Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесiп, көрсетілген Келiсiмдi жасасу туралы эстон тарапымен келiссөздер жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi
Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан, оған
қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере
отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының
Үкiметi арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының
Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы
келісім
Бұдан әрi - "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Эстон Республикасының Үкiметi,
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған Халықаралық Азаматтық
Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретiнде,
өз мемлекеттерiнiң аумақтары арасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде
әуе қатынасын орнату мақсатында осы Келiсiмді жасасуға тілек бiлдiре
отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-Бап
Айқындамалар
1. Осы Келiсiмде:
а) "Конвенция" термині Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған және Вашингтонда қол қою үшiн ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияны білдiредi және өзіне осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымшаны, және осы Қосымшалар мен түзетулердi Тараптардың екеуi де қабылдаған дәрежеде Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған Қосымшаларға немесе Конвенцияға енгізілетін кез келген түзетудi қамтиды;
б) "авиациялық өкiмет орындары" термині Қазақстан Республикасына қатысты Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгін, ал Эстон Республикасына қатысты Эстон Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгiн немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта аталған өкiмет орындары орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген кез келген тұлғаны немесе органды бiлдiредi;
в) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және ұшуларды орындауға рұқсат алған авиакәсіпорынды бiлдiредi;
г) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетілген мағыналарды бiлдiредi;
д) "тарифтер" терминi жолаушыларды, теңдеме жүгін және жүктi тасымалдау үшін белгiленетiн бағалар мен агенттiк және басқа да қосымша қызмет көрсетулерге қатысты, бiрақ почтаны тасымалдау үшін сыйақыны және оның шарттарын қоспағанда, бағалар мен шарттарды қоса алғанда, соған сәйкес осы бағалар қолданылатын шарттарды бiлдiредi;
е) "сыйымдылық" терминi:
- әуе кемесiне қатысты осы әуе кемесінің бағытта немесе бағыттың бiр бөлiгiндегi коммерциялық толтырылуын бiлдiредi;
- белгiленген әуе қатынасына қатысты бағытта немесе бағыттың бiр бөлiгiнде белгiлi кезең аралығында осы әуе кемесiмен жасалған ұшу жиiлiгiне көбейтiлген осы қатынаста пайдаланылатын әуе кемесінің сыйымдылығын білдiредi;
ж) "әуе кемесiн пайдаланушы" терминi әуе кемесiн пайдаланушы немесе осы саладағы өз қызметтерiн ұсынатын тұлғаны, ұйымды немесе кәсiпорынды бiлдiредi;
з) "әуе кемесiн ауыстыру" терминi тағайындаған авиакомпанияның шарттық желiлерiнiң бiрiн, бағыттың бiр учаскесi екіншi бағыт учаскесiне қызмет көрсететiн әуе кемесiнен сыйымдылығымен ерекшеленетiн әуе кемесiмен қызмет көрсетiлетiндей етiп пайдалануын бiлдiредi;
и) "әуе кемесiнiң жабдығы" терминi Конвенцияның 9-қосымшасында көрсетiлген тиiсiнше мағынаны бiлдiредi;
к) "алымдар" терминi әуежайды, аэронавигация мен авиациялық қауiпсiздiк құралдарын және басқа да қызмет көрсетулердi ұсынғаны үшiн авиакомпаниялардан алынатын алымдарды бiлдiредi;
л) "шарттық желiлер" терминi осы Келiсiмнiң Қосымшасында жолаушыларды, жүктi және почтаны жеке немесе аралас тасымалдау үшін белгiленген бағыттар бойынша тұрақты әуе қатынасын бiлдiредi.
2. Қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Келiсiмге барлық сiлтемелер, егер бұл өзгеше айтылмаса, сонымен бiр мезгiлде Қосымшаға да сілтеменi бiлдiредi.
