Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы Жылының қорытынды iс-шараларын жоғары деңгейде дайындау және өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгіне Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы Жылының қорытынды iс-шараларын өткiзу үшiн 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 150 000 000 (бiр жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі бөлiнетiн қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн әрi 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне олардың пайдаланылуы туралы тәптiштелген есептi ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаражаттың бөлiнуiн және оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi