Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсан N 1672 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 591 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
2001 жылғы 22 желтоқсандағы       
N 1672 қаулысымен          
бекiтілген               

     Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi
   арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау
                мерзiмдерiн өзгерту ережесi

                     1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi әрi салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтардан және акциздерден, импортталатын тауарларға қосылған құн салығынан басқа) төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн анықтайды.
 

      2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
 

      3. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне кiретiн органдар:
 

      1) республикалық бюджетке түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi; <*>
 

      2) толық көлемде жергілiктi бюджеттерге түсетiн салықтарды төлеу бойынша - жергiлiктi атқарушы органмен келiсiм бойынша салық төлеушiнi тiркеу есебiне алған жердегі салық органы.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

  2. Салық төлеушi мүлкiн кепiлге алу немесе банк
кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық
мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбi

      4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде неғұрлым кеш, бiрақ күнтiзбелiк жылдың 10 айынан аспайтындай мерзiмге өзгертiлуi мүмкiн. Негiзделген өтiнiш деп салық төлеушiнiң салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса тiркей отырып, салықтарды төлеу мерзiмiн ауыстыру себебi баяндалған жазбаша өтiнiшi түсiнiледi.
 

      5. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм салық төлеушiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей қабылданады.
 

      6. Салық төлеушi өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
 

      2) салық төлеушi бюджетке салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш беру күнiне дейiн 15 күннен ерте емес салық органы берген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйi туралы дербес есепшоттан өтiнiште көрсетiлген салықтар бойынша берешегi бар екендiгiн растайтын көшiрме;
 

      3) кепiл шарты немесе банк кепiлдігі және салықтар мен өсiмдi бюджетке төлеу мерзiмдерiн белгiлейтiн әрi осы шарттардың ажырамас бөлiгi болып табылатын салық берешегiн өтеу кестесi;
 

      4) салық төлеушi салықтарды бюджетке төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi беру кезiне кепiл мүлiктiң нарықтық құны туралы есеп.
 

      7. Кепiл шарты салық төлеушi мен салық төлеушiнi тiркеу есебiне алған жер бойынша тиiстi салық органы арасында мынадай шарттарда жасалады:
 

      1) кепiлге берiлетiн мүлiк өтiмдi болуға тиiс және оның нарықтық құны оны өндiрiп алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге тиiстi салық берешегi сомасынан аз болмауға тиiс. Салық төлеушiнiң мынадай мүлкi кепiл мәнi бола алмайды:
      энергияның электр, жылу және өзге де түрлерi;
      өзге мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн салынған заттар;
      тез бұзылатын шикiзат, тамақ өнiмдерi;
      мүліктiк құқықтар;
 

      2) кепiлге беретiн мүлiк кепiл берушiде болады. Кепiлге берiлген мүлiктi қайта кепiлге салуға жол берiлмейдi;
 

      3) заңнамалық кесiмдерде кепiл шартын мiндеттi мемлекеттiк тiркеу көзделген жағдайларда салық төлеушi кепiл шарты жасалғаннан кейiн тиiстi тiркеушi органда оның тiркелуiн қамтамасыз етедi және салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне жататын органға табыс етедi;
 

      4) кепiлге берiлетiн мүлiк өндiрiп алуға қойылған жағдайда, өткiзу соттан тыс мәжбүрлеу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
 

      8. Кепiлдiк берушi банк пен салық төлеушi арасында жасалған банк кепiлдiгi шартын, салық төлеушi, салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау құзыретiне жататын органға, егер тiркеу заңнамамен көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнде тiркелгеннен кейiн табыс етедi. Банк кепiлдiгi тұрақты болуы тиiс.
 

      9. Салық төлеушi салық берешегiн өтеу кестесiне сәйкес салық берешегiн өтейдi.
 

      10. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм жобасын жергiлiктi атқарушы органмен келiсу 3 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. Шешiм жобасын қарау қорытындысы бойынша келiсушi орган бiрiншi басшының не оны ауыстыратын адамның қол қоюымен жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн беруi тиiс:
 

      1) жоба келiсiлдi (жобаға бұрыштама қойылады);
 

      2) жобаны келiсуден бас тартылды (дәлелдi жауап қоса берiледi).
      ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .
 

      11. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм мынадай мән-жайлар болған ретте шығарылуы тиiс:
      1) кепiлге берiлетiн мүлiктiң нарықтық құны, өндiрiп алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге тиiстi салық берешегi сомасынан аз болуы;
 

      2) осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың болмауы;
 

      3) кепiл шарты немесе банк кепiлдiгi мазмұнының осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
 

      4) жергiлiктi атқарушы органның келiсiмi болмауы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .
 

      12. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

Об утверждении Правил изменения сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов под залог имущества налогоплательщика или под гарантию банка

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2001 года N 1672. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года N 1332.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1332 (вводится в действие с 01.01.2009).

      В соответствии со статьей 41 Кодекса Республики Казахстан K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан постановляет:
 

      1. Утвердить прилагаемые Правила изменения сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов под залог имущества налогоплательщика или под гарантию банка.
 

