Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесі;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 893 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 893 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2001 жылғы 12 маусымдағы
N 808 қаулысымен    
бекітілген       

          Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын
           және құтқарушыларды аттестаттау ережесі

      1. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері, кәсіптік және ерікті авариялық-құтқару құрамалары (бұдан әрі - АҚҚ) және құтқарушылар аттестаттауға жатады.

      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылған АҚҚ және құтқарушыларды аттестаттау:

      1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындау даярлығының дәрежесін;

      2) тиісті техниканың, мүліктің және жабдықтардың болуы және жай-күйін;

      3) құтқарушылардың кәсіби дағдысына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық дайындығына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.20  N 820 Қаулысымен.

       3. АҚҚ және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

      1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады;

      2) АҚҚ мен құтқарушылардың қызметін жаңғырту үшін, өткен аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қайталама аттестаттау жүргізіледі;

      3) АҚҚ мен құтқарушыларды мерзімді аттестаттау оларды аттестаттау мерзімі өткен соң, бірақ, кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі;

      4) АҚҚ мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олардың орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі өзгерген жағдайда жүргізіледі.

      4. Аттестаттауды:

      1) өзі жұмыс істейтін құтқару бөлімшесінің ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өздерінің ведомстволық бағыныстағы және ведомстводан тыс авариялық-құтқару қызметін, құрамаларын аттестаттау және құтқарушыларға "Халықаралық сыныптағы құтқарушы" сыныптық біліктілігін беру үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - Уәкілетті орган) шешімімен;

      2) ведомстволық авариялық-құтқару қызметін және құрамаларын аттестаттау үшін Уәкілетті органның, министрліктің, агенттіктің, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен;

      3) құтқарушыларды аттестаттау үшін авариялық-құтқару қызметі, құрамалары бастықтарының шешімімен құрылған аттестаттау комиссиялары жүргізеді.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      5. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттауды АҚҚ басшылары мен құрылтайшыларының ұсынған материалдарының негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Қаралған материалдардың және жүргізілген тексерулердің негізінде АҚҚ, құтқарушылардың мақсатқа сай жұмыстарын орындау мүмкіндігі туралы қорытындысымен аттестаттау актісі жасалынады. Аттестаттау актісінің мазмұны құрылтайшылар мен АҚҚ басшыларына жеткізіледі.
      АҚҚ басшысы, құтқарушы аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспесе, оған Уәкілетті органға және одан әрі сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      6. Аттестатталған АҚҚ-на Уәкілетті орган:

      1) алынып тасталды;

       2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.20. N 820 Қаулысымен.

       7. Аттестаттаудан өткен құтқарушыларға құтқарушы куәлігі, құтқарушы кітапшасы мен белгіленген үлгідегі құтқарушы жетоны беріледі. Келесі аттестаттау кезінде құтқарушының кітапшасына тиісті жазу жазылады.

      8. Аттестаттаудан өтпеген АҚҚ-нан заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен:

      1) алынып тасталды;

       2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.20. N 820 Қаулысымен.

       9. Аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айырылады.

      10. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Уәкілетті органға жүктеледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2001 жылғы 12 маусымдағы
N 808 қаулысымен    
бекітілген       

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 893 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Некоторые вопросы аттестации аварийно-спасательных служб, формирований и спасателей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2001 года N 808. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 821

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2015 № 821 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра внутренних дел РК от 18.03.2015 г. № 246.


