Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Ми-8 тiкұшақтарын мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнің аэродромдарында тiкұшақтарды техникалық қамсыздандыруды жүргiзу;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнің экипаждарымен тiкұшақтарды пайдалануды жүзеге асыру жағдайларында кейбiр жергiлiктi атқарушы органдардың пайдалануына берсiн.
2. Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әкiмдеріне тiкұшақтарды пайдалануға байланысты, тiкұшақтарды ұшуға жарамды нормаға дейiн қалпына келтiру жөніндегi жұмыстар мен iс-шараларды қаржыландыру жергілiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен жүргiзу ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен мыналардың:
1) берiлетiн тiкұшақтарды пайдалануға байланысты ұшу экипаждарының iссапар шығыстарын;
2) тiкұшақтарды техникалық қамсыздандыруды жүргiзу шығындарын өтеу мүмкiндiгін қарастырсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Әуе қорғанысы күштерiнiң тiкұшақтар паркiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және жауынгерлiк дайындық жағдайын
жақсарту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 799 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 5-жолда:
"17" деген сан "14" деген санмен ауыстырылсын;
"93162", "4"; "93016", "4"; "93030", "4" деген сандар алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 қазандағы
N 1323 қаулысына
қосымша
Кейбір жергілікті атқарушы органдардың пайдалануына
берілетін Ми-8 тікұшақтарының тізбесі
р/с! Авиация !Зауыттық! Шығарылған ! Орналасқан ! Жергілікті |
1 <*>
2 Ми-8 МТ 93162 1981 жылғы Тараз қаласы Маңғыстау
30 сәуір облысы
3 <*>
-------------------------------------------------------------------
Ескерту. Тізбеден 1,3-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 325 қаулысымен.