Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, олардағы құрылыстарды және өндіріс кешендерін "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан, жедел басқару құқығымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес
келтірілсін, сондай-ақ оны іске асыру үшін өзге де қажетті шаралар
қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.