Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қазан N 1351. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.19. N 1075 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N  359  және "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N  573     Жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнің              
2001 жылғы 23 қазандағы        
N 1351 қаулысымен           
бекiтiлген                

Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың
мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен тiркеудi жүргiзу тәртiбiн анықтайды. 
      2. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен тiркеу мына мақсаттарда жүзеге асырылады: 
      азаматтар мен ұйымдарды дерекқорларда бар ақпараттар туралы, сондай-ақ оларға қол жеткiзу тәртiбi туралы хабардар ету; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдарын ақпараттық қамсыздандыруды ұйымдастыру; 
      дерек беру желiлерiнiң бар екендiгi, жай-күйi мен параметрлерi туралы, өздерi қолдайтын деректер беру хаттамалары, тораптардың аймақтық орналасуы, қорғалу дәрежесi туралы хабардар ету; 
      ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды әзiрлеушiлер үшiн қолда бар деректер туралы және басқа дерекқорлармен ақпарат алмасуды жолға қою немесе олармен кiрiгу мүмкiндiктерi туралы ақпарат беру. 
      3. Әзiрленуi мен құрылуы мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк дерекқорлар және деректердi беру желiлерi мiндеттi түрде мемлекеттiк есепке алынуы және тiркелуi тиiс. 
      Мемлекеттiк емес дерекқорларды және деректер беру желiлерiн мемлекеттiк тiркеу көрсетiлген дерекқорлар және деректердi беру желiлерi иелерiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. 
      Мемлекеттiк емес дерекқорларды және деректер беру желiлерiн жаңарту (өзектi ету) көрсетiлген дерекқорлар және деректер беру желiлерi иелерiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. 
      Дерекқорларды мемлекеттiк есепке алу оларды әзiрлеу кезеңiнде жүзеге асырылады. 
      Дерекқорларды мемлекеттiк тiркеу олар пайдалануға қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. 
      Деректер беру желiлерiн мемлекеттiк тiркеу оның иесi деректер беру қызметiн көрсетуге белгiленген тәртiппен тиiстi лицензия алғаннан кейiн жүзеге асырылады. 
      Осы Ереженi бекiту кезiне пайдаланымда болған мемлекеттiк дерекқорлар және мемлекеттiк деректер беру желiлерi Ереже жарияланған күннен бастап 3 ай iшiнде тiркелуi тиiс. 
      4. Мемлекеттiк есепке алу және тiркеу жалпы пайдаланудағы дерекқорларды да, басқару, өндiру, зерттеу және басқа да процестердi қамтамасыз ету үшiн түрлi автоматтандырылған жүйелерде пайдаланылатын дерекқорларды да қамтиды. 
      Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтерге жатқызылған ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды қоспағанда, кез келген тақырыптық бағыттағы, мақсаттағы және құрылымдағы ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар осы Ережеге сәйкес мемлекеттiк есепке алынуы және тiркелуi тиiс. Бұл ретте  заңнамаға   сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтерге жатқызылған ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар тек Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң келiсiмiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң рұқсат етуiмен, қорғау және оларға қол жеткiзудi шектеу жөнiндегi қажеттi iс-шаралар сақтала отырып, есепке алынуы және тiркелуi тиiс. 
      5. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен тiркеудi мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - уәкiлеттi ұйым) жүзеге асырады. 
      6. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды тiркеу ресурс иесiнiң өтiнiмi негiзiнде жүргiзiледi. Уәкiлеттi ұйым көрсетiлген өтiнiмдi алған кезден бастап бiр айдың iшiнде оны тiркеп, тiркеу куәлiгiн бередi не нысанды тiркеуден жазбаша дәлелдi бас тартады. 
      Мемлекеттiк дерекқорлар және мемлекеттiк деректер беру желiлерi үшiн тiркеу және тiркеу туралы куәлiктер беру ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiркелiмi қызметiне бөлiнетiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттiк емес дерекқорларды және мемлекеттiк емес деректер беру желiлерiн тiркеу және тiркеу туралы куәлiктердi ресiмдеу белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша, ақылы негiзде жүзеге асырылады. 
      Дерекқорларды әзiрлеу туралы хабарлама, тiркелу өтiнiмдерi, дерекқорлар және деректер беру желiлерiн тiркеу туралы куәлiктер нысандарын, сондай-ақ тiркелу өтiнiмдерiн толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілеттi орган бекiтедi. 
      7. Уәкiлеттi ұйым Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiркелiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiркелiм) жүргiзедi, сондай-ақ тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы дерекқор жасайды және пайдаланады. 
      8. Уәкілеттi ұйым құрылатын және пайдаланымдағы дерекқорлар және деректер беру желiлерi туралы мәлiметтердi мемлекеттiк есепке алу мен тiркеу үшiн, ұйымдар мен кәсіпорындарға оларды дайындауда қажеттi әдiстемелiк көмек көрсетедi.

2. Ережеде пайдаланылатын негiзгi түсініктер 

       9. Ережеде мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады: 
      1) ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар - дерекқорлар және деректердi беру желiлерi; 
      2) дерекқор - машина оқуы көздерiнде ұйымдастырылған өзара байланысты деректер жиынтығы; 
      3) мемлекеттiк дерекқор - толығынан немесе iшiнара мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жасалған, сатып алынған, жинақталған немесе алып жүретiн деректер қоры; 
      4) деректер беру желiсi - заңды және жеке тұлғалар арасында ақпарат алмасуды, ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi және ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн жүйеге бiрiктiрiлген телекоммуникациялық жабдық; 
      5) мемлекеттiк деректер беру желiсi - толығынан немесе iшiнара мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жасалған, сатып алынған, жинақталған немесе алып жүретiн деректер беру желiсi; 
      6) ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иесi - көрсетiлген ресурстарға иелiктi және пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.

3. Дерекқорларды есепке алу және тiркеу 

       10. Мемлекеттiк дерекқорларды сатып алуды және пайдаланымды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар уәкiлеттi ұйымға хабарлама немесе тiркелу өтiнiмдерiн жiбередi. 
      11. Мемлекеттiк дерекқорларды есепке алу үшiн оларды әзiрлеу басталғаны туралы хабарлама: 
      дерекқорларды әзiрлеушiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес анықталған шарт жасасқан; 
      әзiрленуi оны орындауға арналған шартта немесе техникалық тапсырмада көзделген жұмыстың құрамдас бөлiгi немесе жеке кезеңi болып табылатын дерекқорлар бойынша жұмыстың тиiстi кезеңi басталған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде жiберiледi. 
      12. Мемлекеттiк дерекқорларды тiркеу үшiн тiркелу өтiнiмдерi оларды пайдаланымға қабылдаған немесе оларды беру туралы шарт орындалған (жасалып қойған дерекқорларды сатып алу жағдайында) кезден бастап 20 күндiк мерзiмде жiберiледi. 
      Тiркелу өтiнiмiнде көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн өтiнiм берушi (дерекқор иесi) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен жауапты болады. 
      13. Мемлекеттiк емес дерекқорлар иесiнiң бастамасы бойынша мемлекеттiк тiркеуге өтiнiмдердi ресiмдеу пайдаланымның кез келген кезеңiнде жүргiзiледi. Мемлекеттiк емес дерекқорды әзiрлеу туралы хабарлау талап етiлмейдi. 
      14. Тiркелу өтiнiмдерi мен хабарламаның бiр данасы уәкiлеттi ұйымға магниттiк көздерде электронды түрде немесе уәкiлетті ұйымның тiркеу қызметi электронды почтасының ресми атауы бойынша жiберiледi. Өтiнiм мәтiнi қағаз көзге көшiрiледi және өтiнiш берушi ұйымның басшысы қол қойған әрi мөрiмен куәландырылған тапсырыс хатпен, бандерольмен немесе шабарманмен уәкiлеттi ұйымға жiберiледi. 
     Дұрыс ресiмделмеген тiркелу өтiнiмдерi қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, түзету үшiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
     Өтiнiм берушiлер қайтарылған тiркелу өтiнiмiн алған күннен бастап 10 күндiк мерзiмде, тiркелу өтiнiмiнiң қайтарылу себептерiн жойғаннан кейiн, тiркелу өтiнiмiн қайтадан тiркеу үшiн жiбередi.
     15. Уәкiлеттi ұйым дұрыс ресiмделген тiркелу өтiнiмiн алған кезден бастап 20 күн iшiнде өтiнiм берушiнің дерекқорын Мемлекеттiк тiркелiмге кiргiзуге және оған тiркеу нөмiрiн беруге, өтiнiш берушiге тiркеу туралы куәлiк беруге мiндеттi.

4. Деректер беру желiлерiн тiркеу 

     16. Мемлекеттiк деректер беру желiлерiнiң иелерi Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттiк тiркелiмiне тiркеу үшiн тiркелу өтiнiмдерiн желiлердi пайдаланымға енгiзген кезден бастап 20 күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
     17. Деректер беру желiлерi үшiн тiркелу өтiнiмдерiн беру осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
     18. Тiркелу өтiнiмiнде көрсетiлген мәлiметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшiн өтiнiм берушi (деректер беру желiсiнiң иесi) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерінде белгiленген тәртiппен жауапты болады.

5. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттік
тiркелiмiнiң мәлiметтерiн жаңарту (өзектi ету) 

       19. Тiркелгенi туралы куәлiгi бар ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иесi жыл сайын 31 наурыздан кешiктiрмей уәкiлеттi ұйымға ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың толық жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттамасын (тiркелу өтiнiмi нысаны бойынша) немесе ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы себептерiн қысқаша мазмұндай отырып, еркiн нысанда хабар ұсынуға мiндеттi. 
      20. Жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттама немесе ақпараттық- телекоммуникациялық ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi ұйым оның иесiне Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттiк тiркелiмiнің мәлiметтерiн жаңарту қажеттiгi туралы жазбаша еске салу жiбередi. 
      Егер иеленушiге жазбаша еске салу жiберген кезден бастап 2 апталық мерзiмде жаңартылған (өзектi етiлген) сипаттама немесе ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар түспесе, уәкiлеттi ұйым ресурсты әзiрлеудi немесе пайдалануды қаржыландырушы мемлекеттiк органға тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн тиiстi хабарлама жiбередi. 
      Хабарламаның көшiрмесi мәлiмет үшiн байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi. 
      21. Уәкiлеттi ұйым тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар иелерінен тіркеу деректерiнің құрамын немесе мазмұнын нақтылаумен немесе оның өзгеруiмен байланысты ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы қосымша ақпарат сұрауға құқылы. 
      22. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурсты пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабар алынған жағдайда, оның Мемлекеттiк тiркелiмдегi тiркеу күшi жойылады, бұл туралы осы ресурс иесiне тiркеу күшi жойылған кезден бастап бiр ай iшiнде жазбаша түрде хабарланады. 
      23. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесе, уәкiлеттi ұйымды тарта отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану жөнiнде тексерудi жүзеге асыруға құқылы. 
      Тексеру барысында мыналар зерделенедi: 
      мемлекеттiк ақпараттық ресурстар иелерiнiң Ақпараттық- телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттiк тiркелiмiне ұсынған мәлiметтерiнiң дұрыстығы, толықтығы және өзектiлiгi; 
      мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету бойынша ақылы қызметтер көрсету жағдайының қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi; 
      егер мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi шектеулер бар болса, қолданыстағы заңнаманың талаптары ескерiле отырып, ондай шектеулердiң негiздiлiгi. 

 

6. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды
тiркеу туралы мәлiметтердi ұсыну мен жариялау тәртiбi 

       24. Уәкiлеттi ұйым байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органға ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды есепке алу мен тіркеу барысы туралы тоқсан сайынғы есепті, сондай-ақ оларды өзекті ету туралы мәліметтерді ұсынады. 
      25. Уәкілетті ұйым тоқсан сайын орталық мемлекеттік атқарушы органдарға жаңадан тіркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы қысқаша талдау анықтамалар жібереді.
      26. Уәкілетті ұйым есепке алынған және тіркелген ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар туралы мәліметтерді жариялайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген дерекқорлар туралы және Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімі дерекқорының негізінде ақылы ақпараттық қызметтер көрсетеді. 
     27. Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстар тіркелімі дерекқорларының үзінділері және жалпы сипаттағы талдау материалдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Веб-сайтының тиісті бөлімдерінде жариялануға тиіс.     