2-БАП
Құқықтарды беру
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа осы Келiсiмге Қосымшада көрсетiлген бағыттар бойынша (бұдан әрi тиiсiнше "шарттық желілер" және "белгiленген бағыттар" деп аталады) халықаралық әуе желiлерiн белгiлеу мақсатында осы Келiсiмде көзделген құқықтарды бередi.
2. Кез келген Тараптың әрбiр авиакәсiпорны рейстердi орындаған кезде мынадай құқықтарды пайдаланатын болады:
а) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы қонбастан ұшып өту құқығын;
б) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығын.
3. Кез келген Тарап тағайындаған әрбiр авиакәсiпорын белгiленген бағыттар бойынша шарттық желілердi пайдаланған кезде осы Келiсiмге Қосымшада көрсетiлген екiншi Тараптың аумағындағы пункттерге халықаралық қатынаста тасымалданатын жолаушыларды, теңдеме жүгін, почтаны және жүктi бортына қабылдау және/немесе түсiру мақсатында қону
құқығын пайдаланатын болады.
4. Осы Баптың 3-тармағында көрсетiлгендер екiншi Тарап мемлекетiнiң
аумағындағы пункттер арасында сыйақы үшiн немесе жалдау шартымен
тасымалдауға кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорынын
жолаушыларды, теңдеме жүгiн және почтаны бортқа алуға құқығы ретiнде
қаралмайды.
3-Бап
Авиакәсіпорындарды тағайындау және
ұшуларды орындауға арналған рұқсаттар
1. Әрбiр Тарап белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану мақсатында, бұл туралы екінші Тарапқа хабарлай отырып, бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорын тағайындауға құқылы.
2. Осындай тағайындау алғаннан кейiн екiншi Тараптың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынға ұшуларды орындауға дереу тиiстi рұқсат бередi.
3. Бiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары ұшуларды орындауға рұқсат берместен бұрын екінші Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнынан Конвенцияның ережелерiне сәйкес халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асыру кезiнде осы өкiмет орындары әдетте және негізгі түрде қолданатын заңдар мен ережелерде көзделген шарттарды орындауға оның қабілеттi екендiгi жөнінде дәлелдеме талап етуi мүмкiн.
4. Әрбiр Тарап осы Баптың 2-тармағында көрсетілген ұшуларға рұқсат беруден бас тартуға немесе аталған Тарап осы авиакәсiпорынды иеленуге басым құқығы бар және осы авиакәсiпорынды тағайындайтын Тарапқа немесе өз мемлекетінің азаматтарына оны нақты бақылау тиесілi екеніне қанағаттанарлық дәлелдемесi болмаған кез келген жағдайда тағайындалған авиакәсiпорынның осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдаланғанда ол қажет деп саналуы мүмкiн осындай шарттарды орындауды талап етуге құқылы.
5. Авиакәсiпорын осылай тағайындалған және рұқсат алған болса, үшiн тағайындалған авиакәсiпорындардың арасында келiсiлген ұшулардың кестесiн Тараптардың авиациялық өкiмет орындары бекiткен және осы Келiсiмнің 13-бабының ережелерiне сәйкес белгіленген тарифтер қолданысқа енгiзілген жағдайда ол шарттық ол кез келген сәтте нақты шарттық желілерде пайдалануды бастай алады.
6. Тараптардың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың ережелерiне сәйкес олар тағайындаған кез келген авиакәсiпорынды басқа авиакәсiпорынмен ауыстыруға құқылы.
4-Бап
Ұшуларды орындауға берілген рұқсаттарды
жою және тоқтата тұру
1. Әрбiр Тарап ұшуларды орындауға берілген рұқсаттың күшiн жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетілген екінші Тарап тағайындаған кез келген авиакәсiпорынның құқықтарды пайдалануын тоқтата тұруға немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде ол қажеттi деп есептеген мынадай шарттарды:
а) осы авиакәсiпорынды тағайындаған Тарапта немесе оның азаматтарына қолында осы авиакәсiпорынды иеленуге басым құқық немесе нақты бақылау бар екендiгiне қанағаттанарлық дәлелi болмаған кез келген жағдайда; немесе
б) егер аталған авиакәсiпорын осы құқықтарды беретiн Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерiн сақтамаған жағдайда; немесе
в) егер авиакәсiпорын қандай да бiр түрде осы Келiсiмде көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда талап етуге құқылы.
