Қазақстан Республикасының почта саласын оңалту, почта-жинақ жүйесін қалыптастыру және нығайту әрі "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне"
бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-2-жолмен толықтырылсын:
"160-2. АЛА-003001 "Қазпочта" ААҚ".
2. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.