 

Об утверждении Правил ведения государственного регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2001 года N 1351. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 октября 2004 года N 1075 (P041075)

      В целях реализации Указов Президента Республики Казахстан от 14 марта 2000 года N 359 U000359_  "О Государственной программе обеспечения информационной безопасности Республики Казахстан на 2000-2003 годы" и от 16 марта 2001 года N 573 U010573_  "О Государственной программе формирования и развития национальной информационной инфраструктуры Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан   

                                                 Утверждены
                                      постановлением Правительства
                                           Республики Казахстан
                                    от 23 октября 2001 года N 1351

                               Правила
                  ведения государственного регистра
             информационно-телекоммуникационных ресурсов

                         1. Общие положения

      1. Правила ведения государственного регистра информационно- телекоммуникационных ресурсов (далее - Правила) определяют порядок проведения государственного учета и регистрации информационно- телекоммуникационных ресурсов физических или юридических лиц Республики Казахстан.
      2. Государственный учет и регистрация информационно- телекоммуникационных ресурсов осуществляются в целях:
      информирования граждан и организаций о содержащейся в базах данных информации, а также о порядке доступа к ней;
      организации информационного обеспечения органов государственной власти Республики Казахстан;
      информирования о наличии, состоянии и параметрах сетей передачи данных, поддерживаемых ими протоколах передачи данных, территориальном расположении узлов, степени защищенности;
      предоставления информации для разработчиков информационных систем и баз данных об имеющихся данных и возможностях налаживания обмена информацией с другими базами данных или интеграции с ними.
      3. Государственные базы данных и сети передачи данных на территории Республики Казахстан, разработка и создание которых финансируется из государственного бюджета, подлежат обязательному государственному учету и регистрации.
      Государственная регистрация негосударственных баз данных и сетей передачи данных может производиться по инициативе собственников указанных баз данных и сетей передачи данных.
      Обновление (актуализация) негосударственных баз данных и сетей передачи данных может производиться по инициативе собственников указанных баз данных и сетей передачи данных.
      Государственный учет баз данных осуществляется на этапе их разработки.
      Государственная регистрация баз данных осуществляется после приемки их в эксплуатацию.
      Государственная регистрация сетей передачи данных осуществляется после получения владельцем соответствующей лицензии на оказание услуг передачи данных в установленном порядке.
      Государственные базы данных и государственные сети передачи данных, находящиеся в эксплуатации к моменту утверждения настоящих Правил, должны быть зарегистрированы в течение 3 месяцев со дня их опубликования.
      4. Государственный учет и регистрация охватывают как базы данных общего пользования, так и базы данных, использующиеся в различных автоматизированных системах для обеспечения процессов управления, производства, исследований и других.
      Государственному учету и регистрации в соответствии с настоящими Правилами подлежат информационно-телекоммуникационные ресурсы любой тематической направленности, назначения и структуры, за исключением информационно-телекоммуникационных ресурсов, отнесенных, в соответствии с законодательством, к сведениям, составляющим государственные секреты Республики Казахстан. Причем, информационно-телекоммуникационные ресурсы, отнесенные, в соответствии с законодательством, к сведениям, составляющим государственные секреты Республики Казахстан подлежат учету и регистрации только по согласованию с Агентством Республики Казахстан по защите государственных секретов и с разрешения Комитета национальной безопасности с соблюдением необходимых мероприятий по защите и ограничению доступа к ним.
      5. Государственный учет и регистрацию информационно- телекоммуникационных ресурсов осуществляет уполномоченная организация по созданию и организации взаимодействия государственных информационных систем (далее - уполномоченная организация).
      6. Государственная регистрация информационно-телекоммуникационных ресурсов производится на основании заявки владельца ресурса. Уполномоченная организация в течение одного месяца с момента получения указанной заявки производит его регистрацию с выдачей свидетельства о регистрации, либо мотивированного отказа в регистрации в письменной форме.
      Регистрация и выдача свидетельств о регистрации для государственных баз данных и государственных сетей передачи данных осуществляются за счет средств республиканского бюджета, выделяемых на функционирование государственного регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов.
      Регистрация и оформление свидетельств о регистрации негосударственных баз данных и негосударственных сетей передачи данных осуществляется на платной основе по тарифам, утвержденным в установленном порядке.
      Формы извещения о разработке базы данных, регистрационной заявки, свидетельства о регистрации базы данных и сетей передачи данных, а также инструкция по заполнению регистрационной заявки утверждаются уполномоченным органом в области связи и информатизации.
      7. Уполномоченная организация ведет Государственный регистр информационно-телекоммуникационных ресурсов (далее - Государственный регистр), а также создает и эксплуатирует базу данных о зарегистрированных информационно-телекоммуникационных ресурсах.
      8. Уполномоченная организация оказывает методическую помощь организациям и предприятиям в подготовке сведений о создаваемых и эксплуатируемых базах данных и сетях передачи данных, необходимых для их государственного учета и регистрации.

