Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Эксимбанк) аудиторлық ұйыммен 2001 жылғы 1 қаңтар - 1 маусым кезеңі үшін аудит жүргізуге арналған шарт жасасуын;
2) жарғылық капиталдың мөлшерін Эксимбанктің меншікті капиталы деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылғы 1
қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Эксимбанк
міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы ұсыныстарын енгізсін.
3. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен
бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
6-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы:
10-1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.