1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.