"Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 407. Жоба ҚР Парламенті Мәжілісінен кері қайтарылып алынды - ҚР Үкіметінің 2001.09.04. N 1136 қаулысымен. ~P011136

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                                    Жоба



 
                 Қазақстан Республикасының Заңы
 
          Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығы
        мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер
                 мен толықтырулар енгiзу туралы
 
      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1992 ж., N 4, 84-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат).
      1) I тараудың тақырыбындағы "I" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын.
      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Заңның мiндеттерi
      Осы Заң Республика Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегі құқықтарын iске асыруға кепiлдiк бередi, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейдi және дiни бiрлестiктердiң құқықтық жағдайын айқындайды.
      Дiни нанымды уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын тек заң актiлерiмен және бұл халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажеттi болса, тек сол шамада ғана шектелуi мүмкiн.";
      3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар
      Осы Заңда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      дiни сенiм - қандай да бiр дiн ұстанушылық;
      рухани (дiни) бiлiм беру ұйымы - дiни қызметшiлердi дайындаудың кәсiптiк оқыту бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
      конфессия - анықтау факторы дiни оқу болып табылатын дiни бағыттарға сәйкес келетiн ұғым;
      миссионерлiк қызмет - дiни-ағарту, қайырымдылық және өзге де қызметi арқылы, қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және тарату мақсатындағы қызмет;
      дiни бiрлестiк - нақ сол бiр дiндi ұстанатын, өздерiнiң дiни қажеттiлiктерiн бiрлесiп қанағаттандыру үшiн бiрiккен кәмелетке толған азаматтардың ерiктi бiрлестiгi;
      дiн - дiни сенiмге байланысты дүниетаным, сондай-ақ тиiстi мiнез-құлық пен айрықшалықты iс-әрекет функцияларын орындайтын қоғамдық сананың ерекше нысаны;
      дiни сенiм бостандығы - өзiне мыналарды: адамның кез келген дiнді уағыздау немесе өз дiни нанымдарын өзгерту; дiнге сенушiлердiң дiни қоғамдарды еркiн құру құқығын; әркiмнiң сол немесе өзге дiнге жататындығына қарамастан барлық саяси және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды пайдалану мүмкiндiгiн қамтитын, ар-ождан бостандығының қажеттi және ажырамас элементi;
      дiни экстремизм - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, тектiк-таптық және рулық араздыққа, сондай-ақ адамның жеке басын бұзуға, оның денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiруге бағытталған, шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерден дiни сенiм бостандығына берiлушiлiк.";
      4) 2-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығына құқықтарды қорғау мәселелерi және дiни бiрлестiктер қызметiнiң мәселелерi жөнiндегі өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi осы Заңға қайшы келген жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады."
      5) 4-бапта:
      бiрiншi бөлiк "Қазақстан Республикасында экстремистiк дiни топтардың қызметiне тыйым салынады." деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк "Қазақстан Республикасында конфессияаралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарда пайдалануға бағытталған iс-әрекеттерге, мақсаттары мен қызметi конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған дiни бiрлестіктердi құруға, дiни экстремизмдi насихаттауға тыйым салынады." деген сөздермен толықтырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Миссионерлiк қызмет
      Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлiк қызметті уәкiлеттi мемлекеттiк органда есептiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Есептiк тiркеуден өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Көрсетiлген адамдардың есептiк тiркеуден өтпей миссионерлiк қызметiне тыйым салынады және заң актiлерiмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.";
      7) 5-бапта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дiнге қатыстылығына байланысты бiлiмнiң әр түрлерi мен деңгейлерiне қол жеткiзудi жүзеге асыруда артықшылықтарды, шектеулерді немесе кемсiтудiң өзге де нысандарын белгiлеуге тыйым салынады.";
      екiншi бөлiкте:
      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Баланы дiни тәрбиелеу оның жан-жақты дамуына, дене немесе рухани денсаулығына зиян келтiрмеуге тиiс.";
      төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дiни оқыту түсiнiстiк, шыдамдылық басқа адамдардың сенiмдерiн құрметтеу рухында жүзеге асырылуға тиiс. Кәмелетке толмағандарды дiни бiрлестiктерге тартуға, сондай-ақ олардың еркiне, ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың еркiне қарамастан оларды дiни оқытуға

 

жол берiлмейдi.";

     8) 6-баптың екiншi бөлiгіндегі "Облыстардың және Алматы мен Ленинск

қалаларының өкiмшi және атқарушы органдары" деген сөздер "Облыстардың және

Алматы, Астана қалаларының жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдары"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     9) II тараудың тақырыбында "II" деген цифр "2" деген цифрмен

ауыстырылсын;

     10) 7-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "және олардың құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздер алынып тасталсын;

     "сенiмдi бiрлесiп уағыздау мақсатында құрылған және осы мақсатқа

сәйкес келетiн:

     дiн iлiмiнiң болуы;

     құдайға құлшылық ету дiни жоралар мен уағыз, өзге де рәсiмдер

жасау;

     дiни уағыздау және өздерiнiң iзбасарларын тәрбиелеу;

     дiни бiрлестікке қабылдау және одан шығу тәртiбiнiң белгiлерi бар"

деген сөздермен толықтырылсын;

     үшiншi бөлiкте:

     "(ережелерiне)", "(ережелерi)" деген сөздер алынып тасталсын;


 
       "Дiни бiрлестiктер заңдармен белгiленген тәртiпте құрылымдық бөлiмшелер құруға құқылы." деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "(ережелерiмен)", "(ережелерiн)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Дiни шетел бiрлестiктерiнiң Республиканың аумағындағы қызметi, сондай-ақ Республикадағы дiни шетел орталықтарының дiни бiрлестiктердiң басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу бойынша жүзеге асырылады.".
      11) 8, 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы
      Дiни бiрлестiктiң жарғысы азаматтық заңдарға сәйкес оның құқық қабiлеттiлiгiн анықтайды және осы Заңға сәйкес тiркеуге жатады.
      Тiркеуге ұсынылатын жарғыда:
      дiни бiрлестiктiң атауы, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысандағы нұсқауы, орналасқан жерi, қандай дiни сенiмге жататындығы және дiни бiрлестiктiң қызмет аумағы;
      қызметiнiң мәнi мен мақсаты;
      бiрлестiктiң құрылымы, қалыптасу құрылымы, тәртiбi және оны басқару органдарының құзыретi;
      дiни бiрлестiктiң және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
      дiни бiрлестiкке мүше етiп қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбi;
      бірлестiктер мүлкiнiң құрылу көздерi;
      жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу тәртiбi;
      дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және оны тарату тәртiбi;
      дiни бірлестiк таратылған жағдайда мүлiкке иелiк ету тәртiбi;
      қызметiнiң нысандары мен әдiстерi туралы, iзбасарлардың отбасы мен некесiне, бiлiмiне, денсаулығына көзқарасы туралы мәлiметтер, дiни бiрлестiктiң мемлекетке қатысы;
      филиалдары және өкiлдiктерi туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      9-бап. Дiни бiрлестiктердi тiркеу
      Дiни бiрлестiктер кәмелетке толған кемiнде елу азаматтың бастамашылығымен құрылады. Бұл үшiн олар жиналысты шақырады, онда жарғы қабылданады.
      Дiни бірлестiк мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлғаның құқықтық қабiлетiне ие болады.
      Республиканың екі немесе одан көп облыстарының аумағында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi, олар құратын рухани (дiни) оқу орындарын, монастырьларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгі, ал жергiлiктi дiни бiрлестiктердi - аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тiркелген дiни басқармалар (орталықтар), бiрлестiктер мен мекемелер, миссионерлiк қызметтi қоспағанда, өз қызметiн заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырады.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн азаматтар (құрылтайшылар) тiркеу туралы арызды, дiни бiрлестiктi құрған азаматтардың (құрылтайшылардың) тiзiмiн, дiни бiрлестiктiң жарғысын, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (конференциясының, съезiнiң) хаттамасын тиiстi органға ұсынады.
      Дiни бірлестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн дiн ілiмi мен оған сәйкес келетiн практиканың негiздерi туралы, оның iшiнде дiннiң және осы дiни бiрлестiктiң пайда болу тарихы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады. Ислам дiни бiрлестiктерiн тiркеу Қазақстан мұсылмандарының Рухани басқармасының ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
      Рухани (дiни) оқу орындарының қызметi заңдармен белгiленген тәртiпте лицензияланады.
      Дiни бiрлестiктердiң жарғыларына өзгерiстер мен толықтырулар жарғыларды тiркеу сияқты тәртiппен және сол мерзімдерде тiркеуге жатады.
      Дiнтану сараптамасын өткiзу, сондай-ақ дiни бiрлестiк берген құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу мерзiмi тоқтатылады.";
      12) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Дiни бiрлестiктi тiркеуден бас тарту
      Егер:
      дiни бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келген;
      құрылатын бiрлестік дiни бiрлестік ретiнде танылмаған;
      жарғысы мен басқа да ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген немесе онда қамтылған мәлiметтер дұрыс болмаған жағдайда дiни бiрлестiктi тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
      Дiни бiрлестiкті мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган оған заң актiлерiмен белгіленген тәртiппен нақты заңның бұзылғанына сiлтеменi қамтитын жазбаша түрде негізделген бас тартуды беруге мiндеттi. Шығарылған бас тартудың сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн";
      13) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру және тоқтату
      Дiни бiрлестiктiң қызметi мынадай негіздер бойынша уақытша тоқтатылуы мүмкін: құрылтай құжаттардың, қолданылып жүрген заңдардың ережелерiн бұзған, дiни қызметтi дiни бiрлестiк орналасқан жерден тыс жерде жүзеге асырған жағдайда. Аталған негіздердi 3 айдың iшiнде жойған кезде дiни бiрлестiктiң қызметi қалпына келтiрiледi.
      Дiни бірлестiктiң қызметi оған қатысушылардың (мүшелерiнiң) не соттың шешiмiмен тоқтатылады.
      Дiни бiрлестiктiң қызметiне байланысты оның мүшесiнің (мүшелерiнiң) қылмыстық не әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң нормаларын бiрнеше мәрте бұзуы, оның құрылу мақсаттарына қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыру, сондай-ақ оның қызметi уақытша тоқтатылған себептердi жоймау дiни бiрлестiктiң қызметiн сот тәртiбiмен тоқтатуға не тыйым салуға негiз болып табылады.
      Дiни бiрлестiктің қызметiн тоқтата тұру және тоқтату туралы арызбен сотқа прокуратура органдары, дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi мемлекеттiк орган жүгiнуге құқылы.".
      14) III тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-тарау. Дiни бiрлестiктер қызметiнiң құқықтары мен шарттары";
      15) 12-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дiни бiрлестiктер көпшiлiктiң келуiне ашық болатын, құдайға құлшылық ету немесе дiни жиналыстар орындарын, сондай-ақ қандай да болмасын дiндi ұстаушылар құрметтейтiн орындар (қажылық орындары мен басқалар) құруға және ұстауға құқылы.
      Құдайға құлшылық ету, басқа да дiни жоралар мен рәсiмдер ғибадат үйлерi мен ғимараттарда және соларға жататын аумақтарда, дiни бiрлестiктердiң кәсiпорындарында, зираттар мен крематорийлерде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда бөгетсiз жасалады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мұсылмандық дiни ғимараттар мен құрылыстарды салу және (немесе) ашу

 

Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының рұқсатымен жүзеге асырылады.";

     төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

     "Дiни жоралар мен рәсiмдердi осы баптың екiншi және үшiншi

бөлiктерiнде көрсетiлген жерлерден тыс өткiзу жергiлiкті атқарушы

органдардың рұқсат беруiмен жүзеге асырылады.";

     16) 13-бапта:

     үшiншi бөлiк алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:

     "Дiни фундаментализм мен экстремизмнiң идеяларын қамтитын әдебиеттi,

кино-, фото-, бейнеөнiмдерiн және басқа да материалдарды дайындауға,

сақтауға және таратуға тыйым салынады және Қазақстан Республикасының заң

актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.";

     17) 14-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "(ережелерiне)" деген сөз алынып тасталсын;

     "қоғамдық бiрлестiктер үшiн белгіленген тәртiппен тiркелетiн" деген

сөздермен толықтырылсын;

     18) IV-тараудың тақырыбындағы "IV" деген цифр "4" деген цифрмен

ауыстырылсын;

     19) 16-баптың екiншi бөлiгiндегi "немесе мемлекет берген және заңға

қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған" деген сөздер

"өзге, заңға қайшы келмейтiн жолмен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;

     20) 17-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi, үшiншi бөлiгiнiң

екiншi және үшiншi сөйлемдерi алынып тасталсын;

     21) 18-баптағы "(ережелерiне)" деген сөз алынып тасталсын;

     22) 19-бапта:

     тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

     "Өз қызметiн тоқтатқан дiни бiрлестiктердiң мүлкiне иелiк ету";

     бiрiншi, екiншi бөлiктердегi "(ережесiне)" деген сөздер алынып

тасталсын;

     үшiншi бөлiк алынып тасталсын;

     23) 20-баптың бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын;

     24) V тараудың тақырыбындағы "V" деген цифр "5" деген цифрмен

ауыстырылсын.


 
       2. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат):
      14-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дiнге қатыстылығына байланысты бiлiмнiң әр түрлерi мен деңгейлерiне қол жеткiзуді жүзеге асыруда артықшылықтарды, шектеулердi немесе кемсiтудiң өзге де нысандарын белгiлеуге тыйым салынады.".
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат, N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2001 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2000 жылы 23 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; 2001 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 23 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне астық қабылдайтын кәсiпорындар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы Заңы):
      109-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бiр дiндi ұстайтын, өзiнiң дiни мұқтаждарын бiрiгiп қанағаттандыру үшiн бiрiккен кәмелетке толған азаматтардың ерiктi бiрiгуi дiни бiрлестiк болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы миссионерлiк қызметiне оның Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келуi жағдайында жол берiледi.".
      4. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат):
      мынадай мазмұндағы 337-1-баппен толықтырылсын:
      "337-1 бап. Заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру
      Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті мемлекеттік органда

 

есептік тіркеуден өтпейінсіз не заңдармен белгіленген миссионерлік

қызметті жүзеге асыру тәртібін бұза отырып, миссионерлік қызметті жүзеге

асыруы, -

     жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе

айыпталушының жалақысы немесе екі айдан бес айға дейінгі мерзімдегі өзге

де табысының мөлшерінде айыппұлмен, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу

жұмыстарымен, не алты айға дейінгі мерзімге қамаумен, не бір жылға дейін

мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.".


     Қазақстан Республикасының

     Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 года N 407

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам свободы вероисповедания".

     Сноска. Проект отозван из Мажилиса - постановлением Правительства РК от 4 сентября 2001 г. N 1136 .
 

        Премьер-Министр

    Республики Казахстан
 
 

                                                                     Проект
 

                    Закон Республики Казахстан
 

            О внесении изменений и дополнений в некоторые

             законодательные акты Республики Казахстан по

                  вопросам свободы вероисповедания
 

     Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты

Республики Казахстан:
 

       1. В Закон Республики Казахстан от 15 января 1992 г. "О свободе вероисповедания и религиозных объединениях" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 4, ст. 84; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1995 г., N 20, ст. 120, 121; 1997 г., N 13-14, ст. 205):

      1) в заголовке главы I цифру "I" заменить цифрой "1";

      2) статью 1 изложить в следующей редакции:

      "Статья 1. Задачи Закона

      Настоящий Закон гарантирует реализацию прав граждан на свободу вероисповедания, закрепленную Конституцией Республики, а также международными актами и соглашениями о правах человека, регулирует правоотношения в этой области и определяет правовое положение религиозных объединений.

      Осуществление свободы распространения религиозных убеждений может быть ограничено только законодательными актами и лишь в той мере, в какой это необходимо в целях защиты конституционного строя, охраны общественного порядка, прав и свобод человека, здоровья и нравственности населения.";

      3) дополнить статьей 1-1 следующего содержания:

      "Статья 1-1. Основные термины и понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие термины и понятия:

      вероисповедание - принадлежность к какой-либо религии;

      духовная (религиозная) организация образования - учебное заведение, реализующее профессиональные образовательные программы подготовки священнослужителей;

      конфессия - понятие, совпадающее с религиозными направлениями, определяющим фактором которого является вероучение;

      миссионерская деятельность - деятельность с целью проповедования и распространения какого-либо вероучения посредством религиозно-просветительской, благотворительной и иной деятельности;

      религиозное объединение - добровольное объединение совершеннолетних граждан, придерживающихся одного и того же вероисповедания, объединившихся для совместного удовлетворения своих религиозных потребностей;

      религия - особенная форма общественного сознания, выполняющая функцию мировоззрения, а также соответствующие поведение и специфические действия, связанные с вероисповеданием;