2. Егер дереу күшiн жою, тоқтата тұру немесе осы Баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың белгiленуiн талап ету заңдар мен ережелердiң бұдан әрi де бұзылуын ескерту үшiн қажеттi болып табылмаса, мұндай құқық екiншi Тараппен жүргiзiлген консультациялардан кейiн ғана пайдаланылатын болады. Мұндай консультациялар сұрау салу алынған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде өткiзiлуi тиiс.
5-Бап
Заңдар мен ережелердің қолданылуы
1. Бiр Тарап мемлекетінің, халықаралық аэронавигациядағы әуе кемесiнiң оның аумағына келуiн оның шегінде болуын және одан жөнелтілуін немесе осы әуе кемелерiнiң олардың көрсетілген аумақта болу кезiнде пайдаланылуын және навигациясын реттейтiн заңдары мен ережелерi екiншi Тарап тағайындаған кез келген авиакәсiпорынның әуе кемелеріне де қолданылатын болады.
2. Бiр Тарап мемлекетiнiң өз аумағына жолаушылардың, теңдеме жүгiнің, жүктің және почтаның оның аумағына ұшып келуiн, оның шегiнде болуын және одан жөнелтiлуiн реттейтiн және атап айтқанда, төлқұжаттық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты ережелер екіншi Тарап тағайындаған кез келген әуе кемесінің жолаушыларына теңдеме жүгіне, экипажына, жүгiне және почтаға қатысты көрсетілген аумақтың шегiнде олардың болуы кезінде қолданылатын болады.
6-Бап
Куәліктер мен айғақтамаларды тану
1. Тараптардың бiрi берген немесе күшi бар деп танылған ұшуға жарамдылығы туралы айғақтамалар, куәліктер және қолданыста болу мерзiмi аяқталмаған айғақтамалар, соған сәйкес мұндай куәлiктер мен айғақтамалар берiлген немесе күшi бар деп табылса, Конвенцияға сәйкес белгіленген ең төмен стандарттарға сай болса немесе мұндай стандарттардан асып кеткен жағдайда екiншi Тараппен күшi бар деп танылады.
2. Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуды орындау мақсаты
үшiн өзiнiң кез келген азаматына екiншi Тарап берген білiктiлiк туралы
айғақтамалар мен куәлiктердi танудан бас тарту құқығын сақтайды.
7-Бап
Пайдаланғаны үшін алымдар
Алымдар Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген төлем ставкаларына
сәйкес алынатын болады және осындай халықаралық әуе қатынастарындағы
өзiнiң ұлттық авиакәсiпорындары үшiн белгіленген алымдардан аспайтын
болады.
8-Бап
Салықтар, кедендік баждар мен алымдар
1. Халықаралық әуе қатынастарын орындайтын кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемелерi, сондай-ақ осындай әуе кемелерінің бортындағы оның жиынтық борттық жабдығы, отын және жағармай қорлары, борттық қорлары (тағамдарды сусындар мен темекi бұйымдарын қосқанда) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелінгеннен кейiн, бұл жабдықтар мен қорлар керi бағытта әкетілген сәтке дейін әуе кемесінің бортында қалатын болса, салықтардан, кедендiк баждар мен алымдардан босатылатын болады.
