Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң
түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың
(лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
2-бағанда "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің" деген
сөздер "Экономика және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда "; әскери тегi ғарыштық қара және түстi металдардың
сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату" деген
сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалардың түстi
Экономика және сауда және қара металдардың
министрлiгi сынықтары мен
қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы,
қайта өңдеуi және
сатуы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.