Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1991 жылғы 21 желтоқсандағы N И-811, 1992 жылғы 25 наурыздағы, 1992 жылғы 12 мамырдағы, 1993 жылғы 9 наурыздағы, 1995 жылғы 3 сәуірдегі N ф22-3/5, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 27-1-Г/3-96, 1996 жылғы 10 шілдедегі N 0000013, 1996 жылғы 20 қарашадағы N 0000019 Қазақстан Республикасы берген мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде қосымшада көрсетілген заемшылар (бұдан әрі - заемшылар) үшін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлемдерді, сондай-ақ кейіннен осы төлемдер кешіктірілген жағдайда, айыппұл пайыздарын төлеуді жүргізсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Бас Прокуратурасы (келісім бойынша), Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) оқшауландырылған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде, заемшылардың банкроттығы рәсіміне дейін барлық қажетті шараларды қолдансын және қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен орындалған заемшыларға қатысты оқшауландырылған мемлекеттік бюджет қаражатын қайтару жөнінде қолданылған шаралар және жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды мақсатты пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылық тексеру жүргізсін және оларды пайдалануды
бұзу фактілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас
Прокуратурасымен (келісім бойынша) бірлесіп, кінәлі адамдарды Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнінде
шаралар қолдансын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 мамырдағы
N 725 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік
емес сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі төлемдердің
Сомасы
________________________________________________________________________
Заемшы ! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі
ұйым !валютасы! күні ! сомасы ! борыш
________________________________________________________________________
Германия несие желісі
________________________________________________________________________
"Қазақтелеком" ААҚ DM 30.12.00 219 900,06 0,00
________________________________________________________________________
"Қазақтелеком" ААҚ DM 18.01.01 649 145,71 628 759,07
________________________________________________________________________
"Қазақтелеком" ААҚ DM 15.02.01 429 983,58 426 923,83
________________________________________________________________________
Франция несие желісі
________________________________________________________________________
"Батыс" ААҚ FRF 19.04.01 7 794 307,63 5 638 543,61
________________________________________________________________________
Израиль несие желісі
________________________________________________________________________
"Конденсат" АҚ USD 01.05.01 1 123 235,27 962 500,00
________________________________________________________________________
Жапония несие желісі
________________________________________________________________________
"Карметкомбинат" JPY 03.05.01 309 279 492,00 285 313 185,00
МАҚ
________________________________________________________________________
Канада несие желісі
________________________________________________________________________
"Конденсат" АҚ USD 15.05.01 1 596 666,67 1 291 666,67
________________________________________________________________________
Барлығы DM 1 299 029,35 1 055 682,90
________________________________________________________________________
FRF 7 794 307,63 5 638 543,61
________________________________________________________________________
JPY 309 279 492,00 285 313 185,00
________________________________________________________________________
USD 2 719 901,94 2 254 166,67
________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
______________________________________
Пайыздар ! Басқалары
______________________________________
Германия несие желісі
______________________________________
219 900,06 0,00
______________________________________
0,00 20 386,64
______________________________________
0,00 3 059,75
______________________________________
Франция несие желісі
______________________________________
2 155 764,02 0,00
______________________________________
Израиль несие желісі
______________________________________
160 577,08 158,19
______________________________________
Жапония несие желісі
______________________________________
23 966 307,00 0,00
______________________________________
Канада несие желісі
______________________________________
305 000,00 0,00
______________________________________
Барлығы
______________________________________
219 900,06 23 446,39
______________________________________
2 155 764,02 0,00
______________________________________
23 966 307,00 0,00
______________________________________
465 577,08 158,19
______________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.