Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың зияндарын өтеу
үшін Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 52 (елу екі) миллион теңге
бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.28. N 364
қаулысымен.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
зардап шеккен азаматтарға өтелуге тиіс төлем мөлшерін анықтау жөнінде
комиссия құрсын;
өтелетін төлем сомасы зардап шеккен азаматтардың дербес есепшоттарына
комиссия актілерінің негізінде аударылсын;
2001 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттігіне қаражатты пайдалану туралы есепті ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Шарипова М.Е.