"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ пен "ИТОЧУ Корпорейшн" корпорациясы арасындағы 2001 жылғы 11 сәуірдегі уран жөнелту туралы N 73-НАК келісім-шартқа сәйкес мөлшерде және шарттарда табиғи уранның шала тотық-тотық түріндегі (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) уран концентратының экспортына рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК ЖАҚ-қа қосымшаға сәйкес уран өнімінің экспортына лицензиялар берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті қосымшаға сәйкес жоғарыда көрсетілген өнімнің кедендік
ресімделуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетикасы жөніндегі
комитетіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 маусымдағы
N 826 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 11 сәуірдегі N 73-НАК келісім-шартқа
сәйкес "ИТОЧУ Корпорейшн" корпорациясы үшін "Қазатомөнеркәсіп"
ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы жөнелтетін
өнімдер мөлшері
___________________________________________________________________________
Р\с СЭҚ ТН Өнімнің атауы Өлшем Мөлшері Бір бірлік Жалпы
N коды бірлігі үшін бағасы құны АҚШ
АҚШ долла. доллары.
рымен мен
___________________________________________________________________________
1. 284410390 Табиғи уран кг,U 153859,2 кг 18,848 2 900 000
(табиғи уран.
ның шала
тотығы- фунт,U 400 000 фт 7,25
тотығы
U 308)
___________________________________________________________________________
Жүктің жүру бағыты:
1. Защита станциясы (Қазақстан Республикасы) - Локоть станциясы (Ресей Федерациясы) - Капитолово станциясы (Ресей Федерациясы) және әрі қарай 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 73-НАК келісім-шарт шарттарына сәйкес конвертор-кәсіпорындардың мекен-жайына теңіз көлігімен жеткізіледі.
2. Қарабалта станциясы (Қырғыз Республикасы) - Луговой станциясы (Қазақстан Республикасы) - Озинки станциясы (Ресей Федерациясы) - Капитолово станциясы (Ресей Федерациясы) және әрі қарай 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 73-НАК келісім-шарт шарттарына сәйкес
конвертор-кәсіпорындардың мекен-жайына теңіз көлігімен жеткізіледі.
3. Ақсу станциясы (Қазақстан Республикасы) - Петропавл станциясы
(Ресей Федерациясы) - Капитолово станциясы (Ресей Федерациясы) және әрі
қарай 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 73-НАК келісім-шарт шарттарына сәйкес
конвертор-кәсіпорындардың мекен-жайына теңіз көлігімен жеткізіледі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.