2. Сондай-ақ мынадай ұсынылған қызметтер үшiн алынатын алымдарды қоспағанда, мұндай салықтар, кедендік баждар мен алымдар:
а) бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында аталған Тараптың өкiмет орындары белгіленген лимиттер шегiнде бортқа алынған және екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының шарттық желілерде пайдаланылатын әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған борттық қорлар;
б) екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны шарттық желілерде пайдаланылатын әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшiн бiр Тарап мемлекетінің аумағына әкелiнген қосалқы бөлшектер мен жабдықтар;
в) Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының шарттық желілердi пайдаланатын әуе кемесi пайдалануға арналған отын және жағармай материалдары, тiптi, егер бұл қорлар олар бортқа алынған Тарап мемлекеті аумағының шегіндегі бағыт учаскесінде пайдаланатын болса да;
г) авиабилеттер мен авиажүк құжаттамасын, сондай-ақ авиакәсiпорын ақысыз тарататын жарнама және баспа материалдарын, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны өзінің пайдаланымдық мұқтаждары үшін екінші Тарап мемлекетiнің аумағына жеткiзген немесе жеткiзетiн тасымалдау құжаттарын қоса алғанда, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының қажетті құжаттары.
3. Осы Баптың 2-тармағында көрсетiлген материалдар Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының бақылауына алынуы мүмкiн.
4. Жиынтықты борттық жабдық, сондай-ақ бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны шарттық желілерде пайдаланатын әуе кемесiнiң бортындағы материалдар, қорлар және қосалқы бөлшектер екіншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы екінші Тараптың кедендiк органдарының бақылауымен түсiрілуi мүмкiн. Бұл ретте олар керi әкетілмейінше немесе келген елдің кедендік заңдарына сәйкес өзге тағайындау алмайынша кедендік органдардың бақылауында болуы тиіс.
5. Кез келген Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен өтетiн теңдеме жүгi мен жүк салықтардан, кедендiк баждар мен алымдардан босатылатын болады.
6. Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындары екiнші Тараптың
аумағында алатын пайда мен кiрiстер халықаралық салық келiсiмдерiне сәйкес
салық салуға жатады.
9-Бап
Тікелей транзиттік қатынас
Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуды және тасымалдауға тыйым
салынған және авиакемесiнiң бүкiл тұрған уақытының iшінде кедендiк
бақылауға алынған заттарды тасымалдаудың алдын алу жөніндегі қауiпсiздiк
шараларын қоспағанда, бiр Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей
транзитпен өтетiн және әуежайдың кедендік аймағынан кетпейтін экипаж
мүшелерi, жолаушылар, теңдеме жүгi мен жүк оңайлатылған бақылаудан өтедi.
10-Бап
Шарттың желілерді пайдалануды
реттейтін қағидаттар
1. Екi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарына белгiленген
бағыттар
бойынша шарттық желілердi пайдалануға бiрдей мүмкіндiк берілетiн болады.
2. Шарттық желiлердi пайдалану кезiнде бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны екінші Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының мүдделерін бұл авиакәсiпорындардың осы бағыттар және бағыттар бөлігі бойынша жасаған тасымалдарына зиян келтiрiлмеуiн назарға алуы тиiс.
3. Тараптардың тағайындалған авиакәсiпорындары пайдаланатын шарттық желiлер белгiленген бағыттар бойынша тасымалдарда жалпы қабылданған талаптарға жауап беруi тиiс және әрбір тағайындалған авиакәсіпорынның бiрiншi кезектегi мiндетi әуе кемесінің орынды жүктеме коэффициентінде жолаушыларды, теңдеме жүгін және почтаны тасымалдауда қолданылатын және болжамды талаптарға жауап беретiндей осындай сыйымдылықты беру болуы тиiс.
4. Ұшулар сыйымдылығы мен жиiлiгi кез келген шарттық желiлерде Тараптардың авиациялық өкімет орындары арасындағы келісім бойынша айқындалатын болады.