               2. Основные понятия, используемые в Правилах

      9. В Правилах используются следующие основные понятия:
      1) информационно-телекоммуникационные ресурсы - базы данных и сети передачи данных;
      2) база данных - совокупность организованных взаимосвязанных данных на машиночитаемых носителях;
      3) под государственной базой данных понимается база данных, созданная, приобретенная, накапливаемая или сопровождаемая полностью или частично за счет средств государственного бюджета;
      4) сеть передачи данных - объединенное в систему телекоммуникационное оборудование для организации обмена информацией между юридическими и физическими лицами, доступа к информационным ресурсам и взаимодействия информационных ресурсов;
      5) под государственной сетью передачи данных понимается сеть передачи данных, созданная, приобретенная или сопровождаемая полностью или частично за счет средств государственного бюджета;
      6) владелец информационно-телекоммуникационных ресурсов - юридическое и физическое лицо, осуществляющее владение и пользование указанными ресурсами.

                     3. Учет и регистрация баз данных

      10. Государственные органы, осуществляющие закупку и эксплуатацию государственных баз данных, направляют в уполномоченную организацию извещения или регистрационные заявки.
      11. Извещения о начале разработки государственных баз данных для их учета направляются в 20-дневный срок со дня:
      заключения договора с разработчиком баз данных, определенным в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках;
      начала соответствующего этапа работы по базам данных, разработка которых является составной частью или отдельным этапом работы, предусмотренным в договоре или в техническом задании на ее выполнение.
      12. Регистрационные заявки направляются для регистрации государственных баз данных в 20-дневный срок с момента приемки их в эксплуатацию или выполнения договора на их поставку (в случае закупки уже созданных баз данных).
      Ответственность за полноту и достоверность сведений, указанных в регистрационной заявке, несет заявитель (владелец базы данных) в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.
      13. Оформление заявок на государственную регистрацию по инициативе собственников негосударственных баз данных производится на любом этапе эксплуатации. Извещение о разработке негосударственной базы данных не требуется.
      14. Регистрационные заявки и извещения в одном экземпляре направляются в уполномоченную организацию в электронном виде, на магнитных носителях или по официальному адресу электронной почты службы регистрации уполномоченной организации. Текст заявки дублируется на бумажном носителе и вместе с заявлением на регистрацию, подписанным руководителем и заверенным печатью организации - заявителя, направляется в уполномоченную организацию заказным письмом (бандеролью) или нарочным.
      Неправильно оформленные регистрационные заявки возвращаются заявителю с указанием причин возврата для исправления.
      Заявители, после устранения причин возврата регистрационной заявки в 10-дневный срок со дня получения возвращенной регистрационной заявки повторно направляет регистрационную заявку для регистрации.
      15. Уполномоченная организация обязана в течение 20 дней с момента получения правильно оформленной регистрационной заявки включить в Государственный регистр базу данных заявителя и присвоить ей регистрационный номер, выдать заявителю свидетельство о регистрации.

