Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту, парламентаралық байланыстарды дамыту және оларды неғұрлым жоғары деңгейге шығару, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының Конгресi өкілдерiнiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-хаттамалық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 9-11 тамыз кезеңiнде Америка Құрама Штаттарының Конгресi өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарын (бұдан әрi - сапар) өткiзу ұйымдастырылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Америка Құрама Штаттарының Конгресi өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарын өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен 1212360 (бiр миллион екi жүз он екi мың үш жүз алпыс) теңге сомасында Бiшкек-Алматы бағыты бойынша жол жүруге және Алматы, Астана қалаларында делегация мүшелерінің тұруына шығыстарды
қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 17 шiлдедегі
N 967 қаулысымен
бекiтілген
Америка Құрама Штаттарының Конгресi өкiлдерiнің Қазақстан
Республикасына жұмыс бабындағы сапарын өткiзу жөнiндегi
iс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Iс-шаралар !Орындау мерзiмi!Орындалуына жауаптылар
р/с! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1. Осы iс-шараны өткiзуге байланысты 2001 жылғы Қазақстан
шығыстарды 2001 жылға арналған 30 шілде Республикасының
республикалық бюджетте "Өкiлдiк Сыртқы істер
шығыстар" бағдарламасы бойынша министрлігі
көзделген қаражаттың есебiнен
төлеу жөнiндегi мыналарға
арналған смета жобасын жасау:
1) Алматы-Астана-Алматы бағыты
бойынша американдық
делегацияның ұшып өтуi;
2) Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi атынан
ресми қабылдау ұйымдастыру;
3) американдық делегацияны
автокөлiкпен қамтамасыз ету;
4) американдық делегацияның
мүшелерi үшiн ескерткiш
сыйлықтар дайындау;
5) американдық делегацияның
тұруын төлеу
2. Американдық делегация мүшелерi 2001 жылғы Қазақстан
үшiн Алматы-Пекин бағыты 30 шілде Республикасының Көлік
бойынша "Эйр Қазақстан" және коммуникациялар
авиакомпаниясының авиабилеттерін министрлігі
сатып алу кезiнде жеңiлдiктер
беруге жәрдем көрсету
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы 2001 жылғы Қазақстан
iстер министрлігіне сапарға 3 тамыз Республикасының
қажетті материалдар ұсыну Қорғаныс министрлігі,
Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлiгi,
Экономика және сауда
министрлiгi, Көлiк
және коммуникациялар
министрлігі
4. Американдық делегацияның болуы 2001 жылғы Қазақстан
бағдарламасының жобасын бекiту 3 тамыз Республикасының Сыртқы
істер министрлігі,
Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
5. Американдық делегация мүшелерiн 2001 жылғы Қазақстан
орналастыру, оларға қызмет 3 тамыз Республикасының Сыртқы
көрсету, сондай-ақ Бiшкек - істер министрлігі,
Алматы бағыты бойынша, сонымен Қазақстан Республикасы
қатар Алматы және Астана Президентінің Іс
қалаларында делегацияны Басқармасы (келісім
автокөлiкпен қамтамасыз ету бойынша), Астана және
жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау Алматы қалаларының
әкімдері
6. Астана және Алматы қалаларының 2001 жылғы Қазақстан
әуежайларында американдық 9-11 тамыз Республикасының Сыртқы
делегацияны күтiп алуды және істер министрлігі,
шығарып салуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс
Басқармасы (келісім
бойынша), Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері
7. АҚШ Конгресi өкiлдерiнiң 2001 жылғы Қазақстан
қоғамдық ұйымдар (үкiметтiк 9-11 тамыз Республикасының Сыртқы
емес ұйымдар, еврей қауымы), істер министрлігі,
конверсиялық кәсiпорындардың Алматы және Астана
өкiлдерiмен кездесулерiн қалаларының әкімдері
ұйымдастыруға, сондай-ақ
Алматы және Астана
қалаларының көрікті орындарын
аралауда жәрдем көрсету
8. Бағдарламаға сәйкес АҚШ Конгресі 2001 жылғы Қазақстан
өкілдерімен кездесулер 9-11 тамыз Республикасының
ұйымдастыру Сыртқы істер
министрлігі,
Қорғаныс министрлігі,
Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлiгi,
Экономика және сауда
министрлiгi, Көлiк
және коммуникациялар
министрлігі
9. Американдық делегация 2001 жылғы Қазақстан
мүшелерінің әуежайларда, тұру 9-11 тамыз Республикасының
және бару орындарында Ішкі істер министрлігі
қауіпсіздігін және еріп жүруді
қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.