Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қараша N 1494. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.06.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Z010210_ Заңының 4-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 P951090_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 324-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      кiрiспедегі "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелден Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмегi ретiнде тауарларды әкелу тәртiбi туралы ережеде:

      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкiлеттi ұйымдар арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi бөлетiн азық-түлiк, халықтық тұтыну тауарлары, техника, керек-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар мен дәрi-дәрмектер, халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн шетелдер мен халықаралық ұйымдар жiберген өзге заттар, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою түрiнде Қазақстан Республикасына тегiн берiлетiн мүлiк ізгiлiк көмегі болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп, он күндiк мерзiмде Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту жөнiндегi қаулы жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

      3. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия 2001 жылғы


      20 желтоқсанға дейiн халықаралық ізгiлiк көмектi бөлудi жүзеге асыруға

      уәкiлеттi ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақты

      қоспағанда, жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Жұманазарова А.Б.

О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 августа 1995 года N 1090

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2001 года N 1494. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2018 года № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.06.2018 № 374 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации статьи 4 Закона Республики Казахстан от 12 июня 2001 года Z010210_ "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 августа 1995 года N 1090 P951090_ "О порядке ввоза товаров в качестве гуманитарной помощи" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 27, ст. 324) следующие изменения:

      в преамбуле слова "Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 24 апреля 1995 г. N 2235 Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" заменить словами "Кодекса Республики Казахстан K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) от 12 июня 2001 года";

      в пункте 4 слова "Министерству печати и массовой информации" заменить словами "Министерству культуры, информации и общественного согласия";

      в Положении о порядке ввоза товаров в качестве гуманитарной помощи на таможенную территорию Республики Казахстан из-за рубежа, утвержденном указанным постановлением:

      абзац второй пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Гуманитарной помощью является имущество, предоставляемое безвозмездно Республике Казахстан в виде продовольствия, товаров народного потребления, техники, снаряжения, оборудования, медицинских средств и медикаментов, иных предметов, направленных из зарубежных стран и международных организаций для улучшения условий жизни и быта населения, а также предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций военного, экологического, природного и техногенного характера, распределяемое Правительством Республики Казахстан через уполномоченные организации.".

      2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан и Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан совместно с заинтересованными министерствами в десятидневный срок внести на рассмотрение Правительства Республики Казахстан проект постановления по изменению состава Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи.

      3. Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи до 20 декабря 2001 года внести предложения по перечню организаций, уполномоченных осуществлять распределение международной гуманитарной помощи.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования, кроме пункта 1, вступающего в силу с 1 января 2002 года.


      Премьер-Министр

      Республики Казахстан


      (Специалисты: Умбетова А.М.,

      Мартина Н.А.)