Солтүстік Қазақстан облысында қардың мол жаууынан, қар басып қалудан және қатты аяздан болған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде елді мекендердің су астында қалуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне ортақ пайдаланымдағы жолдарда, әлеуметтік саладағы объектілерде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін және су тасқынына қарсы бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру үшін 50 (елу) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне
орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.