11-Бап
Кестелерді бекіту
Шарттық желілер бойынша қозғалыс кестесi, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды тағайындалған авиакәсiпорындар екi Тараптың авиациялық өкiмет орындарына кестенi енгiзудiң болжамды күнінен кемiнде отыз (30) күн бұрын бекiтуге беретін болады. Екi Тараптың авиациялық өкімет орындары оларды қарайды және қозғалыс кестесi бекітуге түскен сәттен бастап 15 (он бес) күннен кешiктiрмей жауап бередi. Ерекше жағдайларда, бұл мерзiм аталған өкiмет орындарының келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн.
12-Бап
Ұшу қауіпсіздігі
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарап қолданатын авиациялық құрылыстарға, экипаждарға, әуе кемелеріне және тағайындалған авиакәсiпорындардың жұмыстарына қатысты қауiпсiздiк жөніндегі шаралар туралы консультациялар жүргiзудi талап етуге құқылы. Егер Тараптардың бірi мұндай консультациялардан кейiн, екінші Тарап осы саладағы Конвенцияға сәйкес белгіленген кемінде ең төменгі нормаларға сәйкес келетін қауiпсiздiк нормалары мен талаптарын тиiмсiз қолданған және орындағанын анықтаса, онда екінші Тарапқа мұндай анықтау сондай-ақ көрсетiлген ең төменгi нормаларды орындау үшiн қажет деп саналатын қадамдар хабарланатын болады; екінші Тарап жағдайды түзету үшін тиiстi шаралар қабылдайды. Егер екінші Тарап орынды мерзiмнiң iшiнде - (кез келген жағдайда он бес (15) күннің ішiнде) тиiстi шара қабылдамаса, онда мұның өзі осы Келiсiмнің 4-бабының ережелерін қолдануға себеп болады.
2. Егер авиакәсiпорын жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шұғыл шаралар талап етiлсе Тараптар консультациялар басталғанға дейiн осы Келiсiмнiң 4-бабына сәйкес шара қолдануға құқылы.
3. Тараптардың бiрінің осы Келiсiмнiң 1 және 2-тармақтарына сәйкес қолданған кез келген шарасы, екiншi Тарап осы Бапта көрсетілген қауіпсiздiк жөніндегi ережелердi сақтай бастағаннан кейiн тоқтатыла тұратын болады.
13-Бап
Тарифтер
1. Кез келген шарттық желілердегi тарифтер тасымалдау рыногымен байланысты барлық факторлар ескерілiп, белгіленетiн болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының арасында белгiленген әрбiр бағыт бойынша келiсiлетiн болады.
3. Осылай келiсілген тарифтер оларды енгiзудiң болжамды күнiнен кемiнде 30 (отыз) күн бұрын Тараптардың авиациялық өкiмет орындарына бекітуге берілуi тиiс. Бұл кезең аталған өкiмет орындарының келiсiмi бойынша қысқартылуы мүмкiн. Егер Тараптардың ешқайсысы авиациялық өкiмет орындары ұсынылған күннен кейiн он бес күннің iшiнде өзінің келіспейтінін білдірмесе, тарифтер бекiтілдi деп есептеледi.
4. Егер тариф осы Баптың 2-тармағына сәйкес келiсілмесе немесе егер осы Баптың 3-тармағына сәйкес қолданылатын кезең iшiнде келiсiлмесе, бiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары екiншi Тараптың авиациялық өкiмет орындарына оларға бекітуге ұсынылған кез келген тарифпен келiспейтiндiгi туралы хабар жолдаса, екi Тараптың авиациялық өкiмет орындары тарифтi өзара келiсу арқылы белгілеуге тырысуы тиiс.
5. Егер Тараптардың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың 4-тармағына сәйкес өздерiне ұсынылған кез келген тариф бойынша келiсiмге келе алмаса, келiспеушiлiк осы Келiсiмнiң 18-бабының талаптарына сәйкес шешiлетiн болады.
6. Осы Баптың ережелерiне сәйкес белгіленген тарифтер жаңа тариф бекiтiлгенге дейiн күшiн сақтайды. Тараптардың кез келгенінің авиациялық өкiмет орындарының оны бекітуiнсiз Тарифтердің ешбiрінің күшi болмайды.
14-Бап
Коммерциялық және қаржылық мүмкіндіктер
1. Бiр Тараптың авиациялық өкiмет орнына екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында өзiнiң тасымалдау құжаттарын пайдаланып жергiлiктi немесе кез келген еркiн айналымдағы валютаға тiкелей немесе осы екінші Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, агенттер арқылы автокөлiк тасымалдарын сатуды жүзеге асыруға құқық берiледі.
2. Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Тарап мемлекетінің аумағында оның кiруге, тұруға, еңбекпен қамтуға қатысты заңдары мен ережелерiн сақтап, өз өкiлеттiктерiн ашуға, онда шарттық желiлердi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажетті әкiмшiлiк, техникалық, коммерциялық және басқа да персоналды ұстауына құқық беріледi.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына, осы авиакәсiпорын екiншi Тарап мемлекетінің аумағына шарттық желiлердi пайдаланудан алған табысының шығыстарынан асқан сомасын, осы Келiсiмнiң 8-бабының 6-тармағына сәйкес салық салынғаннан кейiн, еркiн аудару құқығын бередi. Мұндай аудару Тараптардың арасындағы қаржылық қатынастарды реттейтiн келiсiмнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. Мұндай келiсiм немесе осы келiсiмде тиiстi ережелер болмаған жағдайда, аудару аумағында кiрiс алынған мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
4. Қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында халықаралық тасымалдарда әуе кемелерiн пайдаланудан түскен сомалар мен кiрiстерге салық салу мәселелерi 1999 жылғы 1 наурызда жасалған Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға сәйкес реттеледi.
15-Бап
Авиациялық қауіпсіздік
1. Тараптар халықаралық құқық жөніндегі өздерiнің құқықтары мен мiндеттемелерiне сәйкес, олардың бiр бiрiне қатысты қабылдаған заңсыз араласу iс-әрекеттерiнен азаматтық авиация қауiпсiздiгiн қорғау мiндеттемесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатынын растайды. Халықаралық құқық бойынша өз құқықтары мен мiндеттемелерiнiң жалпы қолданылуын шектемей, Тараптар 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токио қаласында жасалған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа да iс-әрекеттер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаага қаласында жасалған Әуе кемелерiн заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреаль қаласында жасалған Азаматтық авиация қауiпсiздiгіне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттерге қарсы күрес туралы конвенцияның, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреаль қаласында жасалған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттерге қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз зорлық іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы хаттамаға, 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда жасалған Тараптар арасында қолданылып жүрген екi жақты келiсiмдердiң, сондай-ақ олардың арасында жасалуы мүмкін сол келісiмдердiң ережелерiне сәйкес iс-әрекет жасайды.
2. Тараптар өтiнiш бойынша азаматтық әуе кемелерін заңсыз басып алу iс-әрекеттерiн және әуе кемелерінiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз iс-әрекеттердi, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кез келген басқа да iс-әрекеттердi болдырмау жөнінде бiр-бiрiне барлық қажеттi көмек көрсетедi.
3. Тараптар Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы белгiлеген және Конвенцияға Қосымша ретiнде анықталған авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелерге және техникалық талаптарға сәйкес осындай ережелер мен талаптар Тараптарға қолданылатындай дәрежеде iс-әрекет жасауын; олар әуе кемелерiн пайдаланушылардан оларды тiркеу орны бойынша немесе олардың мемлекеттерiнiң аумағында тұрақты орналасқан немесе негiзгi қызмет орны бар әуе кемесін пайдаланушылар және олардың мемлекеттерi аумағындағы халықаралық әуежайларды пайдаланушылар авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес iс-әрекет жасауын талап етедi.
4. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың осындай әуе кемелерiн пайдаланушылардан осы Баптың 3-тармағында айтылған оның мемлекетінің аумағына ұшып келу, оның шегiнде болу немесе одан ұшып кету үшiн екiншi Тараппен көзделетiн авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi құжаттардың ережелерiнің сақталуын талап ете алатынына келiседi. Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының шегiнде әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, теңдеме жүгiн, жүктi және борттық қорларды отырғызу немесе тиеу кезiнде тексеру үшiн тиiстi шаралар қолдануды қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Тарап, сондай-ақ екiншi Тараптың нақты қатер жағдайында арнайы қауiпсiздiк шараларын қабылдау туралы кез келген өтiнiшiн ниеттестiкпен қарайды.
5. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға немесе әуе кемелерiнiң, оның жолаушылары мен экипажына, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз iс-әрекеттерге байланысты қауiп немесе қауiп-қатерi туындаған жағдайда, Тараптар байланысты жеңілдету арқылы ондай қауiп немесе қауiп-қатерiн жылдам және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқа да тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмектесетiн болады.
16-Бап
Статистикалық мәліметтерді ұсыну
1. Әрбiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары екiншi Тараптың сұрауы бойынша мерзiмдiк немесе басқа да статистикалық мәлiметтердi бередi.
2. Осындай статистикалық мәлiметтер осындай тасымалдарды жөнелту пунктi немесе белгіленген пунктi бойынша ақпаратты қоса алғанда, шарттық желiлер бойынша тағайындалған авиакәсiпорындар жасайтын тасымалдар көлемiн анықтау үшiн қажеттi ақпараттан тұруы тиiс.
17-Бап
Консультациялар
Осы Келiсiмдi түсіндіруге немесе қолдануға қатысты барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасында консультациялар жүргiзiлетiн болады.
18-Бап
Дауларды реттеу
1. Егер Тараптардың арасында осы Келiсiмді түсіндiруге немесе қолдануға қатысты қандай да бiр дау туындаса, Тараптар осы келiсімдер арқылы реттеуге тырысады.
2. Егер қандай да бiр дауды жоғарыда аталған түрде шешу мүмкiн болмаса, бұл дау Тараптардың бiрiнiң өтініші бойынша төрелiк сотқа берiлуi мүмкін.
3. Осындай төрелiк сот әрбiр нақты жағдай үшiн мынадай түрде құрылады. Төрелiк өтінішті алған күннен бастап алпыс (60) күннiң iшiнде Тараптардың әрқайсысы бiр төрешi тағайындайды. Осы екi төрешi кейiннен Тараптардың өзара келiсiмiмен соттың төрағасы болып тағайындалатын үшiнші мемлекеттің азаматын анықтайды. Төрағаны тағайындау қалған екi төрешiнi тағайындаған күннен бастап алпыс (60) күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиіс.
4. Егер қажеттi тағайындау осы Баптың 3-тармағында көрсетілген мерзiмде жүргізiлмесе және, егер Тараптар өзге жағдай туралы уағдаласпаған болса, Тараптардың кез келгенi Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнiң президентiне кез келген қажеттi тағайындауды жүргiзу туралы өтiнiш білдіре алады. Егер Президент Тараптардың бірінің мемлекетiнiң азаматы болып табылса немесе өзге себептерге байланысты жоғарыда аталған іс-әрекеттердi жүзеге асыра алмаса, қажеттi тағайындауды жүргiзу құқығы Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнің вице-президентіне берiледi. Егер вице-президент өз кезегінде Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса немесе жоғарыда аталған әрекеттердi жүзеге асыра алмаса, қажеттi тағайындауды жүргiзу туралы өтініш Тараптардың бiрiншi мемлекетінің азаматы болып табылмайтын Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесінің келесi қызметi жағынан жоғары мүшесіне жолданады.
5. Осы бапқа сәйкес құрылатын төрелiк сот көпшілiк дауыспен шешiм қабылдайды. Осы шешiм екi Тарап үшiн де мiндеттi. Тараптардың әрқайсысы өзi тағайындаған төрешінің шығыстарын және өзінің төрелiк сот iсiн жүргiзуге қатысуына байланысты шығыстарды көтередi. Төрағаның шығыстары және ескерiлмеген шығыстар Тараптар арасында тең бөлiнетiн болады.
19-Бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң және оған Қосымшаның ережелерiне қатысты қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге ниет бiлдiрсе, ол екiншi Тараптан консультация өткiзуге сұрау салуы мүмкiн. Осындай консультация Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасында келiссөздер немесе хат алмасу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн және егер Тараптардың тек авиациялық өкiмет орындары осы мерзiмдi ұзарту туралы уағдаласпаса, оны өткізуге екiншi Тарап сұрау салуды алған күннен бастап 60 (алпыс) күннiң iшiнде басталуы тиiс. Осындай тәсілмен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң 22-бабының ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң
ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзілуi мүмкін.
3. Бағыттар кестесiндегi өзгерiстер Тараптардың авиациялық өкiмет
орындары арасында тiкелей келiсiледi және оларды дипломатиялық арналар
арқылы растағаннан кейiн дереу күшiне енедi.
20-Бап
Тіркеу
Осы Келiсiм, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Халықаралық
Азаматтық Авиация Ұйымында тiркеуге жатады.
21-Бап
Қолданылу мерзімі
1. Осы Келiсiм шектелмеген мерзiмге жасалды.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнің күшiн тоқтату ниетi туралы хабарлай алады. Мұндай хабарлама сонымен бiр мезгiлде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiберiлуi тиiс. Егер мұндай хабарлама алынса, екіншi Тарап хабарлама алған күннен бастап он екi (12) ай өткен соң, егер тек Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы хабарлама өзара келiсiм бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi қайтарылып алынбаса, осы Келiсiм өз қолданысын тоқтатады. Екiншi Тараптан хабарлама алғаны туралы растау болмаған жағдайда, ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымынан хабарлама алынғаннан кейiн он төрт (14) күннен кейін алынды деп есептеледi. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның
ережелерi, сол бойынша міндеттемелер оған қолдану кезiнде туындаған, бiрақ
осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтаған сәтте орындалмаған, осы Келісімнің
сәйкес жасалған барлық келiсiм-шарттарға қолданылады.
22-Бап
Күшіне енуі
Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк
рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап
күшiне енедi.
_________________ қаласында 200 жылғы "_____"___________ екі данада,
әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық
мәтiндердің күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндiруде
келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге
жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Эстон Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Эстон Республикасының Үкіметі арасындағы
Әуе қатынасы туралы келісімге
Қосымша
1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакомпаниялары екі
бағытта да мынадай маршруттар бойынша шарттық желiлердi пайдалануға құқылы:
Жөнелту пункттерi Аралық Жеткізу Тыс
пункттер пункттері жерлердегі
пункттер
Қазақстан Эстон
Республикасындағы Республикасындағы
пункттер пункттер
2. Эстон Республикасының тағайындалған авиакомпаниялары екi бағытта
да мынадай маршруттар бойынша шарттық желілердi пайдалануға құқылы:
Жөнелту пункттерi Аралық Жеткізу Тыс жерлердегі
пункттер пункттері пункттер
Эстон Қазақстан
Республикасындағы Республикасындағы
пункттер пункттер
Ескерту:
1. Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында әуедегi бесiншi еркіндiктiң
коммерциялық құқықтарын пайдалану Тараптардың авиациялық өкiмет орындары
арасындағы жеке уағдаластықтың мәнi болып табылады.
2. Осы Қосымшада көзделген пункттердi одан әрi анықтау Тараптардың
авиациялық өкiмет орындары арасында өзара келiсу арқылы жүзеге асырылады.
3. Шарттық желiлерде тағайындалған авиакәсiпорындар жасаған
коммерциялық келiсiм (орындар тобын беру, кодтарды және басқаларды
пайдалану) Тараптардың авиациялық өкiмет орындарының келiсуiне жатады.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.