Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 420-құжат);
5-тармақтың 1) тармақшасының 3-абзацы алынып тасталсын;
2) <*>
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) осы қаулының тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң (Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық органдарының - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi".
Ескерту. 2-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1220
қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 қазандағы
N 1384 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 2 шiлдедегi
N 904 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң
(Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегі аумақтық органдарының мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Көкшетау
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
2. Астана қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Астана
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
3. Ақтөбе облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Ақтөбе
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
4. Алматы облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Талдықорған
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
5. Алматы қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Алматы
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
6. Атырау облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Атырау
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың - Өскемен
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
8. Жамбыл облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк - Тараз
қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың - Орал қаласы
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
10. Қарағанды облысы бойынша Мемстандарттың - Қарағанды
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
11. Қостанай облысы бойынша Мемстандарттың - Қостанай
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
12. Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың - Қызылорда
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
13. Маңғыстау облысы бойынша Мемстандарттың - Ақтау
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
14. Павлодар облысы бойынша Мемстандарттың - Павлодар
мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы қаласы
15. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша - Петропавл
Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау қаласы
жөнiндегi басқармасы
16. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша - Шымкент
Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау қаласы
жөнiндегi басқармасы