Қарағанды облысының аумағындағы мемлекеттік жер қорының жерлерін Жамбыл облысы шаруашылықтарының пайдалануын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1482 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қарағанды облысының аумағындағы мемлекеттік жер қорының көлемі 1319 мың гектар жерлерін Жамбыл облысы шаруашылықтарының пайдалануы тоқтатылсын.
      2. "Жезқазған облысының аумағындағы мемлекеттік жер қорларының жерлерін пайдалану туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1985 жылғы 27 наурыздағы N 113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауындағы және 1-тармақтағы "Жезқазған облысы" деген сөздер "Қарағанды облысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы:
      "4144" деген сан "2825" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жамбыл облысына көлемі 1319 мың га" деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

О прекращении пользования землями госземзапаса на территории Карагандинской области хозяйствами Жамбылской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2001 года N 1482

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Прекратить пользование землями госземзапаса на территории Карагандинской области хозяйствами Жамбылской области на площади 1319 тыс. гектаров.
      2. Внести в постановление Совета Министров Казахской ССР от 27 марта 1985 года N 113 "Об использовании земель госземзапаса на территории Джезказганской области" следующие изменения:
      в названии и пункте 1 слово "Джезказганской" заменить словом "Карагандинской";
      в пункте 1:
      цифру "4144" заменить цифрой "2825";
      слова "Джамбулской области на площади 1319 тыс. га" исключить.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Мартина Н.А.)