      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 марта 1997 года "Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила аттестации аварийно-спасательных служб, формирований и спасателей;
      2) исключен постановлением Правительства РК от 05.08.2014 № 893 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2007 года N 820 (вводится в действие со дня первого офиц. опуб.).
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                                Утверждены          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 12 июня 2001 года N 808

         
 Правила аттестации
      аварийно-спасательных служб, формирований и спасателей

   
      1. Аттестации подлежат профессиональные аварийно-спасательные службы, профессиональные и добровольные аварийно-спасательные формирования (далее - АСС) и спасатели.
      2. Аттестация АСС и спасателей, привлекаемых к ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, проводится с целью определения:
      1) степени готовности к выполнению ими аварийно-спасательных работ;
      2) наличия и состояния соответствующей техники, имущества и снаряжения;
      3) соответствия профессиональной выучки, медицинской подготовки, физической, психологической и моральной готовности спасателей.
      2-1. Аттестация АСС проводится с целью определения их соответствия квалификационным требованиям, предъявляемым к аварийно-спасательным службам и формированиям.
      Сноска. Пункт 2-1 дополнен постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2007 года N 820 (вводится в действие со дня первого офиц. опуб.).
       3. АСС и спасатели подлежат первичной, повторной, периодической и внеочередной аттестации:
      1) первичной аттестации подлежат вновь создаваемые АСС, а также граждане, решившие стать спасателями;
      2) повторная аттестация проводится после устранения всех недостатков, выявленных предыдущей аттестацией, для возобновления деятельности АСС и спасателей;
      3) периодическая аттестация АСС и спасателей проводится по истечении срока их аттестации, но не реже одного раза в три года;
      4) внеочередная аттестация АСС и спасателей производится в случае изменения вида выполняемой ими аварийно-спасательной работы.
      4. Аттестацию проводят аттестационные комиссии, создаваемые в установленном законодательством порядке:
      1) решением уполномоченного органа в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (далее - Уполномоченного органа) для аттестации своих подведомственных и вневедомственных аварийно-спасательных служб, формирований и присвоения спасателям классной квалификации "Спасатель международного класса", независимо от ведомственной подчиненности спасательного подразделения, в котором они работают;
      2) совместным решением Уполномоченного органа, министерства, агентства, местного исполнительного органа для аттестации ведомственных аварийно-спасательных служб и формирований;
      3) решением начальника аварийно-спасательной службы, формирования для аттестации спасателей.
       Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068.
      5. Аттестация АСС и спасателей проводится аттестационной комиссией на основании материалов, представляемых учредителями и руководителем АСС. На основании рассмотренных материалов и проведенных проверок составляется акт аттестации с заключением о возможности АСС, спасателей выполнять работы по предназначению. Содержание акта аттестации доводится до учредителей и руководителя АСС.
      В случае несогласия с заключением аттестационной комиссии руководитель АСС, спасатель имеют право обжаловать его в Уполномоченном органе и далее в судебном порядке.
      6. Аттестованным АСС Уполномоченным органом выдаются:
      1) исключен - от 20 сентября 2007 года N 820;
      2) свидетельства установленного образца на прав ведения поисково-спасательных, горноспасательных, газоспасательных, противофонтанных и иных аварийно-спасательных работ.
      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2007 года N 820 (вводится в действие со дня первого офиц. опуб.).
      7. Спасателям, прошедшим аттестацию, выдаются удостоверение спасателя, книжка спасателя и жетон спасателя установленных образцов. При последующих аттестациях производится соответствующая запись в книжке спасателя.
      8. У АСС, не прошедших аттестацию в порядке, установленном законодательными актами:
      1) исключен - от 20 сентября 2007 года N 820;
      2) отзывается свидетельство на право ведения поисково-спасательных, горноспасательных, газоспасательных, противофонтанных и иных аварийно-спасательных работ или приостанавливается его действие.
      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2007 года N 820 (вводится в действие со дня первого офиц. опуб.).
      9. Спасатели, не прошедшие аттестацию, утрачивают статус спасателей.
      10. Организация работы по аттестации АСС и спасателей возлагается на Уполномоченный орган.

                                              Утверждены
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                         от 12 июня 2001 года N 808
 

                     Квалификационные требования,
           предъявляемые к аварийно-спасательным
                   службам и формированиям

      Сноска. Квалификационные требования исключены постановлением Правительства РК от 05.08.2014 № 893 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).