                  4. Регистрация сетей передачи данных

     16. Владельцы государственных сетей передачи данных обязаны направлять регистрационные заявки для регистрации в Государственном регистре информационно-телекоммуникационных ресурсов в течение 20 дней с момента ввода их в эксплуатацию.
     17. Подача регистрационных заявок для сетей передачи данных осуществляется в порядке, установленном пунктом 14 настоящих Правил.
     18. Ответственность за полноту и достоверность сведений, указанных в регистрационной заявке, несет заявитель (владелец сети передачи данных) в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.

         5. Обновление (актуализация) сведений Государственного
              регистра информационно-телекоммуникационных
                                ресурсов

      19. Владелец информационно-телекоммуникационных ресурсов, имеющий свидетельство о регистрации обязан ежегодно, не позднее 31 марта, предоставлять в уполномоченную организацию полное обновленное (актуализированное) описание информационно-телекоммуникационных ресурсов (по форме регистрационной заявки) или сообщение в произвольной форме о прекращении эксплуатации ресурса с кратким изложением причин.
      20. В случае не предоставления, в установленный срок, обновленного (актуализированного) описания или сообщения о прекращении эксплуатации информационно-телекоммуникационного ресурса уполномоченная организация направляет его владельцу письменное напоминание о необходимости обновления сведений Государственного регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов.
      Если в 2-недельный срок с момента направления владельцу письменного напоминания актуализированное описание или сообщение о прекращении эксплуатации ресурса не поступило, уполномоченная организация направляет соответствующее извещение в государственный орган, финансирующий разработку или эксплуатацию ресурса, для принятия мер по устранению нарушения.
      Копия извещения направляется в уполномоченный орган в области связи и информатизации для сведения.
      21. Уполномоченная организация вправе запрашивать дополнительную информацию от владельцев зарегистрированных информационно- телекоммуникационных ресурсов дополнительную информацию об информационно-телекоммуникационных ресурсах, связанную с уточнением или изменением состава или содержания регистрационных данных.
      22. При получении сообщения о прекращении эксплуатации информационно- телекоммуникационного ресурса регистрация его в Государственном регистре аннулируется, о чем сообщается в письменном виде владельцу данного ресурса в течение месяца с момента аннулирования регистрации.
      23. Уполномоченный орган в области связи и информатизации совместно с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан с привлечением уполномоченной организации в установленном законодательством порядке вправе осуществлять проверку по формированию и использованию зарегистрированных информационно-телекоммуникационных ресурсов.
      В ходе проверки изучаются:
      достоверность, полнота и актуальность сведений, представленных владельцами государственных информационных ресурсов в Государственный регистр информационно-телекоммуникационных ресурсов;
      соответствие условий предоставления платных услуг по обеспечению доступа к государственным информационным ресурсам действующему законодательству;
      обоснованность ограничений доступа к государственным информационным ресурсам, если такие ограничения имеют место, с учетом требований действующего законодательства.

       6. Порядок представления и публикации сведений о регистрации
               информационно-телекоммуникационных ресурсов

      24. Уполномоченная организация представляет в уполномоченный орган в области связи и информатизации ежеквартальный отчет о ходе учета и регистрации информационно-телекоммуникационных ресурсов, а также сведения об их актуализации.
      25. Уполномоченная организация ежеквартально направляет центральным государственным исполнительным органам краткие аналитические справки о вновь зарегистрированных информационно-телекоммуникационных ресурсах.
      26. Уполномоченная организация публикует сведения об учтенных и зарегистрированных информационно-телекоммуникационных ресурсах, а также оказывает платные информационные услуги на основе базы данных о зарегистрированных базах данных и Государственного регистра информационно- телекоммуникационных ресурсов в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      27. Фрагменты базы данных регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов и аналитические материалы общего характера должны публиковаться в соответствующих разделах Веб-сайта Правительства Республики Казахстан.