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 1997 года N 591 P970591_ "Об утверждении Положения о порядке продления срока уплаты налога и штрафных санкций" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 16, ст. 135).
 

      3. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2002 года.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                             Утверждены
                                    постановлением Правительства
                                        Республики Казахстан
                                  от 22 декабря 2001 года N 1672

                      Правила изменения сроков исполнения
                   налогового обязательства по уплате налогов
       под залог имущества налогоплательщика или под гарантию банка

                              1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года K010209_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок изменения сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов (кроме налогов, удерживаемых у источника выплаты и акцизов, налога на добавленную стоимость на импортируемые товары).
      2. Изменение сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов производится под залог имущества налогоплательщика или под гарантию банка.
      3. Органами, в компетенцию которых входит принятие решения об изменении сроков исполнения налогового обязательства, являются:
      1) по уплате налогов, поступающих в республиканский бюджет, а также распределяемых между республиканским и местными бюджетами - Налоговый комитет Министерства финансов Республики Казахстан;
      2) по уплате налогов, поступающих в полном объеме в местные бюджеты - налоговый орган по месту регистрационного учета налогоплательщика по согласованию с местным исполнительным органом. <*>
      Сноска. Пункт 3 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2004 года N 695 .

           2. Порядок изменения сроков исполнения налогового
           обязательства по уплате налогов под залог имущества
                налогоплательщика или под гарантию банка

      4. Сроки исполнения налогового обязательства по уплате налогов могут быть изменены на основании обоснованного заявления налогоплательщика на более поздний срок, но не более чем на 10 месяцев календарного года. Под обоснованным заявлением понимается письменное заявление налогоплательщика на изменение сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов, содержащее причину переноса срока уплаты налогов с приложением документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил.
      5. Решение об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов или об отказе в изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов принимается не позднее 30 дней со дня получения заявления налогоплательщика.
      6. К заявлению налогоплательщика прилагаются следующие документы:
      1) копия свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан;
      2) выписка из лицевого счета о состоянии расчетов с бюджетом по исполнению налогового обязательства по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет, выданная налоговым органом не ранее 15 дней до даты подачи заявления налогоплательщика об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов в бюджет, подтверждающий наличие задолженности по указанным в заявлении налогам;
      3) договор залога или гарантия банка и график погашения налоговой задолженности, который устанавливает сроки уплаты налогов и пени в бюджет и является неотъемлемой частью данных договоров;
      4) отчет об оценке рыночной стоимости залогового имущества на момент подачи заявления налогоплательщика об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов в бюджет.
      7. Договор залога заключается между налогоплательщиком и соответствующим налоговым органом по месту регистрационного учета налогоплательщика на следующих условиях:
      1) имущество, предоставляемое в залог, должно быть ликвидным и его рыночная стоимость должна быть не меньше суммы налоговой задолженности, подлежащей уплате в бюджет, включая расходы по его взысканию. Не может быть предметом залога следующее имущество налогоплательщика:
      электрическая, тепловая и иные виды энергии;
      вещи, заложенные для обеспечения иного обязательства;
      скоропортящееся сырье, продукты питания;
      имущественные права;
      2) имущество, предоставляемое в залог, находится у залогодателя. Перезалог имущества, предоставляемого в залог, не допускается;
      3) в случаях, когда законодательными актами предусмотрена обязательная государственная регистрация договора залога, налогоплательщик после заключения договора залога обеспечивает его регистрацию в соответствующем регистрирующем органе и представляет органу, к компетенции которого относится принятие решения об изменении срока исполнения налогового обязательства по уплате налогов;
      4) в случае обращения взыскания на имущество, предоставляемое в залог, реализация осуществляется в принудительном внесудебном порядке.
      8. Договор гарантии банка, заключенный между банком-гарантом и налогоплательщиком, представляется налогоплательщиком органу, к компетенции которого относится принятие решения об изменении срока исполнения налогового обязательства по уплате налогов, после регистрации в Национальном Банке Республики Казахстан, в случае, если регистрация предусмотрена законодательством. Гарантия банка должна быть безотзывной.
      9. Налогоплательщик погашает налоговую задолженность в соответствии с графиком погашения налоговой задолженности.
      10. Согласование проекта решения об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов с местным исполнительным органом производится в течение 3 рабочих дней. По итогам рассмотрения проекта решения согласующий орган должен представить за подписью первого руководителя либо лица, его замещающего, один из следующих вариантов ответа:
      1) проект согласован (виза на проекте);
      2) в согласовании проекта отказано (прилагается мотивированный отказ). <*>
      Сноска. Пункт 10 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2004 года N 695 .
      11. Решение об отказе в изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов должно быть вынесено при наличии следующих обстоятельств:
      1) рыночная стоимость имущества, предоставляемого в залог, меньше суммы налоговой задолженности, подлежащей уплате в бюджет, включая расходы по взысканию;
      2) отсутствие документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил;
      3) содержание договора залога или гарантии банка не соответствует настоящим Правилам и требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан;
      4) отсутствие согласия местного исполнительного органа. <*>
      Сноска. Пункт 11 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2004 года N 695 .
      12. Решение об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов под залог имущества налогоплательщика или под гарантию банка вступает в силу со дня его подписания.