Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 3 шілде N 907

      Сотталғандарды ұстаудың жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Сотталғандар мен тергеу-қамауындағы адамдарды ұстауға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне көзделген қаражат есебінен және шегінде ("Түзеу мекемелері" кіші бағдарламасы) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/26 түзеу мекемесі" (бұдан әрі - мекеме) мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Мекеменің штат санының лимиті 375 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

      3. Мекеменің штат санын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргізілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) <*>
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.
      3) <*>
      Ескерту. 1),3)-тармақшалардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлімет көздерінің құпиясын ашу тәртібін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.

     7. Осы қаулы, оның 3-тармағынан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

О создании исправительного учреждения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2001 года N 907

      В целях улучшения условий содержания осужденных Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать государственное учреждение "Исправительное учреждение ЕЦ-166/26 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее - учреждение) за счет и в пределах средств, предусмотренных Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в республиканском бюджете на 2001 год на содержание осужденных и следственно-арестованных лиц (подпрограмма "Исправительные учреждения").
      2. Установить лимит штатной численности учреждения в количестве 375 единиц.
      3. Финансирование расходов на содержание штатной численности учреждения производить из республиканского бюджета с 1 января 2002 года.
      4. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав учреждения и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      5. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение:
      1)  (подпункт утратил силу - постановлением  Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1443);
      2) (подпункт утратил силу - постановлением Правительства РК от 28 декабря 2001 года N 1755 P011755_  ).
      3) (подпункт утратил силу - постановлением  Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1443);
      6. Агентству Республики Казахстан по защите государственных секретов разработать и внести на утверждение Правительства Республики Казахстан Правила рассекречивания носителей сведений, составляющих государственные секреты.
      7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания, кроме пункта 3.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан