Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және
ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы заңдар
1. Мiндеттi сақтандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның және мiндеттi сақтандыру туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында басымдықта болады және халықаралық шарттарда оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заң шығаруын талап етпейтiн
жағдайларда тiкелей қолданылады.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң, осы Заңда көзделген әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша
әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай, мiндеттi сақтандыру жүйесiне
қатысушыларды әлеуметтiк сақтандырудың қосымша нысандарын құрумен
байланысты қатынастарды реттейдi.
3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру;
асыраушысынан айрылған жағдайда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру;
жұмысынан айрылған жағдайда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру.
4-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алудың кепілі
Әлеуметтiк төлем алушыларға әлеуметтiк қатер басталғанда осы заңда белгiленген шарттар негiзiнде әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу құқығына кепiлдiк берiлген.
5-бап. Осы заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар мен терминдер
Осы заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
қордың активтерi - бұл әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi кешiктiргенi үшін алынған өсiмақы, инвестициялық кiрiс және Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге жұмсалатын қаражатты шегеріп тастағанда, заңдарда көзделген өзге де түсiмдер мен қате есептелген немесе төленген қаражаттың қайтарымдары;
асыраушы - өздерiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өзiнiң табысы есебiнен асырайтын ата-аналар, асырап алушылар;
кiрiстi ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынатын, әлеуметтiк төлемнiң кiрiстiң мөлшерiне қатынасын анықтайтын коэффициент;
еңбекке жарамсыздық тобының коэффициентi - төлеушi Қорға сол үшiн әлеуметтік аударымдар төлеген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай белгiленетiн коэффициент;
қатысу стажының коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу стажына (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы шамасы) қарай белгіленетiн коэффициент;
асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған асыраушының асырауындағы еңбек етуге қабiлетсiз отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент.
әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге атқарған жұмысы, көрсеткен қызметi үшін кірiс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн алынатын объектісi сол адамның алатын табыстары болып табылады.
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен және/немесе жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кiрiс бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегі ұйым (бұдан әрi - Ұйым) - аймақтарда мiндеттi әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтік төлемдердi аударуды жүзеге асыратын, аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзетiн құрылымдық бөлiмшелерi бар мемлекеттiк кәсiпорын;
әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртіппен мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Қорға аударуды жүзеге асырушы жұмыс берушi немесе өзiн өзi жұмыспен қамтыған адам;
әлеуметтiк төлемдердi алушы (алушы) - ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар төленген не өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлем тағайындау туралы шешiм шығарған тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң ол үшiн әлеуметтiк аударымдар төленген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынасында немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттық қатынаста тұратын тұлға;
жұмыс берушi - өз қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, заңды немесе жеке тұлға, сондай-ақ қызметкер еңбек қатынасында немесе табыс алуды көздейтiн азаматтық-құқықтық шарттық қатынастарда тұратын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
өзiн өзi жұмыспен қамтыған адам - өзiне табыс әкелетiн жұмыспен өзiн қамтамасыз ететiн жеке кәсiпкер, жеке меншiк нотариус, адвокат;
мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен ережелердiң жиынтығы;
әлеуметтiк аударымдар - ол үшiн аударым жасалған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауындағы отбасының мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдер алу құқығын беретiн Қорға төленетiн осы Заңмен белгiленген мiндеттi төлемдер;
әлеуметтік қатер - еңбек ету қабiлетiнен және/немесе жұмысынан айрылуына соқтыратын оқиғаның басталу қатерi, соның нәтижесiнде ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргізiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
әлеуметтiк аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына проценттiкпен қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
әлеуметтiк төлемдер - Қор әлеуметтiк төлем алушылардың пайдасына жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
еңбек ету қабiлетiнен айрылу - жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылу. Еңбек ету қабiлетiнен айрылуды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi еңбек ету қабiлетiнен айрылу деңгейiне проценттiк қатынаста көрсетiледi;
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер; олар үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары; асыраушысынан айрылған жағдайда, олардың асырауындағыларды қоса алғанда, әлеуметтiк төлем алушылар; Ұйым; Қор; Қазақстан Республикасының Yкiметi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкілеттi органдар;
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар төленетiн, оған қатысты осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайы туындауы мүмкiн және өзiнiң әлеуметтiк төлем алу құқығын пайдалана алатын тұлға;
әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкілеттi орган халықты
әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық
бөлiмшелерi.
