Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21 N 279 Қаулысымен.
"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
"Алматы облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Тамғалы кешені, Жамбыл ауданы,
қола заманы Қарабастау кентінен
4 шақырым жерде археология".