"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласының шекараларын
өзгерту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Алматы қаласының шекараларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының Z934200_ 9-бабына сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысына орай және Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, қаулы етемін:
1. Қаланың шегіне Алматы облысының Қарасай ауданы жерлерінің
(қосымшаға сәйкес) жалпы аумағы 158,4 гектар бір бөлігін қоса отырып,
Алматы қаласының шекаралары өзгертілсін.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы ________
N ___ Жарлығына
қосымша
Алматы қаласының әкімшілік шекарасына
енгізілетін Алматы облысының жерлері бір бөлігінің
Экспликациясы
________________________________________________________________________
N ! Ауданның ! Барлығы! оның ішінде
р/с! атауы ! (га) !_________________________________________________
! ! ! егістік! оның ! көп !жайылымдар!бүкіл ауыл
! ! ! !ішінде !жылдық ! !шаруашылығы
! ! ! !суармалы!екпелер! !алқаптары
! ! ! ! ! ! !
________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
________________________________________________________________________
1 Қарасай 158,4 71,5 37,8 51,1 6,3 128,9
________________________________________________________________________
жалғасы
______________________________
орманды ! өзге жерлер
белдеулер !
______________________________
9 10
______________________________
5,0 24,5
______________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.