"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі" және "Теміржолмүлік" еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қыркүйек N 1227

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 P010756_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі" және "Теміржолмүлік" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды тиісінше "Әскерилендірілген темір жол күзеті" және "Теміржолмүлік" ашық акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - Қоғамдар) етіп қайта құру жолымен, жарғылық капиталдарына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамдардың жарғыларын бекіту кезінде:
      "Әскерилендірілген темір жол күзеті" - темір жолда жүктерді алып жүру және күзету, темір жол саласының объектілерін күзету;
      "Теміржолмүлік" - ғимараттар мен құрылыстарды ұстау және пайдалану, құрылыс және жөндеу қызметінің негізгі мәні болып белгілесін;
      2) Қоғамдардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) Қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне берсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері

 

мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен

шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:

     "Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-53,

123-54-жолдармен толықтырылсын:

     "123-53  "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ;

      123-54  "Теміржолмүлік" ААҚ";

     2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27

мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне"

бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 160-8, 160-9-жолдармен

толықтырылсын:

     "160-8   "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ;

      160-9   "Теміржолмүлік" ААҚ".

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары





Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





О реорганизации дочерних государственных предприятий Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы" "Специальная военизированная служба охраны" и "Желдоримущество"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2001 года N 1227

      В соответствии с P010756_ Программой реструктуризации железнодорожного транспорта Республики Казахстан на 2001-2005 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2001 года N 756, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать дочерние государственные предприятия Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы" "Специальная военизированная служба охраны" и "Желдоримущество" путем преобразования их соответственно в открытые акционерные общества "Военизированная железнодорожная охрана" и "Желдоримущество" (далее - Общества) со 100-процентным государственным участием в уставных капиталах.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) при утверждении уставов Обществ определить основным предметом деятельности:
      "Военизированная железнодорожная охрана" - сопровождение и охрана грузов на железной дороге, охрана объектов железнодорожной отрасли;
      "Желдоримущество" - содержание и эксплуатация зданий и сооружений, выполнение строительных и ремонтных работ;
      2) обеспечить государственную регистрацию Обществ;
      3) передать права владения и пользования государственными пакетами акций Обществ Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
      4) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 P990405_ "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и государственные доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Алматы" дополнить строками, порядковые номера 123-53, 123-54 следующего содержания:

 

     "123-53        ОАО "Военизированная железнодорожная охрана";

     123-54         ОАО "Желдоримущество";

     2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999

года N 659 


P990659_


  "О передаче прав по владению и пользованию

государственными пакетами акций и государственными долями в организациях,

находящихся в государственной собственности":

     в приложении к указанному постановлению:

     раздел "Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан"

дополнить строками, порядковые номера 160-8, 160-9 следующего содержания:

     "160-8         ОАО "Военизированная железнодорожная охрана";

     160-9          ОАО "Желдоримущество".

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Первый заместитель

     Премьер-Министра

     Республики Казахстан


(Специалисты: Склярова И.В.,     

              Умбетова А.М.)