Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын 2001 жылға қалыптастыру мен пайдаланудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 шілде N 912

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Z010143_ Заңына, "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес және үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемдік астықпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік жемдік астық ресурстарының 2001 жылғы көлемін 50 000 (елу мың) тоннаға дейінгі мөлшерде қалыптастырсын.
      2. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарының 2001 жылғы пайдалану көлемі

 

12 400 (он екі мың төрт жүз) тонна мөлшерінде белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада

белгіленген тәртіппен:

     1) жемдік астыққа мұқтаж ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің

тізбесін анықтасын;

     2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарының пайдаланылуын бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Вопросы формирования и использования государственных ресурсов фуражного зерна на 2001 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2001 года N 912

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 2001 года Z010143_ "О зерне", постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2001 года N 394 P010394_ "Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов зерна" и в целях обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей Республики Казахстан фуражным зерном на текущий год Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке сформировать объем государственных ресурсов фуражного зерна на 2001 год в размере до 50 000 (пятьдесят тысяч) тонн.
      2. Установить объем использования государственных ресурсов фуражного

 

зерна на 2001 год в размере 12 400 (двенадцать тысяч четыреста) тонн.

     3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в

установленном законодательством порядке:

     1) определить перечень сельскохозяйственных товаропроизводителей,

нуждающихся в фуражном зерне;

     2) обеспечить контроль за использованием государственных ресурсов

фуражного зерна.

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Пучкова О.Я.)