әлеуметтiк сақтандыру қоры (Қор) - мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды
жинайтын және әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк қатер оқиғасы
туындаған қатысушыларына, отбасының асырауындағы еңбек етуге қабiлетсiз
мүшелерiн қоса алғанда, әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы -
асыраушысынан айрылған жағдайда төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
6-бап. Мiндетті әлеуметтiк сақтандырудың
негiзгi қағидаттары
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары:
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарды сақтау мен орындаудың
жалпыға бiрдейлiгi;
әлеуметтік төлемдердi жүргiзуді қамтамасыз ету үшiн қолданылатын
шараларға мемлекеттің кепiлдiк беруi;
әлеуметтiк қорғаудың қосымша нысандарын дамытуға мемлекеттiң кепілдiк
беруi;
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге
пайдалану;
әлеуметтiк төлемдердi осы Заңда көзделген жағдайларда жүргізудiң
міндеттiлiгi;
әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
органдар қызметiндегі жариялылық болып табылады.
7-бап. Аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету
Аударымдардың сақталуы:
1) Қордың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейтiн тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу жолымен оның қызметiн реттеу;
2) инвестициялық қызметтi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі операциялардың бәрiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;
4) Қордың меншiктi қаражаты мен активтерiнiң есебiн бөлек жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеу енгiзу;
6) Қордың жылдық қаржылық есептемесiне жыл сайын сыртқы аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi, оларды жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi;
7) Қордың уәкiлеттi қаржы органы белгiлейтiн тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп беруi;
8) Қордың активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзiлiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң белгiлеуi арқылы қамтамасыз етiледi.
8-бап. Әлеуметтiк сақтандырылуға жататын адамдар
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндетті түрде мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жатады.
9-бап. Әлеуметтiк төлем алушылар мен олар үшін әлеуметтiк
аударымдар жүргізiлетін қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Әлеуметтiк төлем алушылар мен олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргізiлетін қатысушылардың:
1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары туындағаннан кейiн кез келген уақытта Ұйым және оның аумақтық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға әлеуметтік төлемдер тағайындату және алу үшiн өтiнiш беруге;
2) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары туындаған кезде әлеуметтiк төлемдердi уақытында тағайындатуға;
3) осы Заңда көзделген тәртiппен, мерзiмде және мөлшерде Қордан ай сайын әлеуметтiк төлемдер алып тұруға;
4) ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан алып тұруға;
5) өзiне әлеуметтiк төлем тағайындауға қатысты шешiм қабылдаудың барлық кезеңдерiне қатысуға;
6) Қордың қызметi, сондай-ақ осы заңда көзделген әлеуметтік төлемдердiң алушының атына жүргiзiлген мерзiмдерi мен мөлшерлерi туралы ақпарат алуға;
7) төлеушiден, Қордан және Ұйымнан әлеуметтiк аударымдардың толықтығы және аудару мен есептеудің уақытылылығы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердiң жүргiзiлуi туралы ақпарат сұрауға және алуға;
8) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен жүргiзудiң тәртiбіне және мерзiмдерiне қатысты түсiнiк алу үшiн әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға, Ұйымға және оның аумақтық бөлiмшелерiне баруға;
9) мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк қамсыздандырудың осы Заңда көзделген қосымша нысандарын алу құқығына шек қоюына байланысты әрекеттерiне шағым жасауға;
10) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдер туралы осы Заңда белгiленген тәртiппен хабардар етiлуге;
11) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Ұйымның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ Қордың лауазымды адамдарының әрекеттерiне заңдарда белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
12) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органнан, Ұйымнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен, Қордан мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын заңдардағы өзгерiстер туралы ақпарат сұратуға және алуға құқығы бар.
