"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жеке мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі N 1226 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына , "Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756  қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол саласында монополиясыздандыру және бәсекелестік ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін.

      2. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жол жөндеу" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Жол жөндеуші" ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысында оның қызметінің негізгі түрі темір жол жолдарын күрделі және орташа жөндеуді жүзеге асыру деп көздеп, оны бекітуді; 
      2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін; 
      3) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне беруді; 
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-17-жолмен толықтырылсын:

      "21-17           "Жол жөндеуші" ААҚ";

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-10-жолмен толықтырылсын:

      "160-10          "Жол жөндеуші" ААҚ".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2001 жылғы 22 қыркүйектегі  
N 1226 қаулысына       
қосымша            

  "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындар
тізбесі

     ----------------------------------------------------------
      N !           Атауы           !         Мекен-жайы
     ----------------------------------------------------------
     1   "Инфрақұрылым" еншілес             Астана қаласы
         мемлекеттік кәсіпорны

     2   "Локомотив" еншілес                Астана қаласы
         мемлекеттік кәсіпорны

     3   "Жүк тасымал" еншілес              Астана қаласы
         мемлекеттік кәсіпорны

     4   "Вагон паркін басқару              Астана қаласы
         жөніндегі бірінші 
         мемлекеттік компания" 
         еншілес мемлекеттік 
         кәсіпорны

     5   "Вагон паркін басқару              Астана қаласы
         жөніндегі екінші  
         мемлекеттік компания" 
         еншілес мемлекеттік 
         кәсіпорны

     6   "Вагон паркін басқару              Астана қаласы
         жөніндегі үшінші  
         мемлекеттік компания" 
         еншілес мемлекеттік 
         кәсіпорны
     ----------------------------------------------------------

Отдельные вопросы Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2001 года N 1226

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 года N 2335 "О государственном предприятии", постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2001 года N 756 "Об утверждении Программы реструктуризации железнодорожного транспорта Республики Казахстан на 2001-2005 годы", а также в целях дальнейшей демонополизации и развития конкурентной среды в железнодорожной отрасли Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Разрешить Республиканскому государственному предприятию "Казакстан темiр жолы" создание дочерних государственных предприятий согласно приложению.
      2. Реорганизовать дочернее государственное предприятие "Ремпуть" Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы" путем преобразования его в открытое акционерное общество "Жол жондеушi" (далее - Общество) со 100-процентным государственным участием в уставном капитале.
      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) утверждение Устава Общества, предусмотрев в нем основным видом его деятельности осуществление капитального и среднего ремонта железнодорожных путей;
      2) государственную регистрацию Общества;
      3) передачу права владения и пользования государственным пакетом акций Общества Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      4. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением: раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-17, следующего содержания:
      "21-17 ОАО "Жол жендеушi";
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
     в приложении к указанному постановлению:
     раздел "Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 160-10, следующего содержания:
     "160-10                  ОАО "Жол жендеушi".
     5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.    

     Первый заместитель
     Премьер-Министра
     Республики Казахстан

                                     Приложение
                                     к постановлению Правительства
                                     Республики Казахстан
                                     от 22 сентября 2001 года N 1226

                                Перечень
              создаваемых дочерних государственных предприятий
               Республиканского государственного предприятия
                          "Казакстан темiр жолы "

--------------------------------------------------------------------
N  |           Наименование                       |Месторасположение
--------------------------------------------------------------------
1  | Дочернее государственное предприятие            город Астана
   | "Инфраструктура"                             

2  | Дочернее государственное предприятие            город Астана
   | "Локомотив"                                    

3  | Дочернее государственное предприятие            город Астана
   | "Грузовые перевозки"                          

4  | Дочернее государственное предприятие "Первая    город Астана
   | государственная компания по управлению вагонным
   | парком"                                        

5  | Дочернее государственное предприятие "Вторая    город Астана
   | государственная компания по управлению вагонным
   | парком"                                        

6  | Дочернее государственное предприятие "Третья    город Астана
   | государственная компания по управлению вагонным
   | парком"                                         --------------------------------------------------------------------