"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысынорындау үшін және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні сәулет және құрылыс саласында халыққа білім беру қызметтерін көрсету деп белгілесін;
2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 26 сәуірдегі
N 559 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
"Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-43-жолмен толықтырылсын:
"123-43. "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-8-жолмен толықтырылсын:
"222-8. "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" ЖАҚ".
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .