Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасында атқару хаттамасының жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тиісті келіссөздер
жүргізсін және қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік
Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының
Бас штабы арасындағы атқару хаттамасын жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының
Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімге
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
Түрік Республикасының Бас штабы арасындағы
Атқару хаттамасы
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы,
әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында және 2001 жылғы 31 шілдеде Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы Келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес,
мыналар туралы келісті:
1-бап
Түрік Республикасының Бас штабы келісімнің 2-бабын іске асыру
мақсатында мынадай тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігіне АҚШ долларына баламада жалпы сомасы 783000000000 (жеті жүз
сексен үш миллиард) түрік лиріне материалдар береді:
_______________________________________________________________________
р/с ! Атауы ! Есепке ! Саны
N ! !алу бірлігі!
_______________________________________________________________________
1. LANDROVER Defender тенттелген (бір бірлік 4
кабиналы) джипі
2. LANDROVER Defender тенттелген (екі бірлік 4
кабиналы) джипі
3. LANDROVER Defender джипі медициналық бірлік 1
жәрдем машинасы
4. Әрқайсысы 2 қосалқы батареясымен дана 8
Асельсан PRC-9610 ауыспалы
радиостанциясы
5. Әрбір радиостанцияның 2 қосалқы дана 20
батареясымен 4014 қол радиостанциясы
_______________________________________________________________________
2-бап
1. Осы Атқарушы хаттаманың шеңберінде техникалар мен құрал-жабдықтарды Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына дейін жеткізуге және кедендік ресімдеуге байланысты барлық шығыстарды Түрік Тарапы өз мойнына алады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында осы Хаттаманың 1-бабында
көрсетілген техникалар мен құрал-жабдықтарды кедендік ресімдеу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап
2001 жылғы 31 шілдеде Анкара қаласында жасалған осы Атқарушы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі
арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып
табылады.
Осы Хаттаманы іске асыруды Түрік Республикасының Қазақстан
Республикасындағы елшілігі жанындағы Әскери атташесінің аппараты жүзеге
асыратын болады.
4-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқарушы хаттамаға жекелеген
өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5-бап
Осы Атқарушы хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік
рәсімдердің орындалғандығы туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын
алған күннен бастап күшіне енеді.
200 ___ жылғы "___" ___________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ,
түрік және орыс тілдерінде түпнұсқалық екі данада жасалды, әрі барлық
мәтіннің де бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының
Қорғаныс министрлігі үшін Бас штабы үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.