2. Әлеуметтiк төлем алушылар:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды белгiленген
тәртіппен ұсынуға;
2) еңбек ету қабiлетiнен және/немесе жұмысынан айрылған жағдайына
байланысты әлеуметтiк төлемдер алған жағдайда, Ұйымның аумақтық
бөлiмшелерiне өзi зейнетақы жарналарын төлеуге шарт жасасқан жинақтаушы
зейнетақы қорының өзгергенi туралы хабарлауға;
3) олардың тарапынан терiс пиғылды жағдайлар болған кезде, қате
төленген сомаларды қайтарып алуға;
4) қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмiн
сақтауға мiндеттi.
10-бап. Әлеуметтік аударымдарды төлеушiлердің
құқықтары мен мiндеттерi
1. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер:
1) қате төленген әлеуметтiк аударым сомаларын қайтартуға;
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты заңдарда белгiленген
тәртiппен Ұйымнан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқылы.
2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды дер кезiнде
және/немесе толық төлемегенi үшiн өсiмақыны уақытылы және толық көлемiнде
төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен қайта
есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақытылы және/немесе толық
көлемiнде төлемегенi үшiн өсiмақы есептеудi дербес жүзеге асыруға;
3) салық органына аударылған әлеуметтiк аударымдар туралы есеп беруге;
4) осы Заңға сәйкес басқа да мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
11-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
1) мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) активтердi басқаруға шарт жасасуға, сондай-ақ Қор қызметiн жүзеге асыруға арналған ақша шегiнде оның қызметiнен туындайтын басқа да шарттарды жасасуға;
3) бағалы қағаздармен және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да қаржы құралдарымен байланысты қызметпен айналысуға;
4) акциялар шығаруға;
5) Қор қызметiн жүзеге асырғаны үшiн, мөлшерiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн комиссиялық сыйақы алуға;
6) Ұйымнан Қорға түскен және Қордан аударылған қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
2. Қор:
1) Ұйымның әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн, оның өтiнiмдерi бойынша қаржының уақытылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын сыртқы аудиттi жүргiзудi қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
3. Қордың осы Заңда көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
12-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi
органның құқықтары мен мiндеттерi
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органның:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға;
2) еңбек ету қабiлетiнен айрылу деңгейiн белгiлеуге;
3) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшiн ұсынылатын құжаттардың растығын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тексеруге;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау мен жiберу жөнiндегi талаптарды белгiлеуге құқығы бар.
2. Әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындатуға өтiнiш жасаған адамдардан әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн қажеттi құжаттарды ұсынуын талап етуге;
2) әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданғаны жөнiнде Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi арқылы жазбаша түрде хабарлауға;
3) әлеуметтiк төлемдердiң уақытылы және толық тағайындалуын және олардың төленуiн бақылауды қамтамасыз етуге;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдердi, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi жұмысқа қажеттi басқа да ақпараттарды Ұйымның аумақтық бөлiмшелерiне жеткiзудi қамтамасыз етуге;
5) алушыға әлеуметтiк төлем тағайындау жөнiнде шешiм қабылдаудың барлық кезеңiне оның қатысуына құқық беруге;
6) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және төлеу мәселелерi бойынша қажеттi түсiнiктердi беруге мiндеттi.
13-бап. Ұйымның және оның аумақтық бөлiмшелерiнің
құқықтары мен мiндеттерi
1. Ұйымның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң:
1) құжаттар жиынтығын әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберу үшiн оларды қабылдау мен тексерудi жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде алушыларға әлеуметтiк төлемдер жүргiзу үшiн Ұйымның шотына ақша аудару туралы Қорға сұрау жiберуге;
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн республикалық бюджеттен белгiленген тәртiппен ақша алуға құқығы бар.
2. Ұйым мен оның аумақтық бөлiмшелерi:
1) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебiн жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдер жүргiзгенде әлеуметтiк төлемдерден жүргізiлген ұстап қалулар туралы әлеуметтiк төлем алушыларды хабардар етуге;
3) артық төленген сомаларды Ұйым арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға аударған әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан азаматтарға, шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қызмет көрсетудiң теңдей жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) әлеуметтiк аударымдарды банктiк үш күн iшiнде Қорға аударуға;
6) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) негiзiнде әлеуметтiк аударымдардың дербестендiрiлген орталықтандырылған есебiн жүргізуге;
7) әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн құжаттарды жинақтауға және
оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы
Заңда көзделген мерзiмдерде жiберуге;
8) алушыларға әлеуметтiк аударымдардың уақытылы аударылуын қамтамасыз
етуге;
9) артық төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын, осы қаржылардың
Қордан Ұйымның шотына аударылған сәтiнен бастап банктiк үш күн iшiнде
төлеушiлерге аударуды қамтамасыз етуге;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа
жағдайларда, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен
қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
11) сәйкес әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға
және Қорға қажеттi есептеменi осы Заңға ұсынуға;
12) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша
консультация беруге мiндеттi.
2-тарау. Әлеуметтiк аударымдар
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 (үш) процентi мөлшерiнде белгiленедi.
2. Арнаулы салық тәртiбi қолданылатын, өзiн өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн салық заңдарына сәйкес олар өздерінiң пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн ең төменгi жалақының кемiнде 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу
1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Заңының K010209_ 316-бабында көзделген тәртiппен, әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ұсталымын кiрiс түрiнде төленетiн жұмыс берушiнiң шығыстарына қоса отырып жүргiзiледi.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу осы Заңның 15-бабының 1-тармағында белгiленген әлеуметтік аударымдардың мөлшерiн қолдану жолымен ай сайын жүргiзiледi.
Өзiн өзi жұмыспен қамтыған адамдар өздерi үшiн төлейтiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) тиiстi арнаулы салық режимдерi үшiн көзделген мерзiмдерде жүргізiледi.
Бұл ретте әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын айлық табыс алынады.
3. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
16-бап. Әлеуметтік аударымдарды төлеу
1. Төлеушiлер Қорға әлеуметтік аударымдарды Ұйымның банктік шоты арқылы төлемдердi жүзеге асыру жолымен, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, әлеуметтiк аударымдарды төлеушiнiң салық органында есепке тiркелген жерi бойынша төлейдi.
2. Әлеуметтiк аударымдардың Ұйымның банктік шотына келiп түскен күнi әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылған күн деп есептеледі.
3. Әлеуметтiк аударымдарды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
17-бап. Төлеушілердiң жауапкершілiгі
1. Уақытында аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын салық органдары өндiріп алады, немесе төлеушi оларға кешiктiрiлген әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы сомаларды төлеген күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен қоса Қордың шотына аударуы тиiс.
2. Салық органдары әлеуметтiк аударымдар толық аударылмаған және (немесе) уақытында аударылмаған жағдайда төлеушілердің банктiк шоттарынан қалыптасқан берешек шегiнде қаржы өндiрiп алуға құқылы. Бұл ретте, төлеушi инкассалық өкiммен салық органдары ұсынған берешектер пайдасына өндiрiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушыларының тiзiмiн қызмет көрсететiн банкке беруге мiндеттi.
3. Банктер мен банктiк операциялардың кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы
басқа ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы сомалар төлеушiлердiң
банктiк шоттарынан Қордың шотына есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
18-бап. Жүргiзілген аударымдар туралы хабарлау
Төлеушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен
кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе,
өздерi тiркелген салық органына мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне
қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтiк аударымдар туралы есеп ұсынады.
19-бап. Артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтару
Қор төлеушiнiң артық төлеген әлеуметтiк аударымдар сомасын оның Қорға
берген өтiнiшi бойынша, өтiнiш Қорға келiп түскен күннен бастап банктiк он
күн iшiнде төлеушiнiң банктiк шотына аударуы тиiс.
3-тарау. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындату үшін өтiнiш
беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшін құжаттарды
қараудың мерзiмi
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындату туралы өтiнiш азаматтың тұрғылықты жерiндегi Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға, әлеуметтiк төлемдердi тағайындату құқығын анықтайтын құжаттарымен қоса берiледi.
Әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттардың тiзбесiн әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
3. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап оларды он жұмыс күнi iшiнде қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм қабылдап, бұл туралы Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге алады. Тексеру мақсатында ол құжаттарды сұратуы, оларды сараптамаға жiберуi, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар екендiгiн тексеруi мүмкiн. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер алуға өтiнiш берген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы әлеуметтiк төлем тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешіктiрiлуi және шешiмдi қабылдау мерзiмiнiң ұзартылуы туралы жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Өтiнiш қайтадан берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш қайта берiлген сәттен бастап 5 күн iшiнде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiнi хабардар етедi.
Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.
6. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы әлеуметтiк төлемдердi алушы деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер осы адамның төлемдердi тағайындатуға өтiнiш берген күнiнен бастап тағайындалады.
7. Ұйымның аумақтық бөлiмшелерiне өтiнiш берiлген күн Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер тағайындатуға өтiнiш берген күн деп есептеледі.
8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Ұйымның және/немесе Қордың кiнәсiнен уақытылы немесе толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiпке сәйкес индекстелуге жатады.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда
әлеуметтiк төлем тағайындау және оның мөлшерi
1. Төлеушi ол үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне әлеуметтiк аударымдар жүргiзген қатысушысына еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жүрiп жатқанына қарамастан тағайындалады.
2. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, сондай-ақ қайта куәландырудың қажеттiгi мен кезеңдiлiгiн әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тұлғаның әлеуметтiк төлем тағайындатуға өтiнiш берген күнiнен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылу белгiленген кезеңнiң бәрiне тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде Ұйымды және оның аумақтық бөлiмшелерiн әлеуметтiк төлемдердің мөлшерi өзгергенi туралы хабардар етедi.
Қайта куәландырылушыны еңбек етуге қабiлеттi деп таныған жағдайда, әлеуметтiк төлем әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде Ұйымды және оның аумақтық органдарын шығарылған шешiм туралы хабардар етедi.
4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайын берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi орташа айлық табыстың төменгi жалақының сексен пайызын шегергендегi орташа мөлшерiн тиiстi кiрiстi алмастыру коэффициентiне, еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентiне сондай-ақ, қатысу стажының коэффициентiне көбейту жолымен анықталады.
Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi 0,6 құрайды.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi мынаны құрайды: жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi сексен пайыздан жүз пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар - үшiн 0,7; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,5; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,3 болады.
Қатысу стажы коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесінің, олар үшiн әлеуметтік аударымдар алты айдан кем аударылған сақтандырылған қатысушысы үшiн 0,1; алты айдан он екi айға дейiн 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн 0,95 алпыс және одан жоғары айға - 1,00 құрайды.
5. Алушы жасына байланысты зейнетақы алу жасына жеткенде еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай бойынша берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады.
22-бап. Асыраушысынан айрылған жағдайда
әлеуметтiк төлемдер тағайындау және оның мөлшерi
1. Қайтыс болған (хабарсыз кеткен және өлдi деп жарияланған) асыраушы - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң, әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысының асырауында болған отбасының мына мүшелерiнiң асыраушысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындатуға және алуға құқығы бар:
1) 18 жасқа толмаған және, егер олар 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, iнiлерi, қарындастары мен немерелерi. Бұл ретте, iнiлерiнiң, қарындастары мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған, немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындатуға және алуға құқығы бар.
Егер осы тармақшада көрсетiлген адамдар орта бiлiм жүйесiнiң оқу орындарында, жоғары және орта арнаулы бiлiм беру жүйесiнiң күндiзгi бөлiмiнде оқитын болса, әлеуметтiк төлем орта бiлiм жүйесiндегi оқу орнын бiтiргенге дейiн, жоғары және арнаулы орта бiлiм жүйесiнiң күндiзгi бөлiмiн бiтiргенге дейiн төленедi;
2) ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, немесе атасы, әжесi, ағасы немесе апасы жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, егер ол қайтыс болған асыраушының 1,5 жасқа толмаған балаларын, бауырларын немесе немерелерiн күтумен айналысатын болса.
2. Олар үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар төленген ата-анасы - мiндеттi сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әрбiр айрылып қалған ата-анасы үшiн асырап алушыға, оның заңды өкiлiне (қамқоршысына) төленедi.
3. Бала жастан I және II топтағы мүгедек деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған, отбасының асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындатуға және алуға құқығы бар барлық мүшелерiне бiр әлеуметтік төлем тағайындалады.
5. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлем үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi.
6. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi туралы және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргізедi. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi отбасының әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
7. Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың орташа айлық мөлшерiнен ең төменгi жалақының сексен процентi шегерiлген соманы тиiстi кiрiстi алмастыру коэффициентiне, асырауындағылардың саны коэффициентiне сондай-ақ, қатысу стажының коэффициентiне көбейту жолымен анықталады.
Бұл ретте, асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтік төлемдер қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасының мүшелерiне қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң әлеуметтік төлем алу құқығы осы бапқа сәйкес сақталатын кезең бойына ай сайын төленедi.
8. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына байланысты белгiленедi және асырауында бiр адам болса - 0,3, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,7, асырауында төрт адам болса - 0,8, асырауында бес және одан да көп болғанда 0,8 құрайды.
Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi мен қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
23-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер
тағайындау және оның мөлшерi
1. Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң, олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмысынан айрылған жағдайда тағайындалады.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлемдер әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған күннен кейiнгi келесi күнтiзбелiк айдың бiрiнен бастап Ұйымның аумақтық бөлiмшелерi арқылы төлене бастайды.
Мiндеттi сақтандыру жүйесiне қатысушы Ұйымның аумақтық бөлiмшелерiне өтiнiш жасардың алдында жұмыссыз ретiнде тiркелуi тиiс.
3. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлемдер объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше кiрiстi алмастыру коэффициентiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту жолымен анықталады.
Бұл орайда кiрiстi алмастыру коэффициентi - 0,3 құрайды, ал қатысу стажының коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы үшiн күнтiзбелiк есептеумен алғанда алты айдан он екi айға дейiн аударым жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айрылған жағдайда кемiнде күнтiзбелiк бiр ай әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар.
Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы үшiн күнтiзбелік есептеумен алғанда он екi айдан жиырма төрт айға дейiн аударым жүргiзiлген жағдайда, мұндай қатысушының жұмысынан айрылуы бойынша күнтiзбелiк екi ай бойы әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар.
Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы үшiн күнтiзбелiк есептеумен алғанда жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн аударым жүргiзiлген жағдайда, мұндай қатысушы жұмысынан айрылған жағдайда күнтiзбелiк үш ай бойы әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар.
Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы үшiн күнтiзбелiк есептеумен алғанда отыз алты айдан жоғары аударым жүргiзiлген жағдайда, мұндай қатысушының жұмысынан айрылуы бойынша күнтiзбелiк төрт ай бойы әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар.
5. Егер мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер ала бастаса, бiрақ жұмысқа орналасқанына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алу мерзiмiн үзiп алған болса, онда кезектi әлеуметтiк төлемдер әрбiр ай үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзуге тиiстi он екі ай шегерiлiп тағайындалады.
24-бап. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру
Қордан берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi мен тетiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалулар
25-бап. Қордан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер
Ұйым өткен ай үшiн әлеуметтiк төлемдердi Қордан Ұйымның шотына қаражат есептелген күннен бастап банктік үш күннiң iшiнде алушылардың жеке шотына есептеу арқылы жүргiзедi.
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалулар
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда және/немесе жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталады және ол Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Бұл ретте, еңбек ету қабiлетiнен және/немесе жұмысынан айрылу
жағдайына әлеуметтiк төлем алушылар уәкiлеттi орган оларға әлеуметтiк
төлем тағайындалғаны туралы шешiм шығарғаннан кейiн Ұйымның аумақтық
бөлiмшесiне, олар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары төленетiн жинақтаушы
зейнетақы қорымен жасасқан зейнетақы шартының көшiрмесiн ұсынуы тиiс.
5-тарау. Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" деп аталатын Қор мемлекет
жүз процент қатысатын акционерлiк қоғам түрiндегi коммерциялық емес ұйым
болып табылады.
Жарғылық қорының мөлшерi он мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
қалыптастырылады.
2. Қордың қызметiн басқару мiндеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi
уәкiлеттi органның мiндеттерiн қаржы саласындағы орталық атқарушы орган
жүзеге асырады.
28-бап. Қордың инвестициялық қызметi
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын Шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн
шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегі барлық
операциялардың есебiн жүргiзедi және Қор мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi арасындағы шартқа сәйкес Қор шоттарының және Қор активтерiмен
инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы тоқсан сайын Қорға есептеме ұсынып
отырады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қор мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi арасындағы шартта көзделген негіздерде
инвестициялық қызметiнен алынатын табыс есебiнен сыйақы алады.
29-бап. Қор активтерінің құрылуы
1. Қордың активтерi:
1) әлеуметтiк аударымдардан, әлеуметтiк аударымдар мерзiмiн өткiзiп
алғаны үшiн алынған өсiмақыдан және Қордың қызметiн қамтамасыз етуден
алынатын комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық кiрiстен;
2) заңдарда көзделген өзге де көздер есебінен қалыптасады.
2. Қордың активтері тек мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға;
2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қаржы
құралдарына орналастыруға;
3) қате төленген әлеуметтік аударым сомалары мен өзге де қате
есептелген қаражатты қайтарып алуға пайдаланылады.
30-бап. Қордың қызметін жүзеге асыру
Қор өз қызметін Қордың активтерін алатын комиссиялық сыйақы есебінен
жүзеге асырады.
Проценттік мөлшерлеменің шекті шамасын және оны пайдаланудың тетігін
жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қордың меншікті қаражаты Қордың жарғылық қорынан және комиссиялық
сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.
31-бап. Қорда есеп жүргізу
1. Қор бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржылық есеп беруді өзінің
меншік қаражаты мен Қордың активтері бойынша Қазақстан Республикасының
заңдары белгіленген тәртіппен бөлек ұсынады.
2. Қор бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп беру құжаттарын жасау
кезінде пайдаланылатын құжаттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың
сақталу мерзімін уәкілетті қаржы органы белгілейді.
6-тарау. Қорытынды ережелер
32-бап. Қордың жауапкершілігі және дауларды
шешудің тәртібі
1. Қор әлеуметтік төлем алушылар алдындағы міндеттемелері бойынша
өзінің барлық мүлкімен жауапты болады.
2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейтін сияқты, Қор да міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
3. Қор, Ұйым, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар арасында
осы Заңды орындау жөнінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шешіледі.
33-бап. Осы Заңды күшіне енгізудің тәртібі
1. Осы Заң еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда міндетті
әлеуметтік сақтандыруға және асыраушысынан айрылған жағдайда міндетті
әлеуметтік сақтандыруға қатысты 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне
енеді.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.