Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік және
прогресс мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Бейбiтшiлiк
және прогресс мемлекеттiк сыйлығы туралы
Осы Заңмен демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытуға, бейбiтшiлiк пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосқан адамдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң көтермелеуiмен байланысты қатынастар реттеледi.
1-бап
1. Осы Заңмен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Z000083_ 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Отан алдында сiңiрген ерекше еңбегiн атап көрсету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Бейбiтшiлiк және прогресс мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) тағайындалады.
2. Мемлекеттiк сыйлықты Қазақстан Республикасының Президентi жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына:
демократия мен әлеуметтік прогрестi дамытқаны үшiн;
бейбiтшiлiк пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенiмдi, мемлекетаралық қатынастарда теңдiк пен бiрдей қауiпсiздiктi нығайтуға бағытталған белсендi қызметi үшiн;
қоғамдық және ұлтаралық келiсiмдi бекiтуге, Республиканың көпұлтты халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн;
Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тарихи дәстүрлерiн құрметтеудi қалыптастыратын мәнi терең публицистикалық шығармалар үшiн берiлетiн болады.
3. Мемлекеттiк сыйлық отандық, халықаралық және шетелдiк ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
2-бап
1. Мемлекеттiк сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президентi Бейбiтшiлiк және прогресс мемлекеттiк
сыйлығының лауреаты" атағы берiледi, диплом, өңiршелiк белгi және куәлiк
тапсырылады.
2. Мемлекеттiк сыйлықты Қазақстан Республикасының Президентi
салтанатты жағдайда тапсырады.
3-бап
Мемлекеттiк сыйлық бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуі мүмкін,
мұндай жағдайда оның ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi.
Мемлекеттiк сыйлықты қайталап беруге рұқсат етiлмейдi.
4-бап
Мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлердi ұсыну құқығына:
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының және Мәжiлiстерiнiң
комитеттерi;
Қазақстан Республикасының Yкiметi;
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп
беретiн мемлекеттiк органдар;
Облыстар, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi;
Отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдар ие.
5-бап
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінiң Бейбiтшiлiк және прогресс мемлекеттiк сыйлығы туралы ереженi, сыйлық саны мен мөлшерiн, сондай-ақ оны беру жөнiндегi комиссияның дербес құрамын Республика Үкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінiң Бейбiтшiлiк және
прогресс мемлекеттiк сыйлығы лауреатының дипломының, өңiрше белгiсiнiң
және куәлiгiнiң сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентiмен
келiсiм бойынша Республика Үкiметi бекiтедi.
6-бап
Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.