Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.  

      Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру және сауда рыноктарында бәсекелестiктiң дамуына септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн қоспағанда, орталық және жергiлiктi атқарушы әрi өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлiк құралдарын тоқтату, оларды тексерiп қарау не жүргiзушiлердiң көлiктiк, санитарлық, экологиялық және заңнамамен көзделген өзге де нормативтер мен талаптарды сақтауын тексеру жөнiнде өкiлеттiктер берiлген жылжымалы бекеттердiң жойылуын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: 
      1) бақылаушы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қызмет өкiлеттiктерiн жүк тасымалдаушыларға қатысты асыра пайдалану фактiлерiнiң жолын кесу жөнiнде рейдтер жүргiзсiн; 
      2) мемлекеттiк органдардың рыноктарда заңнамалық кесiмдерде көзделмеген алымдар мен төлемдер алу фактiлерiнiң жолын кесудi қамтамасыз етсiн; 
      3) бақылаушы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң рыноктардағы заңсыз iс-әрекеттерiн анықтау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп азаматтар үшiн "сенiм" телефондарын ұйымдастырсын; 
      4) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгімен бiрлесiп бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң анықталған заңсыз iс-әрекеттерi фактiлерiн жариялауды қамтамасыз етсiн.

      2-1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Көлiк және коммуникациялар, Денсаулық сақтау Ауыл шаруашылығы министрлiктерi белгiленген үлгідегi, оның iшiнде автокөлiк құралдарының параметрлерiн, өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын, тауардың шығу тегi туралы куәландыратын және тиiсті уәкілеттi органдар берген несие құжаттары болған кезде, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарында жеке және заңды тұлғалар кiдiрiс туғызатын заңсыз iс-әрекеттердi жоюды қамтамасыз етсiн. <*>
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.03. N 523   қаулысымен.  
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.06.03. N 523   қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет және Денсаулық сақтау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының аумағында сауда рыноктарының қызметiн тәртiпке келтiрудi көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн.

      5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігi заңнамада белгiленген тәртiппен: <*>
      1) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктарын анықтау және реттеу жөнiнде шаралар қабылдасын; 
      2) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктары көрсететiн қызметтер бағаларына мемлекеттiк реттеу енгiзудi қамтамасыз етсiн; 
      3) Iшкi iстер, Әдiлет, Мемлекеттiк кiрiс министрлiктерiмен, Қаржы полициясы агенттiгiмен бiрлесiп рынок субъектiлерi арасында кез келген нысанда қол жеткiзiлген өзiнiң нәтижесi тауарларды сату кезiнде бәсекелестiктi шектеу болатын тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын келiсiмдердi анықтау жөнiнде көрсетiлген органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн және бекiтсiн.
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.03. N 523   қаулысымен.  

      6. Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлiктерi сауда рыноктарында санитарлық және ветеринарлық нормалардың орындалуын бақылауды күшейтсiн. 

      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 
      1) азық-түлiк тауарларын сақтау мен сатуға арналған қоймаларды және мамандандырылған сауда рыноктарын салуға және қайта жаңартуға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасасын; 
      2) облыстар орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында азық-түлiк және ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу әрi сату жөнiндегi коммуналдық сауда рыноктары мен коммуналдық сауда-сатып алу ұйымдарын құру және олардың қызметi үшiн қажеттi шараларды қабылдасын; 
      3) мал шаруашылығы және егiс өнiмдерiн сату жөнiндегi ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiн өткiзудi тұрақты негiзде ұйымдастырсын; 
      4) ай сайын жүргiзiлетiн мониторингтiң нәтижелерi негiзiнде негiзсiз өсуi анықталған жағдайда аса маңызды азық-түлiк тауарларына (қосымшаға сәйкес) бағаларды төмендетуге бағытталған шараларды қабылдасын; 
      5) сауда рыноктарында тауарлар сатумен айналысатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарындағы бақылау-өткiзу бекеттерi арқылы тауар өткiзетiн кәсіпкерлердің өз қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтары сақталуын қамтамасыз етсін.<*>
      6) сауда-сатып алу ұйымдарымен бiрлесiп, облыстық, аудандық орталықтар мен қалалардың сауда рыноктарына жеткiзу үшiн ауылдық жерлерден азық-түлiк тауарларын сатып алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырсын; <*>
      7) өңiрлер кәсiпкерлерiнiң пiкiрiн ескере отырып, олардың тез бұзылатын азық-түлiк тауарларды, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауға арналған тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған арнайы автомобильдердi лизингтiк негiзде сатып алу сызбасын әзiрлесiн және енгiзсiн; <*>
      8) мынадай:
      сауда қызметi, жеке кәсіпкерлердің қызметi саласындағы проблемалық мәселелердi, оның iшiнде базарлар мен басқа сауда нүктелерiнде тұтынушылар мен сатушылар арасында туындайтын әртүрлi жағдайларды жергіліктi теледидар арналары мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша баяндау;
      бұқаралық ақпарат құралдарында азық-түлiк тауарларының түсуi, болуы, бағалары және сатылу орындары туралы жарнамалық және ақпараттық материалдарды жариялау;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда рыноктары иемденген жер телiмдерiн жалға беру мерзiмдерiн ұзақ кезеңге ұзарту, жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктары иемденген және жаңа базарлардың құрылысына арналған жер телiмдерiн тараптардың (кәсiпкерлер мен әкiмдiктiң) келiсiмi бойынша сатуды жүзеге асыру;
      шаруашылық субъектiлерi - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттiк санитарлық бас дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 38 бұйрығымен бекiтілген "Азық-түлiк базарларының құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелерi мен нормаларының талаптарына сәйкес тұтынушылар үшiн қол жетiмдi жерде орналасқан, азық-түлік тауарларын, оның iшiнде жүк автомобильдерiнен сатуға арналған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мамандандырылған алаңдарды беру;
      азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмiн жеткiзудi жүзеге асыратын жүк автомобильдерiнiң жүргiзушiлерiне тиiстi әкімшілiк-аумақтық бiрлiктің аумағына кiру кезiнде сызбалар-жол көрсеткiштер немесе азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмi қамбаларының, қоймаларының және өзге сақтау пункттерiнiң, оларды көтерме сату-сатып алудың болуы туралы ақпараттық буклеттер беру мүмкiндiктерiн қарастырсын. <*>
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.03. N 523   қаулысымен.

      7-1. Бiр ай мерзiмде Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкiмдерi басқа облыстардың және Алматы қаласының әкімдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң сауда саласындағы аумақтық бөлiмшелерiн тарта отырып, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тiкелей жеткiзу жөнiнде шарттар жасасу үшiн кәсiпкерлер арасында кездесулер ұйымдастырсын. <*>
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.03. N 523   қаулысымен.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2001 жылғы 12 желтоқсандағы         
N 1623 қаулысына қосымша           

  Міндетті мониторингке жататын аса маңызды
азық-түлік тауарларының тізбесі

      1. Бидай наны (1 сорт)
     2. Ұн (1 сорт)
     3. Шәй (1 сорт)
     4. Сүт
     5. Ет
     6. Құс еті
     7. Қант
     8. Тұз
     9. Сары май
     10. Өсімдік майы
     11. Маргарин
     12. Картоп
     13. Пияз
     14. Алма

О мерах по стабилизации цен на важнейшие продовольственные товары

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2001 года N 1623. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 12 декабря 2001 года N 1623 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .

      В целях стабилизации цен на важнейшие продовольственные товары и содействия развитию конкуренции на торговых рынках Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Центральным и местным исполнительным и иным государственным органам (по согласованию), за исключением Министерства внутренних дел Республики Казахстан, обеспечить ликвидацию передвижных постов на автомобильных дорогах Республики Казахстан международного и республиканского значения, наделенных полномочиями по остановке транспортных средств, их досмотру, либо проверки соблюдения водителями транспортных, санитарных, экологических и иных предусмотренных законодательством нормативов и требований. 

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан: 
      1) проводить рейды по пресечению фактов превышения служебных полномочий сотрудниками контролирующих государственных органов в отношении перевозчиков грузов; 
      2) обеспечить пресечение фактов взимания государственными органами на рынках сборов и платежей, не предусмотренных законодательными актами; 
      3) организовать совместно с местными исполнительными органами телефоны "доверия" для граждан с целью выявления незаконных действий сотрудников контролирующих государственных органов на рынках; 
      4) совместно с Министерством культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан обеспечить освещение в средствах массовой информации выявленных фактов незаконных действий сотрудников государственных органов.

      2-1. Министерствам внутренних дел, транспорта и коммуникаций, здравоохранения, сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить устранение неправомерных действий, создающих задержку транспортных средств, осуществляющих перевозки продовольственных товаров, в том числе плодоовощной продукции физическими и юридическими лицами на автомобильных дорогах по территории Республики Казахстан, при наличии сопроводительных документов установленного образца, в том числе, удостоверяющих параметры автотранспортных средств, качество и безопасность продукции, свидетельствующих о происхождении товара и выданных соответствующими уполномоченными органами.  <*>

      Сноска. Дополнено пунктом 2-1 - постановлением Правительства РК от 3 июня 2003 г.  N 523  .
      3.  (Пункт 3 исключен -   постановлением Правительства РК от 3 июня 2003 г.  N 523  )

      4. Министерствам экономики и торговли, юстиции и здравоохранения Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса разработать нормативный правовой акт, предусматривающий упорядочение деятельности торговых рынков на территории Республики Казахстан. 

