного производства
      Обороты по производству и реализации теле- и радиопродукции собственного производства, за исключением кинопродукции и видеоклипов (включая рекламные ролики), осуществляемые телевизионными и радиовещательными организациями Республики Казахстан, облагаются налогом на добавленную стоимость по нулевой ставке.".
      3. В пункте 1 статьи 62 цифру "20" заменить цифрой "16".
      4. В статье 64:
      1) пункт 5 исключить;
      2) в пункте 8 слова "за исключением случаев, указанных в пункте 5 настоящей статьи," исключить.
      5. Пункт 2 статьи 67 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Одновременно с декларацией в обязательном порядке представляется реестр счетов-фактур по приобретенным товарам (работам, услугам) за отчетный период по форме, установленной Министерством государственных доходов Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан.".
      6. В пункте 1 статьи 69:
      часть первую дополнить словами ", если иное не предусмотрено пунктом 12 статьи 179 настоящего Закона";
      часть третью дополнить предложениями следующего содержания:
      "Решение о назначении проверки поставщика при подтверждении достоверности предъявленных к возврату сумм налога на добавленную стоимость принимается по усмотрению налогового органа. Не производятся встречные проверки поставщиков, которые осуществляют реализацию товаров (работ, услуг) указанному налогоплательщику не менее одного раза в месяц в течение двенадцатимесячного периода, предшествующего моменту подачи таким налогоплательщиком заявления на возврат налога на добавленную стоимость. Обязательной проверке подлежат поставщики (за исключением вышеуказанных), которыми выписаны счета-фактуры с указанием налога на добавленную стоимость на сумму более 1 миллиона тенге.".
      7. В пункте 4 статьи 70 после слов "Республики Казахстан" дополнить словами", за исключением налога на добавленную стоимость".
      8. В пункте 1 статьи 70-1 цифру "20" заменить цифрой "16".
      9. Пункт 2 статьи 72 исключить.
      10. В статье 104-9:
      1) в пункте 1 цифру "26" заменить цифрой "21";
      2) пункт 1-1 исключить.
      11. В статье 179:
      1) дополнить пунктами 4-2 и 4-3 следующего содержания:
      "4-2. Недропользователи, осуществляющие разведку и (или) добычу полезных ископаемых, за исключением недропользователей, указанных в пункте 4-3 настоящей статьи, применяют с 1 июля 2001 года ставки налога на добавленную стоимость в размере 16 процентов, социального налога в размере 21 процента при выполнении следующих условий:
      1) внесение изменений в налоговый режим, установленный в контрактах, в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан, в целях восстановления экономических интересов Республики Казахстан. При этом измененный налоговый режим действует 1 июля 2001 года;
      2) недропользователи произведут перерасчет по обязательствам в бюджет, связанным с изменением налогового режима, с 1 июля 2001 года до даты внесения изменений, без применения пени и штрафных санкций.
      4-3. Недропользователи, осуществляющие разведку и (или) добычу общераспространенных полезных ископаемых и (или) подземных вод при условии, что эти недропользователи не проводят операции по разведке и (или) добыче других видов полезных ископаемых, с 1 июля 2001 года применяют ставки налога на добавленную стоимость в размере 16 процентов, социального налога в размере 21 процента.";
      2) дополнить пунктами 11, 12 и 13 следующего содержания:
      "11. Юридические лица, физические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность без образования юридического лица, а также нерезиденты Республики Казахстан, осуществляющие деятельность через постоянное учреждение, обязаны не позднее 15 июля 2001 года представить в налоговые органы следующую информацию:
      1) сведения об остатках основных средств, нематериальных активов, товарно-материальных запасов, числящихся в наличии по состоянию на 1 июля 2001 года;
      2) сведения об основных средствах, товарно-материальных запасах, находящихся на ответственном хранении на указанную дату. Указанные сведения представляют как налогоплательщики, отгрузившие товары на ответственное хранение, так и налогоплательщики, принявшие товары на ответственное хранение;
      3) сведения об основных средствах, нематериальных активах, товарно-материальных запасах, находящихся на указанную дату в пути;
      4) бухгалтерский баланс организации по состоянию на 1 июля 2001 года.
      Сведения, указанные в подпунктах 1) - 3) настоящего пункта, представляются по основным средствам, нематериальным активам, товарно-материальным запасам, приобретенным с налогом на добавленную стоимость, который подлежит отнесению в зачет в соответствии со статьей 64 настоящего Закона. Сведения представляются в порядке и по форме, установленным Министерством государственных доходов Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан.
      12. Налогоплательщики, имеющие по состоянию на 1 июля 2001 года превышение сумм налога на добавленную стоимость, относимого в зачет, над суммой начисленного налога, зачитывают это превышение в счет предстоящих платежей по налогу на добавленную стоимость по мере реализации товарно-материальных запасов, включенных в сведения, указанные в пункте 11 настоящей статьи.
      Указанные налогоплательщики одновременно с декларацией по налогу на добавленную стоимость представляют в налоговые органы сведения об использовании остатков товаров, указанных в пункте 11 настоящей статьи, по форме, установленной Министерством государственных доходов Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан.
      По основным средствам, товарно-материальным запасам, находящимся в пути по состоянию на 1 июля 2001 года, оплата по которым произведена до 1 июля 2001 года, но полученным после указанной даты, налог на добавленную стоимость относится в зачет в размере, исчисленном исходя из ставки, действовавшей до 1 июля 2001 года. По основным средствам, товарно-материальным запасам, находящимся в пути по состоянию на 1 июля 2001 года, оплата по которым не произведена до указанной даты, полученным после 1 июля 2001 года, налог на добавленную стоимость относится в зачет в размере, исчисленном исходя из ставки, действовавшей до 1 июля 2001 года, но не более ставки 16 процентов.
      По товарам (работам, услугам), полученным по ценам с учетом налога на добавленную стоимость после 1 июля 2001 года по контрактам (договорам), заключенным до 1 июля 2001 года с поставщиками из государств-участников Содружества Независимых Государств, налог на добавленную стоимость не

 

подлежит отнесению в зачет.

     13. Несмотря на положения пункта 2 статьи 137 настоящего Закона по

решению налогового органа производятся внеочередные проверки по налогу на

добавленную стоимость.".

     Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 июля 2001 года.


     Президент

Республики Казахстан




(Специалисты: Цай Л.Г.,

              Мартина Н.А.)