      свобода вероисповедания - необходимый и неотъемлемый элемент свободы совести, включающий в себя: право человека исповедовать любую религию или менять свои религиозные убеждения; возможность каждого, независимо от принадлежности к той или иной религии, пользоваться всеми политическими и гражданскими правами и свободами;

      религиозный экстремизм - приверженность в вероисповедании к крайним взглядам и действиям, направленным на насильственное изменение конституционного строя, нарушение целостности Республики Казахстан, подрыв безопасности государства, разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, а также на разрушение личности человека, угрозу его здоровью и жизни.";

      4) статью 2 дополнить частью второй следующего содержания:

      "В случае противоречия настоящему Закону иных нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам защиты права на свободу вероисповедания и по вопросам деятельности религиозных объединений действуют нормы настоящего Закона.";

      5) в статье 4:

      часть первую дополнить словами "В Республике Казахстан запрещается деятельность экстремистских религиозных объединений.";

      часть третью дополнить словами "В Республике Казахстан запрещаются действия, направленные на использование межконфессиональных различий в политических целях, создание религиозных объединений, цели и деятельность которых направлены на насильственное изменение конституционного строя, нарушение целостности Республики Казахстан, подрыв безопасности государства, разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, пропаганда религиозного экстремизма.";

      6) дополнить статьей 4-1 следующего содержания:

      "Статья 4-1. Миссионерская деятельность

      Граждане Республики Казахстан, иностранные граждане и лица без гражданства осуществляют миссионерскую деятельность на территории Республики Казахстан после прохождения учетной регистрации в уполномоченном государственном органе. Порядок прохождения учетной регистрации определяется Правительством Республики Казахстан.

      Миссионерская деятельность указанных лиц без прохождения учетной регистрации запрещается и влечет установленную законодательными актами ответственность.";

      7) в статье 5:

      часть первую дополнить предложением следующего содержания:

      "Запрещается установление преимуществ, ограничений или иных форм дискриминации в осуществлении доступа к различным видам и уровням образования в зависимости от отношения к религии.";

      часть вторую дополнить предложением вторым следующего содержания:

      "Религиозное воспитание ребенка не должно наносить ущерб его

разностороннему развитию, физическому или нравственному здоровью.";

     часть четвертую изложить в следующей редакции:

     "Религиозное обучение должно осуществляться в духе понимания,

терпимости, уважения убеждений других людей. Не допускается вовлечение

несовершеннолетних в религиозные объединения, а также обучение их религии

вопреки их воле, воле родителей или лиц, их заменяющих.";

     8) в части второй статьи 6 слова "Распорядительные и исполнительные

органы областей и городов Алма-Аты и Ленинска" заменить словами "Местные  

представительные   и   исполнительные  органы   областей   и   городов 

Алматы, Астаны";

     9) в заголовке главы II цифру "II" заменить цифрой "2";

     10) в статье 7:

     в части первой:

     слова "и их структурные подразделения" исключить;

     дополнить словами "образованные в целях совместного исповедания веры

и имеющие соответствующие этой цели признаки:

     наличие вероучения;

     совершение богослужений, религиозных обрядов и проповеди, иных

религиозных церемоний;

     религиозное проповедование и воспитание своих последователей;

     порядок приема в религиозное объединение и выхода из него.";

     в части третьей:

     слова "(положениями)", "(положений)" исключить;
 

       дополнить словами "Религиозные объединения вправе создавать структурные подразделения в порядке, установленном законодательством.";

      в части четвертой слова "(положениями)", "(положения)" исключить;

      дополнить частью следующего содержания:

      "Деятельность иностранных религиозных объединений на территории Республики, а также назначение иностранными религиозными центрами руководителей религиозных объединений в Республике осуществляются по согласованию с соответствующими государственными органами Республики.";

      11) статьи 8, 9 изложить в следующей редакции:

      "Статья 8. Устав религиозного объединения

      Устав религиозного объединения в соответствии с гражданским

законодательством определяет его правоспособность и подлежит регистрации в

соответствии с настоящим Законом.

