Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 P990796_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанындағы "Сыртқы істер министрлігі" деген
сөздер "Президенттің Іс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Астана
қаласы, Кенесары көшесі, 103 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік
ғимараты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.