      5. Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции в установленном законодательством порядке: 
      1) принять меры по выявлению и регулированию торговых рынков, занимающих доминирующее (монопольное) положение; 
      2) обеспечить введение государственного регулирования цен на услуги, оказываемые торговыми рынками, занимающими доминирующее (монопольное) положение; 
      3) совместно с министерствами внутренних дел и юстиции Республики Казахстан, Агентством финансовой полиции Республики Казахстан разработать и утвердить нормативный правовой акт о порядке взаимодействия указанных органов по выявлению достигнутых в любой форме соглашений между субъектами рынка при реализации товаров, имеющих своим результатом ограничение конкуренции, нарушающих права и законные интересы потребителей.  <*>

      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 3 июня 2003 г.  N 523  .

      6. Министерствам сельского хозяйства и здравоохранения усилить контроль за исполнением санитарных и ветеринарных норм на торговых рынках. 

      7. Акимам областей, городов Астаны и Алматы в соответствии с законодательством Республики Казахстан: 
      1) создать благоприятные условия для привлечения инвестиций на строительство и реконструкцию хранилищ и специализированных торговых рынков для хранения и реализации продовольственных товаров; 
      2) предпринять необходимые меры для создания и деятельности в областных центрах и городах Астане и Алматы коммунальных торговых рынков и коммунальных торгово-закупочных организаций по закупке и реализации продовольственных и сельскохозяйственных товаров; 
      3) организовать на постоянной основе проведение сельскохозяйственных ярмарок по продаже животноводческой и полеводческой продукции; 
      4) принимать меры, направленные на снижение цен на важнейшие продовольственные товары (согласно приложению), в случае необоснованного роста, выявленного на основе результатов проводимого ежемесячно мониторинга; 
      5) обеспечить соблюдение прав предпринимателей, занимающихся реализацией товаров на торговых рынках, а также перемещающих товар через контрольно-пропускные посты на автомобильных дорогах по территории Республики Казахстан при осуществлении своей деятельности;
      6) совместно с торгово-закупочными организациями рассмотреть возможность осуществления закупок продовольственных товаров в сельской местности для поставок на торговые рынки областных, районных центров и городов;
      7) с учетом мнения предпринимателей регионов разработать и внедрить схему приобретения ими на лизинговой основе специальных автомобилей, оборудованных холодильными установками для перевозки скоропортящихся продовольственных товаров, в том числе плодоовощной продукции;
      8) рассмотреть возможность:
      освещения по местным каналам телевидения и другим средствам массовой информации проблемных вопросов в сфере торговой деятельности, деятельности частных предпринимателей, в том числе различных ситуаций, возникающих на рынках и других торговых точках между потребителями и продавцами;
      публикации в средствах массовой информации рекламных и информационных материалов о поступлениях, наличии, ценах и местах реализации продовольственных товаров;
      в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан продления сроков аренды земельных участков, занятых под торговые рынки, на длительный период, осуществления продажи земельных участков, занятых под действующие торговые рынки, и под строительство новых рынков по согласованию сторон (предпринимателей и акимата);
      предоставления хозяйствующим субъектам-производителям сельскохозяйственной продукции специализированных площадей, соответствующих требованиям санитарных правил и норм "Санитарно-гигиенические требования к устройству, содержанию и эксплуатации продовольственных рынков", утвержденным  приказом  главного государственного санитарного врача Республики Казахстан от 4 сентября 2002 года N 38, расположенных на доступном для потребителей месте, действующих на постоянной основе для реализации продовольственных товаров, в том числе с грузовых автомобилей;
      выдачи водителям грузовых автомобилей, осуществляющих поставку продовольственных товаров и сельхозпродукции при въезде на территорию соответствующих административно-территориальных единиц, схем-путеводителей или информационных буклетов о наличии хранилищ, складов и иных пунктов хранения, оптовой купли-продажи продовольственных товаров и сельхозпродукции.  <*>

      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 3 июня 2003 г.  N 523  . 

        

7-1. В месячный срок акимам Карагандинской, Северо-Казахстанской, Западно-Казахстанской областей и города Астаны совместно с акимами других областей и города Алматы организовать встречи между предпринимателями для заключения договоров по прямым поставкам продовольственных товаров, в том числе плодоовощной продукции с привлечением территориальных подразделений Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан в сфере торговли.  <*>

      Сноска. Дополнено пунктом 7-1 - постановлением Правительства РК от 3 июня 2003 г.  N 523  .

      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К.К. 

      9. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан     

 

                                         Приложение 
                                к постановлению Правительства
                                     Республики Казахстан 
                               от 12 декабря 2001 года N 1623

                  Перечень важнейших продовольственных товаров, 
                    подлежащих обязательному мониторингу

1.   Хлеб пшеничный (1 сорт)
2.   Мука (1 сорт)
3.   Чай (1 сорт)
4.   Молоко
5.   Мясо
6.   Мясо птицы
7.   Сахар
8.   Соль
9.   Масло сливочное
10.  Масло растительное
11.  Маргарин
12.  Картофель
13.  Лук репчатый
14.  Яблоки