     В уставе, представляемом для регистрация, должны быть указаны:       

     наименование, в том числе указание на организационно-правовую форму,

местонахождение религиозного объединения, вероисповедная принадлежность и

территория деятельности религиозного объединения;

     предмет и цели деятельности;

     структура объединения, структура, порядок формирования и компетенция

его органов управления;

     права и обязанности религиозного объединения и его членов;

     условия и порядок приема в члены религиозного объединения и выхода из

него;

     источники формирования имущества объединений;

     порядок внесения изменений и дополнений в устав;

     условия реорганизации и ликвидации религиозного объединения;

     порядок использования имущества в случае ликвидации религиозного

объединения;

     сведения о формах и методах его деятельности, об отношении к семье и

браку, к образованию, к здоровью последователей;

     отношение религиозного объединения к государству;

     сведения о филиалах и представительствах.

     Статья 9. Регистрация религиозных объединений
 

       Религиозные объединения образуются по инициативе не менее пятидесяти совершеннолетних граждан. Для этого они созывают собрание, на котором принимается устав.

      Религиозное объединение приобретает правоспособность юридического лица с момента его государственной регистрации.

      Государственная регистрация религиозных объединений, действующих на территории двух или более областей республики, образуемых ими духовных (религиозных) организаций образования, монастырей осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан, а регистрация местных религиозных объединений - территориальными органами юстиции. Религиозные управления (центры), объединения и учреждения, зарегистрированные за пределами Республики Казахстан, осуществляют свою деятельность на территории Республики Казахстан, за исключением миссионерской деятельности, через филиалы и представительства, зарегистрированные в Министерстве юстиции Республики Казахстан в соответствии с законодательством.

      Для государственной регистрации религиозного объединения граждане (учредители) представляют в соответствующий орган заявление о регистрации, список граждан (учредителей), создавших религиозное объединение, устав религиозного объединения, протокол учредительного собрания (конференции, съезда), принявшего устав.

      Для государственной регистрации религиозного объединения дополнительно представляются сведения об основах вероучения и соответствующей ему практики, в том числе об истории возникновения религии и данного религиозного объединения. Регистрация исламских религиозных объединений осуществляется по рекомендации Духовного управления мусульман Казахстана.

      Деятельность духовных (религиозных) организаций образования лицензируется в порядке, установленном законодательством.

      Изменения и дополнения к уставам религиозных объединений подлежат регистрации в том же порядке и в те же сроки, что и уставы.

      Срок государственной регистрации прерывается в случае необходимости проведения религиоведческой экспертизы, а также получения заключения специалиста по представленным религиозным объединением документам.";

      12) дополнить статьей 10-1 следующего содержания:

      "Статья 10-1. Отказ в регистрации религиозного объединения

      Решение об отказе в регистрации религиозного объединения может быть принято в случае, если:

      предмет и цели деятельности религиозного объединения противоречат Конституции и законодательству Республики Казахстан;

      создаваемое объединение не признано в качестве религиозного;

      устав и другие представленные документы не соответствуют требованиям законодательства Республики Казахстан или содержащиеся в них сведения не достоверны.

      В случае отказа в государственной регистрации религиозного объединения регистрирующий орган обязан в письменном виде выдать ему мотивированный отказ в порядке, установленном законодательными актами, содержащий ссылку на нарушение конкретного закона. Вынесенный отказ может быть обжалован в судебном порядке.";

      13) статью 11 изложить в следующей редакции:

      "Статья 11. Приостановление и прекращение деятельности религиозного объединения

      Деятельность религиозного объединения может приостанавливаться по следующим основаниям: в случае нарушения положений учредительных документов, действующего законодательства, осуществления религиозной деятельности вне места нахождения религиозного объединения. При устранении в течение 3 месяцев указанных оснований деятельность религиозного объединения возобновляется.

      Деятельность религиозного объединения прекращается по решению его участников (членов) либо суда.

      Основаниями для прекращения либо запрета деятельности религиозного объединения в судебном порядке являются неоднократное нарушение его членом (членами), в связи с деятельностью религиозного объединения, норм законодательных актов Республики Казахстан, влекущее уголовную либо административную ответственность, систематическое осуществление деятельности, противоречащей целям его создания, а также не устранение причин, по которым его деятельность была приостановлена.

      С заявлениями о приостановлении и прекращении деятельности религиозных объединений вправе обращаться в суд органы прокуратуры, государственный орган по связям с религиозными объединениями.";

      14) заголовок главы III изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Права и условия деятельности религиозных объединений";

      15)в статье 12:

      части первую и вторую изложить в следующей редакции:

      "Религиозные объединения вправе основывать и содержать открытые для широкого доступа места богослужений или религиозных собраний, а также места, почитаемые последователями той или иной религии (места паломничества и другие).

      Богослужения, другие религиозные обряды и церемонии беспрепятственно совершаются в культовых зданиях и сооружениях и на относящихся к ним территориях, в организациях религиозных объединений, на кладбищах и в крематориях, а также в жилых помещениях.";

     дополнить частью третьей следующего содержания:

     "Строительство и (или) открытие мусульманских культовых зданий и сооружений осуществляется с разрешения Духовного управления мусульман Казахстана.";

     часть четвертую изложить в следующей редакции:

     "Проведение публичных религиозных обрядов и церемоний вне мест, указанных в частях второй и третьей настоящей статьи, осуществляется с разрешения местных исполнительных органов.";

     16) в статье 13:

     часть третью исключить;

     дополнить частью шестой следующего содержания:

     "Изготовление, хранение и распространение литературы, кино-, фото-, видеопродукции и других материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма запрещается и влечет ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.";

     17) в статье 14:

     в части первой:

     слово "(положения)" исключить;

     дополнить словами "регистрируемые в порядке, установленном для общественных объединений";

     18) в заголовке главы IV цифру "IV" заменить цифрой "4";

     19) в части второй статьи 16 слова "или переданное государством и приобретенное по другим основаниями, не противоречащим закону" заменить словами "полученное иным, не противоречащим закону путем";

     20) первое предложение части второй, второе и третье предложения части третьей статьи 17 исключить;

     21) в статье 18 слово "(положениями)" исключить;

     22)в статье 19: 

     заголовок изложить в следующей редакции:

     "Распоряжение имуществом религиозных объединений, прекративших свою деятельность";

     в частях первой и второй слово "(положением)" исключить;

     часть третью исключить;

     23) часть первую статьи 20 исключить;

     24) в заголовке главы V цифру "V" заменить цифрой "5".
 

       2. В Закон Республики Казахстан от 7 июня 1999 г. "Об образовании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 429; N 23, ст. 927):

      пункт 8 статьи 14 дополнить предложением следующего содержания:

      "Установление преимуществ, ограничений или иных форм дискриминации в осуществлении доступа к различным видам и уровням образования в зависимости от отношения к религии запрещается.".

      3. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 г. (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение); 1995 г., N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 2, ст. 187; N 14, ст. 274; N 19, ст. 370; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 5, ст. 55; N 12, ст. 183, 184; N 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., N 2-3, ст. 23; N 5-6, ст. 50; N 11-12, ст. 178; N 17-18, ст. 224, 225; N 23, ст. 429; 1999 г., N 20, ст. 727, 731; N 23, ст. 916; 2000 г., N 18, ст. 336; Закон Республики Казахстан от 18 декабря 2000 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам страхования и страховой деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" 24 января 2001 г. и "Казахстанская правда" 23 декабря 2000 г.; Закон Республики Казахстан от 15 января 2001 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам хлебоприемных предприятий", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" 24 января 2001 г. и "Казахстанская правда" 23 января 2001 г.):

      в статье 109:

      пункт 1 изложить в следующей редакция:

      "1. Религиозным объединением признается добровольное объединение совершеннолетних граждан, придерживающихся одного и того же вероисповедания, объединившихся для совместного удовлетворения своих религиозных потребностей.";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Миссионерская деятельность граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства на территории Республики Казахстан допускается при условии ее соответствия законодательству Республики Казахстан.".

      4. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 15-16, ст. 211; 1998 г., N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 225; 1999 г., N 20, ст. 721; N 21, ст. 774; 2000 г., N 6, ст. 141):

      дополнить статьей 337-1 следующего содержания:

      "Статья 337-1. Осуществление незаконной миссионерской деятельности

      Осуществление миссионерской деятельности на территории Республики Казахстан без прохождения учетной регистрации в уполномоченном государственном органе либо с нарушением порядка ее прохождения, установленного законодательством, - наказывается штрафом в размере от ста до пятисот месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период от двух до пяти месяцев, либо исправительными работами на срок до двух лет, либо арестом на срок до шести месяцев, либо лишением свободы на срок до одного года.".
 

     Президент

     Республики Казахстан
 
 

     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Цай Л.Г.)