Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" ішкі функциясында: 214 "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша: 1 "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасында: 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында "146 862" деген сан "148 233" деген санмен ауыстырылсын; 2 "Аумақтық органдардың аппараттары" кіші бағдарламасында "48 060" деген сан "46 689" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.