Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1683. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1110 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 P991247_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 384-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң Z970206_ 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң K990411_ 114 және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы K010155_ Кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Z970195_ Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады.
      Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады.";
      5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған ескерту жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшiндегi заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi.
      Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң Z970206_ 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі.";
      8-тармақтың төртiншi абзацындағы "ұйымдарының" деген сөз "мекемелерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "тиісті органның" деген сөздер "республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөнiндегi құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттiк қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады.";

 

     12-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат

түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы

адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген

шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және

жариялануға тиiс.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года N 1247

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года N 1683. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1110

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2015 № 1110 (вводится в действие с 01.01.2016).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года N 1247 "О Правилах оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатами, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, за счет средств республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 42, ст. 384) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатами, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, за счет средств республиканского бюджета, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Оплата юридической помощи, оказываемой адвокатами лицам, освобожденным от ее оплаты в соответствии со статьей 72  Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, статьями 114 и 304 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 590 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан  "Об адвокатской деятельности" (далее - Закон) (кроме случаев, предусмотренных статьей 6 Закона), и возмещение расходов, связанных с защитой и представительством в этих случаях, производится за счет средств республиканского бюджета.
      Основанием для отнесения расходов по оплате юридической помощи за счет средств республиканского бюджета является постановление органа, ведущего уголовный процесс, судьи, органа (должностного лица), уполномоченного рассматривать дела об административных правонарушениях, и определение суда по гражданским делам (далее - соответствующий орган), в производстве которых находится дело.
      Основанием для вынесения постановления или определения об оплате юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, является заявление адвоката.";
      пункт 4 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Постановление суда, органа (должностного лица), уполномоченного рассматривать дела об административных правонарушениях, об оплате юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещении расходов, связанных с защитой и представительством, выносится одновременно с вынесением постановления по делу об административном правонарушении";
      абзац первый пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "В постановлении или определении об оплате юридической помощи, оказываемой адвокатом, и о возмещении расходов, связанных с защитой и представительством, за счет средств республиканского бюджета, указываются наименование соответствующего органа (фамилия, инициалы дознавателя, следователя, судьи, должностного лица, уполномоченного рассматривать дело об административном правонарушении); номер дела; фамилия, инициалы адвоката, выполнявшего поручение; фамилия, инициалы лица, освобожденного от оплаты юридической помощи; количество расписанных по дням часов, фактически затраченных адвокатом на участие на предварительном следствии, в дознании и судебном заседании, подготовку к судебному разбирательству (изучение материалов дела, посещение обвиняемого в следственном изоляторе), изучение протокола судебного заседания в случае составления на него замечаний; полное наименование и банковские реквизиты соответствующей коллегии адвокатов, членом которой он является.";
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Минимальный размер оплаты юридической помощи за один час участия адвоката в производстве по делу определяется из расчета 1/21 минимального размера месячной заработной платы, устанавливаемой законодательством Республики Казахстан.
      При этом размер оплаты за один час не может быть ниже среднего часового заработка адвоката за последние два месяца, определенного в установленном порядке.";
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Каждый час участия адвоката в допросе подозреваемого или обвиняемого в ночное время в случае, не терпящем отлагательства, в течение которого истекают сроки, установленные статьей 68 Уголовно- процессуального кодекса Республики Казахстан, оплачивается не ниже чем в полуторном размере, установленном пунктом 6 настоящих Правил.
      Каждый час участия адвоката в допросе подозреваемого или обвиняемого в выходные и праздничные дни, в течение которых истекают сроки, установленные статьей 68 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, оплачивается не ниже чем в двойном размере, установленном пунктом 6 настоящих Правил.";
      в абзаце четвертом пункта 8 слово "организаций" заменить словом "учреждений";
      в пункте 9 слова "соответствующего органа" заменить словами "территориального органа администратора соответствующей программы республиканского бюджета (далее - территориальный орган)";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. При поступлении постановлений или определений соответствующего органа об оплате юридической помощи, оказываемой адвокатами, и возмещении расходов, связанных с защитой и представительством, бухгалтерия территориального органа после проведения необходимых расчетов и проверок документов по командировке составляет заявку о сумме средств, подлежащих выплате адвокатам за отчетный месяц, и направляет ее в вышестоящий орган в срок не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным.";
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      "11. Министерство финансов осуществляет ежемесячное выделение сумм казначейскими разрешениями по форме 1 в пределах утвержденной росписи расходов республиканского бюджета администраторам соответствующих программ, которые своим разрешением по форме 2 доводят лимиты на расходование бюджетных средств в территориальный орган.";
      абзац первый пункта 12 изложить в следующей редакции:
      "Территориальный орган в срок не позднее пяти банковских дней со дня поступления средств на вышеуказанные цели переводит суммы на расчетный счет территориальной коллегии адвокатов согласно договору, заключенному с коллегией адвокатов и зарегистрированному в территориальном органе казначейства".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)