Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі